• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Жобалық басқару департаменті туралы Ереже

1.Жалпы ережелер

1. Жобалық басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтарын және тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен министрдің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Әдіснама және Министрлік жобаларын сүйемелдеу басқармасы (бұдан әрі – ӘМЖСБ);

2) Жобалық басқару бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасынан (бұдан әрі – ЖБМОҮБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. ӘМЖСБ:

5.1. Мақсаты: жобаларды басқаруды ұйымдастыру, жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін үйлестіру және ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсету.

Функциялары:

1) жобаларды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау жөніндегі әдіснамалық және консультациялық жоба топтарына сүйемелдейді;

2) Министрліктің жобаларын келісу, мониторингілеу және бағалауды қамтамасыз етеді;

3) Министрлікте жобалық басқаруды енгізу шенберінде консультативтік-кеңес органдарының қызметін, оның ішінде жобалық басқару мәселелері жөніндегі әзірлеу топтарының отырыстарын қамтамасыз етеді;

4)  Министрліктің жобаларды іске асыру барысы туралы Министрліктің басшылығын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Орталық енгізу штабын ақпараттық-талдамалық және есептік ақпаратпен қамтамасыз етеді;

5)  жобалық басқару саласындағы әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірибені бұдан әрі елімізде енгізу мақсатында әлемдік тәжірибені зерделейді.

6.ЖБМОҮБ:

6.1.Мақсаты: жобалық басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

Функциялары:

1)  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың енгізу штабтарының қызметін үйлестіреді;

2)  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың енгізу штабтарының отырысын өткізеді;

3)  жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың енгізу штабтарының қызметін мониторингілеу мен бағалауды іске асырады;

4)   мемлекеттік органдардың енгізу штабтарымен бірлесіп, орталық енгізу штабы үшін мемлекеттік органдардың бастамаларын енгізудің егжей-тегжейлі жоспарын іске асыру бойынша есептерді дайындаудың белгіленген графигіне сәйкес қамтамасыз етеді;

5)   мемлекеттік органдардың жобаларын іске асыру барысы туралы Министрліктің басшылығы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Орталық енгізу штабын ақпараттық-талдамалық және есептік ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Департамент:

жетекшілік ететін салалар бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсетеді;

Президент Әкімшілігінде, Үкіметте және Парламентте, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмалары мен міндеттерін орындайды.

10. Құқықтары және міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлағаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауапты болу, қызметтік міндеттерді адал орындау;

еңбек және орындаушылық тәртібін, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет әдебі қағидаларын қатаң сақтау.

3.Департаменттің қызметін ұйымдастыру

11. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

12. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

13. Департамент директорының бір орынбасары болады.

14. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.

15.   Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

16. Осы мақсатта Департамент директоры:

1)  өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2)  басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттілігі шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2)  Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.