ІЖӨ оң динамикасы өндіру және өңдеу, құрылыс және қызметтер саласындағы өсіммен байланысты

ІЖӨ оң динамикасы өндіру және өңдеу, құрылыс және қызметтер саласындағы өсіммен байланысты 16.05.2017

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысы барысында жағымды статистиканы атай келіп, 2017 жылғы төрт айдағы экономикалық өсімнің қарқыны туралы баяндады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қаңтар-сәуірде ІЖӨ өсімінің қарқыны ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда көрініс тапқан 3%-дық өсімге қарсы 3,7%-ге дейін үдеді. ІЖӨ динамикасын қолдауға жәрдемдескен тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, сондай-ақ, экономиканың нақты саласындағы кеңейе түскен белсенділік негізгі факторларға айналды», - деді Сүлейменов.

Министр жылдық инфляцияның 7,5%-ға дейін бәсеңдеуіне халықтың нақты табысының 2,4%-ға және бөлшек сауда көлемінің 5,5%-ға артуы ықпал еткен уақытта негізгі капиталға салынған инвестициялар5,5%-ға өскенін хабарлады.

Сүлейменов ІЖӨ оң динамикасы өндіруші (7,8%-ға) және өңдеуші (6,8%-ға), құрылыс (6,1%-ға) және қызмет көрсету (1,9%-ға) салаларындағы оң өсіммен байланысты екендігін атап көрсетті.

«Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндіру көлемі өзгерістерге ұшыраған жоқ және 2,9%-дық оң белгіде сақталды», - деді министр.  

Құрылыс 6,1%-ға ұлғая отырып, оң динамиканы сақтауда. Павлодар облысында (өсім 59,5%-ға), Астанада (19,1%) және Жамбыл облысында (12,7%) құрылыс жұмыстары динамикалық қарқынмен жүргізілуде. Қызмет көрсету өндірісі есептік кезеңде 1,9%-ға өсті.  

Ол тұтас алғанда, төрт айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген басым саласында өсімнің үдеуі байқалатынын атап өтті. Әлемдік тауарлық және қаржылық нарықтардағы сақталып отырған құбылмалылық экономиканың алдағы кезеңдердегі салыстырмалы өсімініндегі бірқалыпты болжалдық үстем фактор болып табылатынын айтты. 

«Екінші жартыжылдықта өткен жылдағы төмен бастапқы мәнмен байланысты даму факторлары тәмамдалатын болады. Сондықтан мемлекеттік органдарға инерциялық әдістерден кету және жетекшілік ететін салалардағы нүктелік даму мәселелерін  шешу үшін жұмыстарды жандандыру қажет», - деді Сүлейменов.


Құпиялылық туралы

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс,

Кеңсе телефоны: +7(7172) 743-798, 743-291, 743-512, 743-801, 743-033
e-mail: info@economy.gov.kz