Қазақстан мен Корея техникалық ынтымақтастығының келешегі Астанада талқыланды

Қазақстан мен Корея техникалық ынтымақтастығының келешегі Астанада талқыланды 20.04.2017

19-20 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Корея Республикасымен қайтарымсыз техникалық ынтымақтастық аясында  Knowledge Sharing Program (KSP) Білім алмасу жөніндегі бағдарлама бойынша семинар өткізді.

Іс-шара аясында Білім алмасу жөніндегі бағдарлама бойынша қорытынды есеп, жоғары буынның саяси диалог жүргізу аясындағы ынтымақтастығының басым бағыттары, сондай-ақ, 2016-2017 жылдар кезеңіндегі KSP бағдарламасы аясындағы жобалар қаралды. 

ҚР ҰЭМ Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев Ұлттық экономика министрлігі тарапынан жалғасудағы белсенді ынтымақтастыққа байланысты экономиканың түрлі салаларындағы ұзақмерзімді кезеңге арналған екіжақты техникалық ынтымақтастықты жандандыра түсу мақсатында әзірленген шекті меморандумға қол қойылғанын атап өтті. 

Қазақстанда KSP бағдарламасы 2010 жылдан бастап, Корея Республикасы Стратегия және қаржы министрлігі мен KDI институтының қайтарымсыз техникалық ынтымақтастығы аясында  жүзеге асырылуда.

ФОТО200417.JPG

Соңғы жылдарда Бағдарлама аясында ШОБ дамыту мен несиелерді кепілдендіру, индустриялық-инновациялық дамуды, институттық мемлекеттік-жеке әріптестікті қолдау салаларындағы зерттеу табысты жүзеге асырылды. Қазақстанның өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың Корея мысалындағы инвестициялық әлеуетіне қатысты салада бірлескен зерттеулер жүргізілді, жобаларды субсидиялау және кепілдендіру мәселелерінде тәжірибе алмасу іске асты, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қаржыландыру шаралары бойынша ұсыныстар жасалды. ШОБ қаржылық қолдау құралдары саласында, шағын және орта бизнестің несиелік  кепілдендіру және несиелік бағалау жүйесін дамытудағы корейлік тәжірибе зерделенді.    

Өз кезегінде, Калифорния университетінің зерттеушісі Ким ЁнДук Қазақстан Республикасымен техникалық ынтымақтастықты жандандыру үшін корейлік тараптан барлық қажетті күш салынатынын атап көрсетті.

Бағдарлама Орталық Азия, Африка және Латын Америкасының 26 елінде жүзеге асырылуда және саясаттың түрлі салаларында бәрлескен зерттеулер жүргізуге бағытталған.

Семинар жұмысына Ұлттық экономика, денсаулық сақтау, инвестициялар және даму министрліктері, құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитет, «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ, «Korea Development Institute» (KDI) сарапшылары мен профессорлары қатысты.

Анықтама:

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде қазақстандық тарап «Корея Республикасы Стратегия және қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арасында Білім Алмасу Бағдарламасы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстанда KSP бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Корея Республикасы Стратегия және қаржы министрлігі арасындағы консультанттар бағыттау, экономика және қаржының түрлі салаларында зерттеулер жүргізу және оқыту түріндегі қайтарымсыз техникалық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.

2017 жылы KSP бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ҚР ДСМ) саласында екі зерттеу жобасы жүзеге асырылуда.

 KSP бағдарламасының мақсаты мемлекеттік кәсіпорындардың мүмкіндігін басқару мен әзірлеу саясатының сапасын арттыру, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесудегі кері байланыс болып табылады.

ФОТО200417.JPG

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі


Құпиялылық туралы

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс,

Кеңсе телефоны: +7(7172) 743-798, 743-291, 743-512, 743-801, 743-033
e-mail: info@economy.gov.kz