• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Халықаралық ынтымақтастық департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы Ережені, Министрлік басшыларының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы Министрдің келісімі бойынша бекітеді.

4. Департамент:

1) Сыртқы байланыстар басқармасынан (бұдан әрі – СББ);

2) Интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастық басқармасынан (бұдан әрі – ИБЫБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары

мен міндеттері:

5. СББ:

5.1. Міндеті: шетел мемлекеттерімен халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар дайындауын жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастық бойынша Шарттар, Бағдарламалар және Іс–шаралар жоспарларының жобаларын әзірлейді;

3) шет елдермен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Басқарма құзыреті шегінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер жобаларын қарайды және олар бойынша қорытындыларды береді;

4) Министрлік жетекшілік ететін шетел мемлекеттерімен үкіметаралық комиссия отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді және материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

5) Министрлік жетекшілік етпейтін үкіметаралық комиссиялар шеңберінде шетел мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

6) Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылы  жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша ақпаратты (материалдарды) және қорытындыларды дайындауды, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді қарауды жүзеге асырады;

8) Министрлік басшылығының шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

9) Министрлік басшылығының қатысуымен халықаралық кездесулер және халықаралық іс-шаралардың кестесін дайындауды жүзеге асырады;

10) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық мәселелерді қарау кезінде сараптама және жұмыс топтарына қатысады;

11) Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асырады.

5.2. Міндеті: Шетел мемлекеттерімен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) сауда-экономикалық саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының қолданыстағы немесе екі жақты келісімдерін ұзартудың экономикалық орындылығын негіздеу жаңа екі жақты келісімдер жасасу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен Ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламаларын және Үкіметаралық комиссияларының хаттамаларын Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпараттар және есептер дайындауды жүзеге асырады.

5.3. Міндеті: жыл сайынғы Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру.

Функциялары:

1) 012 «Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасын әкімшілендіру;

2) тиісті жылға Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу бойынша тиісті нормативтік құқықтық актіні және Іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен бекіту және оларды іске асыру барысын бақылау.

6. ИБЫБ:

6.1. Міндеті: Қазақстан Республикасының Еуропалық кеңеспен (бұдан әрі – ЕК) сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі – ШЫҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (бұдан әрі – АӨСШК), Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрі – ИЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі – ЭЫҰ), Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (бұдан әрі – ТМЫК), Сауда және инвестиция жөніндегі Америка - Орталық Азия кеңесі (бұдан әрі – TIFA), Дүниежүзілік экономикалық форумы (бұдан әрі – ДЭФ) және басқа өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Функциялары:

1) Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ЕО, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ, ТМЫК, TIFA, ДЭФ  интеграциялық бірлестіктері мен халықаралық ұйымдарына Қазақстанның қатысуы шеңберінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастырады;

2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мына өңірлік интеграциялық бірлестіктерінің жұмыс органдарына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту бойынша қазақстандық ұстанымды әзірлейді: ТМД Экономикалық кеңесі (бұдан әрі – ТМД ЭК), ТМД ЭК жанындағы экономикалық мәселелер бойынша комиссия (бұдан әрі – ТМД ЭМК), ШЫҰ Сыртқы экономика және сыртқы сауда қызметтеріне жауапты министрліктер мен ведомстволардың аға лауазымды тұлғалар комиссиясы (ШЫҰ АЛТО), ШЫҰ мүше мемлекеттердің сыртқы экономика және сыртқы сауда мәселелеріне жауапты министрлер кеңесі (бұдан әрі – ШЫҰ Министрлер кеңесі), ТМЫҚ Экономика министрлерінің кездесуі (ТМЫҚ министрлер кездесулері), ҚР-ЕО арасындағы сауда, инвестициялар, энергетика және көлік жөніндегі кіші комитет (ҚР-ЕО Кіші комитеті), ИЫҰ Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша тұрақты комитет (бұдан әрі – ИЫҰ КОМСЕК), TIFA отырыстары, Сауда және даму бойынша БҰҰ конференциясы (бұдан әрі – ЮНКТАД), Еуропалық экономикалық комиссия (бұдан әрі – БҰҰ ЕЭК), Азия және Тынық мұхитіне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (бұдан әрі – ЭСКАТО) және Неғұрлым аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және дамушы шағын арал мемлекеттері бойынша Жоғары өкілдің кеңсесі (бұдан әрі – НРСНВМ Жоғары өкілдің кеңсесі).

3) ТМД ЭК, ТМД ЭМК, ШЫҰ АЛТО, ШЫҰ Министрлер кеңесі, ТМЫҚ министер кездесулері, ҚР – ЕО Кіші комитеті, ИЫҰ КОМСЕК, TIFA отырыстары, ЮНКТАД, БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО және НРСНВМ Жоғары өкілдің кеңсесінің шешімдерін іске асыру бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.

6.2. Міндеті: Интеграциялық бірлестіктермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтардың іске асырылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Функциялары:

1) ТМД ЭК, ШЫҰ АЛТО, ШЫҰ Министрлер кеңесі, ТМЫҚ Экономика министрлерінің кездесулері, ЭЫҰ сауда министрлері, ИЫҰ КОМСЕК,
ҚР-ЕО Кіші комитеті, TIFA отырыстары Қазақстанда өткен жағдайда ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2) Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп (ТМД, ШЫҰ, БҰҰ, ТМЫҚ, ЭЫҰ, ИЫҰ, ДЭФ, TIFA) интеграциялық бірлестіктерде Қазақстан Республикасының қатысуы шеңберінде көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастырады;

3) ТМД ЭК, ТМД ЭМК, ШЫҰ АЛТО, ШЫҰ Министрлер кеңесі, ДЭФ, ТМЫҚ министер кездесулері, ИЫҰ КОМСЕК, ЭЫҰ сауда министрлері, ҚР – ЕО Кіші комитеті, TIFA, ЮНКТАД, БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО және НРСНВМ Жоғары өкілдің кеңсесі отырыстары шешімдерінің және қол жеткізген келісімдердің орындалуын бақылайды.

Бұдан басқа Департамент:

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ететін салалар бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

Қауіпсіздік кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте және өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндама жобаларын, материалдар дайындауды жүзеге асырады;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге қатысады;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет болған жағдайда ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақтылы дайындалуын, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік және құқықтық актілердің әзірленуін және келісілуін қамтамасыз етеді;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

Министрліктің мұрағатына сақтауға жіберілгенге дейін құжаттардың есепке алынуын және сақталуын, жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет ресурсында жария етеді;

Басшылықтың өзге де тапсырмаларын және міндеттерін орындайды.

7. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың, олардың лауазымдық тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіпте оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің бөлімшелерінде және өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру (басшылықтың тапсырмасы бойынша);

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде, анық және толық ақпарат ұсыну;

Департаменттің құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз етеді;

олар орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасына жеке жауапты болу, қызметтік міндеттерді адал атқару;

еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі айналысу;

қызметтік этика қағидаларын қатаң сақтау.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес Департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті  өкілеттілігі бар.

9. Департаментті директор басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалады және босатылады.

10. Департамент директорының орынбасары бар.

11. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапты болады.

12. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Осы мақсаттарда Департамент директоры:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапты болады.

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.