• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Ішкі әкімшілендіру департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Ішкі әкімшілендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшыларының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департамент құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Бақылау және құжаттамалық  қамтамасыз ету басқармасынан (бұдан әрі – БҚҚБ);

2) Мемлекеттік сатып алу басқармасынан (бұдан әрі – МСБ);

3) Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасынан (бұдан әрі – MТҰҚБ);

 4) Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау басқармасынан (бұдан әрі – МТДРБ ) тұрады;

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. БҚҚБ:

5.1. Міндеті: Министрліктің құжат айналымын ұйымдастыру.

Фунциялары:

1) кіріс құжаттардың бастапқы өңделуін жүзеге асырады;

2) Министрлік басшылығының кіріс құжаттарын уақтылы қарауын ұйымдастырады;

3) қажет жағдайда кіріс құжаттарды орындаушы құрылымдық бөлімшелерге көшіруді, көбейтуді және жеткізуді ұйымдастырады;

4) құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді;

5) қағаз тасығышта, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастырады;

6) Министрлік басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша, оның ішінде «Видео-өтініш» режимінде қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

7) құрылымдық бөлімшелердегі құжаттармен жұмысты бақылауды ұйымдастырады;

8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жоғары тұрған органдар мен Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау мерзімін бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірге бақылаудағы құжаттарды орындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

10) шығыс құжаттарды жөнелтуге дайындайды - шығыс құжаттардың (электрондық және қағаз түрде)  дұрыс рәсімделуін бақылауды, конверттеуді жүзеге асырады;

11) Министрлік басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерді құжаттардың орындалу барысы  мен нәтижелері туралы жүйелі түрде ақпараттандырады;

12) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін хат бланкілерімен қамтамасыз етеді және пайдаланылмаған хат бланкілерінің  сақталуын ұйымдастырады, оларды есепке алуды жүргізеді, қажетті есептілік жасау, пайдаланылмаған және қатаң есептегі бүлінген бланктер мен мөртаңбаларды жою бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастырады;

13) Министрлікте баспа-бланкі өнімдерінің даналарын, мөрлер мен мөртаңбаларының бар - жоғын тексеру жөніндегі комиссияның  жұмысын ұйымдастырады;

14) Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы ақпаратты қажеттігіне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынады;

15) Министрлік басшыларының  жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты  Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесіне тоқсан сайын ұсынады;

16) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика  және арнайы есептер комитетіне ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОГ нысаны бойынша статистикалық есеп береді;

17) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика  және арнайы есептер комитетіне ай сайын бірегей нөмірімен берілген талондар бойынша есеп беру;

18) құжат айналымын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;

19) Министрлікте Құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын және  құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша өзге де нормативтік әдістемелік құжаттарды әзірлейді;

20) Министрліктің қызметінде қалыптасқан құжаттардың салалық тізбесін әзірлейді;

21) Министрліктің Жиынтық істер номенклатурасын жасайды;

22) бақылау құжаттарын орындаудың жалпы әдіснамасы мен әдістемесін жетілдіру;

23) құжаттау мәселелері жөнінде еңбек шарты бойынша  курьерлер (іс жүзгірушілер) болып жұмыс істейтін Министрліктің құрылымдық  бөлімшелерінің жұмыскерлерімен нұсқау жұмыстарын, кеңестер мен консультациялар өткізеді;

24) Қазпочта қызметін ұйымдастыру мен қабылдауды жүзеге асырады;

25) мерзімдік басылымдарға жазылу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру мен қабылдауды жүзеге асырады;

26) Басқарма және мұрағат жұмыскерлерінің біліктіліктігін арттыру бойынша жұмысты кезең-кезеңмен жүргізеді.

5.2. Міндеті: ведомстволық мұрағатты  жүргізу.

Функциялары:

1) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша көрсетілетін  қызметтерді ұйымдастыру  мен қабылдауды жүзеге асырады;

2) құрамы осы  Ереженің 2-бөлімінде көзделген құжаттарды жинайды;

3) ведомстволық мұрағатта уақытша сақталатын құжаттардың құндылығына, сақталуына, есепке алынуы мен пайдаланылуына сараптама жүргізу сапасын қамтамасыз етеді;

4) Ұлттық мұрағат қорының  құрамына жатқызылған құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына тұрақты сақтауға дайындайды және тапсырады;

5) Министрлікте іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

6) Министрліктің құжаттарын белгіленген  тәртіппен уақытша сақтауға қабылдайды;

7) Министрліктің орталық сараптамалық комиссиясының (ОСК) жұмысына қатысады;

8) құжаттарды ведомстволық мұрағатқа уақытша сақтауға тапсыру кезінде құрылымдық бөлімшелерге құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді;

9) ведомстволық мұрағатта уақытша сақталатын құжаттардың құндылығына сараптама жүргізеді, тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) сақталатын, жеке құрам бойынша істердің жиынтық тізімдемесіне және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерге жылдық бөлімдер жасайды және көрсетілген істер тізімдемесі мен актілерді белгіленген тәртіппен келісуге және бекітуге береді;

10) жеке мазмұндағы құжаттармен қажетті жұмыстар кешенін жүргізеді;

11) сақтауға қабылданған құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

12) аса құнды құжаттарды анықтайды, осы құжаттарды және олардың сақтандыру көшірмелерін есепке алуды ұйымдастырады;

13) жыл сайын Ұлттық мұрағат қорының уақытша сақтаудағы құжаттарының саны мен құрамы туралы паспорттық есептік деректерді құрастырады және үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына ұсынады;

14) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына тұрақты сақтауға бұрын тапсырылған құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратымен сабақтастығын ескере отырып, сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастырады және жүргізеді;

15) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына тұрақты сақтауға дайындайды және белгіленген тәртіппен  тапсыруды жүзеге асырады;

16) ғылыми және практикалық мақсаттарда ретроспективті құжаттық ақпаратты пайдалануды жүзеге асырады;

17) Министрлікте істерді қалыптастырудың, рәсімдеудің және жедел сақтаудың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады;

18) Министрліктің іс жүргізу қызметі жұмыскерлерінің біліктіліктерін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады.

6. МСБ

6.1. Міндеті: Министрліктің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қажеттілігін жоспарлау.

Функциялары:

1) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қажеттілігін жоспарлайды;

2) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстарды жоспарлауға қатысады;

3) кеңсе тауарлары, негізгі құралдар (жиһаз), өзге де тауар-материалдық құндылықтар, баспахана және полиграфия қызметтерінің шығыстары бойынша бюджеттік өтінімдер әзірлейді.

6.2. Міндеті: Министрліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Министрліктің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту  жұмыстарын жүргізеді;

2) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп Министрліктің атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды дайындайды және өткізеді;

3) Министрлікті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

4) баспахана (визитка) және полиграфия (маңдайшалар, мөрлер, мөртаңбалар) қызмет көрсетілетулерін  ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырады;

5) өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;

6)  Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұымдастырушымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

7. МТҰҚБ

7.1. Міндеті: Министрліктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) қажеттілікті қалыптастырады, бюджеттік өтінімді әзірлейді және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, Министрлікті материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы шығыстары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеуге қатысады;

2) мемлекеттік сатып алуға қатысады, Министрлікті материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар бойынша төлемдер жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;  

3) мекеме ішіндегі, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс бойынша көрсетілетін  қызметтерді ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырады;

4) кабельді телевизия қызмет көрсетулерін ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырады;

5) есептеу және ұйымдастыру техникасын сараптау бойынша  көрсетілетін  қызметтерді ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырады;

6) есептеу және ұйымдастыру техникасын кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырары;

7) компьютерлік және ұйымдастыру техникасын профилактикасын және оған техникалық қызмет көрсету  бойынша қызметтерді ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырады;

8) көлік қызметтерін қабылдау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;

9) шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен қабылдауды жүзеге асырады;

10) Министрліктің есептеу, ұйымдастыру техникаларының, шығыс материалдарының есебін жүргізуге, сақтауға, қабылдауға және жіберуге, түгендеуге, есептен шығаруға қатысу бойынша Министрліктің материалдық жауапты адамының функцияларын орындайды;

11)  Министрліктің көшіру-көбейту цехының жұмысын ұйымдастырады.

7.2. Міндеті: Министрліктің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) қажеттілікті қалыптастырады, бюджеттік өтінімді әзірлейді және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, Министрліктің ұйымдастыру жұмысы саласындағы шығыстары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеуге қатысады;

2) Мемлекеттік сатып алуға қатысады, Министрліктің ұйымдастыру жұмыстары саласындағы іс-шаралары бойынша төлемдер жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3) Министрліктін мәдени-қоғамдық іс-шараларын ұйымдастырады;

4) түрлі съездерге, форумдарға, Қазақстан халықтары Ассамблеясына және Министрлікке, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген басқа да іс-шараларға қатысушылар делегациясын қарсы алу жөніндегі  ұйымдастыру іс-шараларын (көлік, кездесу,  бірге жүру,  мәдени бағдарламамен қамтамасыз ету, Министрлік атынан ресми қабылдау  жүргізу) жүзеге асырады;

5) Министрлік  отырыстарын, алқаларын, кеңестерін техникалық сүйемелдеуді ұйымдастырады;

6) Министрліктер үйі ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз етеді.

 8. МТДРБ:

 8.1. Міндеті: Министрлікте мемлекеттік тілді қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Функциялары:

1) Министрлік мемлекеттік тілде әзірлейтін шығыс хат-хабарларды, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық  келісімдердің жобаларын, өзге де құжаттаманы редакциялауды жүзеге асырады;

2) Министрлік  қызметкерлерін мемлекеттік және шет тілдеріне оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

3) Министрліктің  тілдерді  дамыту мен қолдану бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны іске асыру жұмысын қамтамасыз етеді;

Бұдан басқа, Департамент:

мынадай:

001 «Экономика және сауда саясатын, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер» және 017 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламаларын үйлестіреді;

жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін әзірлеуге, түзетуге, мониторингілеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, олардың Министрліктің мұрағатына жібергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмалары мен тапсырыстарын орындайды.

9. Құқықтары мен міндеттері:

өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге шақыру және өткізу, оған қатысу үшін Министрліктің басқа да бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың  қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен тарту;

өз мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

өз құзыреті шегінде, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес анық және толық ақпарат ұсыну;

Департамент құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауапты болу, қызметтік міндеттерін адал орындау;

еңбек және орындаушылық тәртібін, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өзінің біліктілігін жоғарылатумен жүйелі айналысу;

қызметтік этика ережелерін қатаң сақтау.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын  директор басқарады.

12. Департамент директорының  екі орынбасары болады.

13. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

14. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Департамент директоры осы мақсатта:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.