• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Ішкі аудит департаменті туралы Ереже

Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Ішкі аудит департаментінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – ІАД) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен құрылады.

2. Министрліктің ІАД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), қолданыстағы заңнаманың талаптарына және  Министрліктің ішкі құжаттарына  сәйкес жүзеге асырады. 

3. ІАД–ның құрылымы мен штат санын (сандық құрамы) Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. ІАД жұмыскерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ішкі аудит қызметі туралы ереженің негізінде әзірленетін және Министрліктің жауапты хатшысы бекітетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

2. ІАД мәртебесі

5. ІАД Министрліктің бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Министрге бағынады және есеп береді, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесін тұрақты мониторингілейтін бөлік болып табылады және мыналардан құралады:

1) Сәйкестік аудиті басқармасы (бұдан әрі – САБ);

2) Тиімділік аудиті басқармасы (бұдан әрі – ТАБ).

6. ІАД ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.

7. ІАД Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды. 

8. ІАД қызметкерлеріне ішкі аудит қызметі (бұдан әрі –ІАҚ) мәртебесіне Министрлік туралы ережеге және Ішкі аудит қызметі туралы ережеге сәйкес  қолданыла алмайтын құжаттарды қоспағанда Министрліктің ішкі құжаттарының ережелері таратылады.

9. ІАД қызметін бағалауды ішкі  мемлекеттік аудит жөніндегі  уәкілетті орган жүргізеді.

3. ІАД ның мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

10. ІАД–ның негізгі мақсаты Министрге Министірліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде жәрдемдесу, Министрге мемлекеттік органды тиімді басқаруды, бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну болып табылады. 

11. ІАД міндеттері:

1) Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру;

3) Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру.

12. САБ функциялары:

1) Министрлікте, оның ведостволарында, аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметтерінің барлық бағыттары бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;

2) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарттар талаптарының орындалуын, оның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді; 

3) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады;

4) нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса, оның ішінде бюджеттік инвестициялар шеңберінде Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне бюджет шығыстарымен өзара байланыста қол жеткізілуін талдайды;

5) Министрлікте, оның ведостволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;

6) республикалық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпаратын тыңдайды;

8) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау жөніндегі анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті енгізеді;

         9) Министр үшін жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;

10) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

11) Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті қалыптастырады;

12) тиісті объектілер Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, Министрдің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.

ТАБ функциялары:

1) Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

2) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады;

3) Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

4) нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса, оның ішінде бюджеттік инвестициялар шеңберінде Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне бюджет шығыстарымен өзара байланыста қол жеткізілуін талдайды;

5) Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;

6) республикалық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпаратын тыңдайды;

8) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті енгізеді;

9) Министр үшін жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;

10) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

11) Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті қалыптастырады

12) тиісті объектілер Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, Министрдің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.

13) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша құрылымдық бөлімшелер әзірлеген ұсыныстарды келіседі;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша құрылымдық бөлімшелер әзірлеген ұсыныстарды келіседі;

15) Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін  қызметтерді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетуге көшіру бойынша құрылымдық бөлімшелер әзірлеген ұсыныстарды келіседі;

16) қоғамдық мониторингілеу жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

17) Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады

13. ІАД құқықтары:

1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;

2) Қазақстан Республикасының бюджет  заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;

3) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;

4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижелері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, оның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге  қолжетімділікті, құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын өзге де ақпаратты сұрату және алу;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымды тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;

7) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында  ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыста консультациялық қызметтер көрсету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие. 

14. ІАД міндеттері:

1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына  қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;

2) ІАД-ны жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ІАД-ны оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды Министрге бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Министр бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;

4) мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда,  Министрліктің интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде  тиісті жылға  бекітілген мемлекеттік аудит  тізбесін  және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;

5) тексерулердің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістерді келіседі;

6)  жүйелі негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде ІАД берген ұсынымдардың және міндетті орындау үшін жолданған нұсқамалардың орындалу мониторингін жүзеге асырады;

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының  мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды  ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;

10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға  тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;

11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу,  оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;

13) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;

14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымды тұлғаларына)  мемлекеттік аудитті  және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмейді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты  мәселелер бойынша түсініктемелер береді;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және  заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;

16) Министрге мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;

17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған   ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана  мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;

18) Министр басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

19) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.

15. ІАД оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

16. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін ІАД жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

4. ІАД қызметін ұйымдастыру

17. ІАД басшылығын Министрмен келісу бойынша Министрліктің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын ІАД директоры жүзеге асырады.

17-1. ІАД директорының орынбасары болады.

18. ІАД директоры ІАД-ға жүктелген міндеттерді орындауды және функцияларды, оның ішінде сыбайлас – жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ІАД жұмыскерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің құрамына қатысады.

19. ІАД директоры Министрліктің жауапты хатшысының келісімімен Министрге ІАД-ның құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

19-1. ІАД директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде ІАД-ның қызметін үйлестіреді;

2) ІАД директоры болмаған кезеңде ІАД қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және ІАД-ға жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

3) ІАД директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. ІАД құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАД атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, ведомстволарға, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сұрауларға ІАД директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

21. ІАД жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының   мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

22. ІАД қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Министр бекітетін ІАД-ның жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларына және мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. ІАД есептілігі

23. ІАД ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген  мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты жібереді.

24. ІАД жыл сайын Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есептер береді.