• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Бюджет саясаты департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Бюджет саясаты департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы Ережені, Министрліктің басшылығының бұйрықтарын және тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрдің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Бюджеттік болжамдау және талдау басқармасынан (бұдан әрі –ББТБ);

2) Бюджет саясаты басқармасынан (бұдан әрі –БСБ);

3) Бюджетаралық қатынастар басқармасынан (бұдан әрі –БҚБ);

4) Бюджет жүйесін дамыту әдіснамасы басқармасынан (бұдан әрі –БЖДӘБ) тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, міндеттері мен құқықтары

 

5. ББТБ:

5. Мақсаты: Республикалық, мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының көрсеткіштерін талдау мен болжамдауды жүзеге асыру;

Функциялары:   

  1. республикалық, мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған негізгі параметрлерін (түсімдер, шығыстар, тапшылық, мұнай емес тапшылық) болжайды;
  2.  республикалық, мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының көрсеткіштеріне талдауды жүзеге асырады;
  3. бюджет параметрлерін болжамдаудың әлемдік тәжірибесін талдайды;
  4. бюджет, салық және кеден заңнамасындағы өзгерістердің республикалық, мемлекеттік, шоғырландырылған бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының параметрлеріне әсерін бағалайды;
  5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бюджет параметрлерін болжау және талдау бойынша талдамалық ақпаратын дайындайды;
  6. алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдер жобаларын қарауға қатысады;
  7.  Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысады;
  8. «Үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан «үш жылдық кезеңге арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының заң жобасын әзірлейді;
  9. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін және бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысады.

6. БСБ:

6. Мақсаты: бюджет саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

         Функциялары:

         1) елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен басымдықтарын негізге ала отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған бюджет саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді;

         2) Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

3) бюджет саясатының және бюджет шығыстарының басымдықтары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4) Елдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыруға қатысады;

5) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдер жобаларын қарауға қатысады;

6) республикалық бюджет туралы заң жобасына түсіндірме жазбаны қалыптастыруға қатысады;

7) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобалары) мен бюджеттік бағдарламалары жобаларын қарауға қатысу;

8) бюджет саясатын қалыптастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;

9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін әзірлейді;

10) Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру  мониторингін және оны іске асыру барысы туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асырады;

11) бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысады;

12) алыс және жақын шет мемлекеттердің бюджет саясатын жүргізу тәжірибесі, сондай-ақ осы саладағы халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша ақпаратты талдайды және жалпылайды;

13) орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған бюджет саясаты бойынша талдамалық және анықтамалық материалдар, баяндамаларды дайындауға қатысады.

7. БҚБ:

7. Мақсаты: бюджетаралық қатынастар саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

1) бюджетаралық қатынастар бойынша саясатты айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) бюджеттердің әртүрлі деңгейлері арасындағы кірістер мен шығыстардың бағыттарын бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;

3) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінің жобасын әзірлейді;

4) жергілікті бюджеттердің болжамды параметрлерін ескере отырып,  жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындайды;

5) «Орта мерзімді кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлейді;

6) жалпы сипаттағы трансферттердің болжамды параметрлерінің мониторингі үшін жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары бойынша ақпаратқа жинақтау және талдау жүргізеді;

7) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін – өзі басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және атқару мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

9) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

10) республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылауға қатысады;

11) аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын қарауға қатысады;

12) республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу және атқару мен бюджетаралық қатынастар әдіснамасының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

13) бюджет параметрлерінің болжамды көрсеткіштерінің орта мерзімге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген кірістер мен шығыстар бойынша болжамды көрсеткіштерге сәйкестігі тұрғысынан талдау мақсатында Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын (бірінші кезең) әзірлейді.

8. БЖДӘБ:

8.1. Мақсаты: бюджет жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) бюджет жүйесі әдіснамасын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

3) бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеуді және бекітуді (қайта бекіту) әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

4) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобалары) мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын келісуге қатысады;

5) бюджет жүйесінің әдіснамасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен әдістемелік басшылықты және консультациялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады.

8.2. Мақсаты: бюджет жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

1) бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2) бюджет жүйесінің әдіснамасына қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Бұдан басқа, Департамент:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің құрылымдық  бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қауіпсіздік кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге де мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар жобаларын, материалдар дайындауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге, түзетуге, мониторингілеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық  қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлейді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет болған жағдайда ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақтылы дайындалуын жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, олардың Министрлік мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды.

9. Құқықтары және міндеттері:

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінен қажетті қорытындылар мен Департаментке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өзге құжаттар, анықтамалар мен материалдар алу;

мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың келісімімен Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес материалдарды дайындау үшін мамандарды тарту;

өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің қолданыстағы заңнамасын, ережелерін, нұсқаулықтарын, нұсқаулары мен бұйрықтарын қолдану бойынша түсіндірулер беру;

Департаменттің міндеттерін орындауды, оның қызметін ұйымдастыру бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстармен шығу және осы ұсыныстарды қарау туралы ақпарат алу;

техникалық көмекті және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты қоса алғанда, қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақыру және жүргізу, жетекшілік ететін  министрліктердің қаржы бөлімшелерінің қызметкерлерін кеңестерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тарту;

өз мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, Министрлік бөлімшелерінің, өзге мүдделі ұйымдардың кеңестеріне қатысу;

Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Министрліктің құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

орындалатын тапсырмалардың мерзімі мен сапасына дербес жауапты болу, қызметтік міндеттерді адал орындау;

еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет этикасы ережелерін қатаң сақтау.

 

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

12. Департамент директорының екі орынбасары болады.

13. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

14. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Осы мақсаттарда Департамент директоры:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент  атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.