Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2017 жылғы қаңтар-мамырдағы жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2017 жылғы қаңтар-мамырдағы жағдайы туралы 19.06.2017

Бөлшек сауда көлемі 2017 жылғы қаңтар-мамырда 3135,8 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,2%-ға көп.

Ұқсас кезеңде сауда кәсіпорындарының тауарларды өткізу көлемі 1804,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 13,1%-ға көп. Бұл ретте, ірі сегмент кәсіпорындары бойынша (жұмыспен қамтылғандардың саны 100-ден жоғары) бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 109,9%-ды құрады.

Дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда саудамен айналысатындардың бөлшек сауда көлемі жалпы көлемнің 42,5%-ын алады, өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда олардың көлемі 1,8%-ға төмендеді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4%- ға ал азық-түлік тауарлары 5,5%-ға көбейді.

2017 жылғы 1 маусымға бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындары (есепті тапсырған кәсіпорындар бойынша) тауарлық қорларының көлемі 373,1 млрд. теңгені, сауда күндері 56 күнді құрады.

2017 жылғы қаңтар-мамырда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29,9%), Астана қаласына (12,3%), Шығыс Қазақстан (9,2%) және Қарағанды облыстарына (9,1%) келеді.

индекс каз.png


Құпиялылық туралы

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс,

Кеңсе телефоны: +7(7172) 743-798, 743-291, 743-512, 743-801, 743-033
e-mail: info@economy.gov.kz