Руслан Дәленов ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Руслан Дәленов ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды 21.04.2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 217 қаулысымен Дәленов Руслан Ерболатұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Целиноград қаласында 1975 жылғы 8 ақпанда дүниеге келді.

Білімі   жоғары, Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара  университетін 1999 жылы бітірді, біліктілігі – экономист. 

Еңбек жолын Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінде 1999 жылы бастады және жетекші маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы лауазымдарын атқарды. 

2002 жылғы наурыздан бастап қыркүйекті қоса алғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаменті талдау және болжамдау басқармасының бастығы лауазымын атқарды.  

2002 жылғы қыркүйектен бастап 2003 жылғы мамырды қоса алғанда Қазақстан  Республикасы  Қаржы     министрлігі  Кірістер, конвенциялар және  келісімшарттар департаменті  Ағымдағы   кірістер  басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 

2003 жылғы мамырдан бастап қыркүйекті қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы. 

2003 жылғы қыркүйектен бастап 2005 жылғы қаңтарды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістерді талдау департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 

2005 пен 2008 жылдары аралығында жеке секторда қызмет атқарған.

2008 жылғы 11 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 

Үйленген, үш баласы бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен – 2012 ж., мерейтойлық медальмен, «Қаржы қызметінің үздігі» ҚР Қаржы министрлігінің төсбелгісімен – 2012 ж.  марапатталды. 
«Нұр Отан» ХДП мүшесі болып табылады. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі 


Құпиялылық туралы

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс,

Кеңсе телефоны: +7(7172) 743-798, 743-291, 743-512, 743-801, 743-033
e-mail: info@economy.gov.kz