Жаңа Кедендік кодекс қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді – Бәкенов

Жаңа Кедендік кодекс қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді – Бәкенов  19.06.2017

Астана, 19 маусым – ҚР ҰЭМ. Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бәкенов Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекс жобасының тұжырымдамасын және оған жалғас заң жобасын таныстырды.

Бәкенов ЕуразЭҚ жаңа Кедендік кодексінің қолданыстағымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын, соған байланысты Қазақстанның қолданыстағы кедендік заңнамасын жаңа ережелерге сәйкестендіру қажеттілігі туындағандығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Кедендік кодексінің жобасы ЕуразЭҚ Кедендік кодексіндегі кедендік реттеу саласындағы: электрондық кедендік декларациялау, және жазба декларациялардың тек белгілі бір жағдайларда ғана қолданылуы, кедендік декларацияны кедендік органға оның негізінде толтырылған құжаттарды ұсынбай-ақ, берудің мүмкіндігі, кедендік декларацияларды тіркеумен байланысты кедендік операциялар жасаудың мүмкіндігі және тауарларды автоматтандырылған, кедендік органдардың ақпараттық жүйелерімен шығару секілді жаңа ережелерді регламенттейді», - деді Бәкенов.

Оның айтуынша, сондай-ақ кедендік декларация толтырылған сәттен бастап төрт сағат ішінде тауар шығарудың жүзеге асырылуы, тауарлардың кедендік аумаққа келуі (кетуімен) байланысты кедендік операциялар жасау кезінде, кедендік декларациялау және тауарлар шығаруда «бір терезе» тетігін пайдалану реттелетін болады.  

«Көрсетілген қосымша жәйттерді іске асырудың сыртында ұлттық Кодекс жобасындағы ұлттық кедендік заңнамағаның құзыретіне берілген, сілтемелік нормаларды іске асыруға бағытталған тұжырымдамалық міндеттерді шешу, сондай-ақ ЕуразЭҚ кедендік заңнамасымен реттелмеген құқықтық қатынастарды белгілеу қажет», деді Бәкенов.  

Ол ұсынылып отырған өзгерістердің Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеудің Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасына сәйкес келетін нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталғандығын атап көрсетті. «Бұл кедендік заңнаманы өз кезегінде қарама-қайшы түсінуге алып келуі мүмкін кедендік заңнаманың тым көп актілерін қолдануды алып тастауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр. 

Ол айтылған шаралардың ең бастысы, қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға, болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға жағдай туғызуға ықпал ететіндігін және экономикалық, әлеуметтік және құқықтық кері салдарға алып келмейтіндігін атап көрсетті.

ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

743039

 


Құпиялылық туралы

010000, Қазақстан, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіс,

Кеңсе телефоны: +7(7172) 743-798, 743-291, 743-512, 743-801, 743-033
e-mail: info@economy.gov.kz