2016 жылы өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне баға 7,5%-ға өсті

 2016 жылы өндірушілердің ауыл шаруашылығы  өніміне баға 7,5%-ға өсті 11.01.2017

2016 жылғы ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 6,1%, мал шаруашылығы өнімі - 9,4%-ға қымбаттады. 

каз сельхоз1.png

Өткен жылы баға қарақұмыққа 26,5%, бидайға - 8,3%, қара бидайға - 6,2%, арпаға - 4,7%, тарыға - 2,6%, сұлыға - 2,1%, жүгеріге - 0,9%-ға өсті, ал күрішке 13,5%-ға төмендеді.

Асханалық сәбіз 2,5%,  асханалық қызылша - 2,4%, басты пияз - 0,9%-ға қымбаттады, ал қырыққабат 9,3%, картоп - 2,3%-ға арзандады. Баға мақтаға 27,4%, соя бұршаққа - 19,4%, қант қызылшасына - 18,7%, күнбағыс тұқымына  - 12,9%, темекіге - 12,6%-ға өсті.

Құс еті 12,7%, шошқа еті - 7,6%, ірі қара мал еті - 5,8%, жылқы еті - 1,9%, қой еті - 1,8%-ға қымбаттады. Баға жұмыртқаға - 19%, шикі сүтке - 10,4%,  елтіріге - 8,8%, балға - 2,7%-ға өсті.

каз сельхоз2.png

www.stat.gov.kz / Жаңалықтар-Комитеттің баспасөз хабарламалары



Құпиялылық туралы

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс,

Кеңсе телефоны: +7(7172) 743-798, 743-291, 743-512, 743-801, 743-033
e-mail: info@economy.gov.kz