• Special version
  • Mobile version

Өңірлерді талдау және бағалау департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Өңірлерді талдау және бағалау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Өңірлердің дамуын талдау басқармасы (бұдан әрі – ӨДТБ);

2) Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау басқармасы (бұдан әрі – ЖАОҚТББ);

3) Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасы (ЖӨБДБ); 

4) Өңіраралық ынтымақтастық басқармасынан  (бұдан әрі – ӨЫБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. ӨДТБ:

5.1. Мақсаты: өңірлердің дамуын талдау, сондай-ақ ішкі әлеуеттерін анықтау арқылы мемлекеттік өңірлік саясатты қалыптастыруға қатысу.  

Функциялары:

1) барлық деңгейдегі аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізеді;

2) құзыреті шегінде өңірлердің проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) елдің өңірлік және экономикалық саясатын қалыптастыру және  іске асыру бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруге қатысады;

4) өңірлердің әлеуетін жандандыру, бар резервтерді тарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.

6. ЖАОҚТББ:

6.1. Мақсаты: жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін мониторингілеуді және бағалауды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені және жергілікті атқарушы органдар үшін оны әдіснамалық сүйемелдеуді әзірлейді және бекітеді;

2) жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;

3) Аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді әдіснамалық сүйемелдеуді және түзетуді, сондай-ақ оны келісуді жүзеге асырады;

4) жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) меморандумдар жобаларын келісу;

5) Аумақтарды дамыту бағдарламалары ережелерін өңірлік даму саласындағы өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен өзара байланыстыру бойынша жұмысты үйлестіреді;

6) жергілікті атқарушы органдарға арналған Базалық көрсеткіштер тізбесін әзірлейді және бекітеді.

7. ЖӨБДБ

7.1. Мақсаты: жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Функциялары:

1) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды;

2) Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

3) Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, мониторинг жүргізеді;

4) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындайды;

5) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау бойынша отандық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

6) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында бағдарламалық құжаттарды әзірлейді, түзетеді, келіседі;

7) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекітеді;

8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережесін әзірлейді және бекітеді;

9) жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін әзірлейді және бекітеді;

8. ӨЫБ:

8.1. Мақсаты: ел ішіндегі өңіраралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын  қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ел ішіндегі өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді тетіктерін құру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) ел ішіндегі өңіраралық кооперацияны дамыту және тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) ел ішіндегі өңіраралық өзара іс-қимыл процестерінің дамуын мониторингілеуді және талдауды жүзеге асырады;

4) Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеуді, түзетуді қамтамасыз етеді;

5) Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының ережелерін өңірлік даму саласындағы  стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен өзара байланыстыру бойынша жұмысты үйлестіруге қатысады.

Бұдан басқа, Департамент:

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және Департамент құзыреті шегінде өзге нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ келісуге қатысады;

құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге, талдауға қатысады;

жетекшілік ететін салаларда әлемдік тәжірибені зерделейді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады ;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, Министрліктің мұрағатына сақтауға тапсырғанға дейін олардың жай-күйі мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге қатысады;

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

басшылықтың өзге де тапсырмаларын және міндеттерін орындайды.

9. Құқықтары мен міндеттері:

өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты және материалдарды мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарды белгіленген тәртіппен шақыру және оларды өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа да бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде анық және толық ақпарат беру;

Департаменттің құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау;

Департаменттің  құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

олар орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасына жеке жауапкершілікте болу, қызметтік міндеттерді адал орындау;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызметтік этика қағидаларын қатаң сақтау.

3.  Департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын  директор басқарады.

12. Департамент директорының екі орынбасары болады.

13. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жүктелген жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

14. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Директор осы мақсатта:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

_____________________