• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Адами ресурстармен жұмыс департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Адами ресурстармен жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі-Заң), Қазақстан Республикасының актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Ішкі стратегиялық жоспарлау басқармасынан (бұдан әрі – ІСЖБ);

2) Персоналмен  жұмыс басқармасынан (бұдан әрі – ПЖБ);

3) Тәртіптік істер және наградалар басқармасынан (бұдан әрі – ТІНБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. ІСЖБ:

5.1. Міндеті: Министрліктің Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары мен басымдықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

1) жоспарлы кезеңге арналған Министрліктің Стратегиялық жоспарын әзірлеуді, түзетуді қамтамасыз етеді;

2) Министрліктің Операциялық жоспарын және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі арасындағы тиісті жылға арналған меморандумды әзірлейді және түзетеді;

3) Министрліктің жоспарлы кезеңге арналған Стратегиялық жоспарын, операциялық жоспарын және меморандумының іске асырылуына талдауды, мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асырады;

4) есепті жылға Министрліктің Стратегиялық жоспарының, Операциялық жоспарының және Меморандумының іске асырылу барысы туралы есепті дайындауды ұйымдастырады;

5) Министрліктің жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарының, операциялық жоспары мен меморандумының іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық, таныстырылым материалдарын дайындайды;

6) бірінші басшының қолы қойылған есепті жылдың қорытындылары бойынша Министрліктің стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есепті ақпараттың (құпия сипаттағы және қызмет бабында қолдануға арналған ақпаратты қоспағанда) Министрліктің веб-порталында орналастыруын қамтамасыз етеді;

7) жыл сайын Экономика және қаржы департаментімен бірлесіп Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімдерде  бағалауға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындысы  бойынша «Мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу»  блогы бойынша қызметтің  тиімділігін бағалау  шеңберінде есептік ақпаратты  бағалауға уәкілетті органға ұсынады;

8) Министрліктің алқа отырыстарын өткізу және материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

9) Министрліктің регламентін әзірлеуді және түзетуді қамтамасыз етеді;

10) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалардың, материалдардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

5.2. Міндеті: қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыру, қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізуді қамтамасыз ету;

2) Қоғамдық кеңесті қалыптастыруды қамтамасыз ету;

3) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлеу;

4) Қоғамдық кеңестің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оның қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

5) Министрдің қоғамдық кеңеспен және халықпен жыл сайынғы есептік кездесуіне материалдар дайындау және өкізу  бойынша жұмыстарды үйлестіру.

6. ПЖБ:

6.1. Міндеті: Министрлік персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің персоналын басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады;

2) Министрліктің кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;

3) Министрліктің кадрлық құрамын қалыптастырады және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;

4) Министрліктің кадрларын және кадрлық іс жүргізуді мониторингілеуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.

5) «Персоналды басқару» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпарат ұсынады.

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді түзетуді қамтамасыз етеді;

6.2. Міндеті: Министрлік персоналын басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрлікте кәсіби бейімдеу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады;

2) белгіленген мерзімдерге сәйкес  Министрлік кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде тағылымдамалардан өтуін, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруын ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етеді;

3) конкурстық, аттестаттау және кадрлық мәселелер жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады, аттестаттау мен оқыту рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мемлекеттік қызмет саласында персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады;

6.3. Персоналмен жұмыс басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналмен жұмыс басқармасына оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

6.4. Персоналмен жұмыс басқармасы:

1) оған Заңмен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығымен бекітілген Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасасады.

7. ТІНБ:

7.1. Міндеті: Министрлікте корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

Функциялары:

1) еңбек режимін сақтауды, Министрлікте еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді; 

2) Министрлік қызметкерлерінің, ведомство басшылары мен олардың орынбасарларының, сондай-ақ аумақтық органдар басшылары мен олардың орынбасарларының еңбек және орындаушылық тәртібін бақылауды жүзеге асырады; 

3) тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуді, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді;

4) Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін мемлекеттік, ведомстволық наградалармен және Министрліктің құрмет грамоталарымен наградтау үшін ұсыныстардың, наградалық материалдар, Министрдің алғыс хаттарының жобаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

5) мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну үшін кандидатураларды қарау және жылжыту бойынша Министрліктің награда комиссиясының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасасады және тәртіптік комиссияның қызметі туралы тоқсан сайынғы есептік ақпаратты ұсынады;  

7) «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізеді;

8) Министрлік қызметкерлеріне, ведомстволар басшылары мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ аумақтық органдар басшылары мен олардың орынбасарларына қызметтік куәлікті есепке алу, тіркеу, ресімдеу, беру жұмысын қамтамасыз етеді; 

9) қызметтік куәліктерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарын, алғыс хаттарды, электрондық рұқсаттаманы дайындау бойынша техникалық ерекшеліктер мен шарттар жасасу жұмысын, сондай-ақ орындалған жұмыстар актілерін жасауды қамтамасыз етеді; 

10) Министрліктің қызметкерлеріне электрондық рұқсаттаманы есепке алу, тіркеу, ресімдеу, беру жұмысын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Департамент:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді;

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Үкіметінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;

қажет болған жағдайда, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

құжаттарды тіркеуді және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды.

8. Құқықтары мен міндеттері:

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволарынан заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақыру және жүргізу, оларға Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын қатысу үшін тарту;

оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі мемлекеттік ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды қамтамасыз ету және оны жетілдіру;

орындалатын тапсырмалардың мерзімі мен сапасына дербес жауап беру, қызметтік міндеттерді адал орындау;

еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет этикасы қағидаларын қатаң сақтау;

өз құзыреті шегінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес анық және толық ақпарат береді;

Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департамент Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

11. Департамент директорының орынбасары болады.

12. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Департамент директоры осы мақсаттарда:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды.