• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Экономика салаларын дамыту департаменті туралы Ереже

Жалпы ережелер

Экономика салаларын дамыту департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы Ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрдің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Агроөнеркәсіптік кешенді, ақпарат және коммуникацияны дамыту басқармасынан (бұдан әрі – АӨКАКДБ);

2) Көлік-логистикалық және тұрғын-үй инфрақұрылымын дамыту басқармасынан (бұдан әрі – КЛТИДБ);

3) Энергетиканы және экологияны дамыту басқармасынан (бұдан әрі – ЭЭДБ);

4) Индустриялық-инновациялық даму басқармасынан (бұдан әрі - ИИДБ);

5) Экономика салаларында тарифтер белгілеу басқармасынан (бұдан әрі - ЭСТБ) тұрады.

Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен

құқықтары

5. АӨКАКДБ

5.1. Міндеті: өз құзыреті шегінде егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсiбi, фитосанитариялық қауіпсіздік, ветеринариялық қауіпсіздік, су ресурстары, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы бөлігіндегі агроөнеркәсіптік кешендегі, ақпарат және коммуникациялар саласындағы мәселелерді үйлестіру.

Функциялары:

1) агроөнеркәсіптік кешенді, ақпарат және коммуникациялар саласын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) агроөнеркәсіптік кешен, ақпарат және коммуникациялар саласы бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын келісу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

3) агроөнеркәсіптік кешен, ақпарат және коммуникациялар саласы бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары) келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

4) жетекшілік ететін мәселелер бойынша экономикалық орындылығы бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптаманы жүзеге асырады;

5) Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

6) өз құзыреті шегінде Ведомствоаралық комиссия отырыстарына материалдарды қарайды, дайындайды және келіседі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, ақпарат және коммуникациялар саласындағы жұмыс топтарына қатысады.

6. КЛТИДБ:

6.1. Міндеті: көліктік логистика және тұрғын-үй инфрақұрылымы саласы аясында мәселелерді үйлестіру.

Функциялары:

1) теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын-үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласы аясында ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

2) көліктік логистика және тұрғын-үй инфрақұрылымы саласы мәселелері бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың мемлекеттік және салалық бағдарламаларын келісу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

3) көліктік логистика және тұрғын-үй инфрақұрылымы саласы мәселелері бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын келісуді жүзеге асырады (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары), сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

4) экономикалық орындылық бөлігінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптаманы жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде Ведомствоаралық комиссия отырыстарына материалдарды қарайды, дайындайды және келіседі, сондай-ақ Көліктік логистика және тұрғын үй инфрақұрылымы саласындағы жұмыс топтарына қатысады.

6) Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелерін қарастырады;

7) орындаушы мемлекеттік органдар және өзге де бірлесіп орындаушы ұйымдар ұсынатын ақпарат негізінде Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы есепті қалыптастырады;

8) «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын мониторингілеуді және бағалауды жүргізеді.

9) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы үкіметтік бағдарламасын мониторингілеуді және бағалауды жүргізеді асырады.

7. ЭЭДД:

7.1. Міндеті: мұнай-газ саласы, мұнай-химия, атом және көмір өнеркәсібі, электрэнергетика, жаңартылған энергия көздері, «жасыл» экономика, тұрмыстық-қатты қалдықтар, экология және ғарыш саласы аясында мәселелерді үйлестіру.

Функциялары:

1) мұнай-газ саласы, мұнай-химия, атом және көмір өнеркәсібі, электрэнергетика, жаңартылған энергия көздері, «жасыл» экономика, тұрмыстық-қатты қалдықтар, экология және ғарыш саласы аясында ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

2) мұнай-газ саласы, мұнай-химия, атом және көмір өнеркәсібі, электрэнергетика, жаңартылған энергия көздері, «жасыл» экономика, тұрмыстық-қатты қалдықтар, экология және ғарыш саласы мәселелері бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың мемлекеттік және салалық бағдарламаларын келісу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

3) мұнай-газ саласы, мұнай-химия, атом және көмір өнеркәсібі, электрэнергетика, жаңартылған энергия көздері, «жасыл» экономика, тұрмыстық-қатты қалдықтар, экология және ғарыш саласы мәселелері бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын келісуді жүзеге асырады (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары), сондай-ақ мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіреді;

4) экономикалық орындылық бөлігінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптаманы жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия отырыстарына материалдарды қарайды, дайындайды және келіседі, сондай-ақ мұнай-газ саласы, мұнай-химия, атом және көмір өнеркәсібі, электрэнергетика, жаңартылған энергия көздері, «жасыл» экономика, тұрмыстық-қатты қалдықтар, экология және ғарыш саласындағы жұмыс топтарына қатысады;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі, «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстан-ресей Үкіметаралық комиссия отырыстарына материалдарды қарайды, дайындайды және келіседі;

7) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешінін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының газ секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске-асыру мәселелерін қарастырады.

8. ИИДБ:

8.1. Міндеті: индустриялық-инновациялық даму саласындағы экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша мәселелерді үйлестіру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелерін қарайды.

2) индустриялық-инновациялық қызмет саласында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды келісу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың осы мақсаттардағы қызметін үйлестіру;

3) инновацияларды, арнайы экономикалық аймақтарды, жергілікті қамтуды, экономикалық орындылық бөлігінде инвестицияларды тарту саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптаманы жүзеге асырады;

4) перспективалы ұлттық және өңірлік кластерлерді дамыту тәсілдерін әзірлейді;

5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі шеңберінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігіне бағалау жүргізеді;

6) Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына бағалау жүргізеді;

7) экономиканың базалық салаларын дамыту жоспарларын қарайды және келіседі;

8) өңірлік индустрияландыру карта жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді жүргізеді;

9) Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің, Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңестің (Инвестициялық штаб), Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясының отырыстарына материалдарды әзірлеу, қарау, келісу.

9. ЭСТБ:

9.1. Міндеті: табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда тарифтік саясатты қалыптастыру бойынша мәселелерді үйлестіру.

Функциялары:

1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар, мөлшерлемелерді) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді келіседі;

2) табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар, мөлшерлемелерді) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келіседі;

3) табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келіседі;

4) тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібін келіседі;

5) сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындаудың тәртібін келіседі;

6) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды келіседі;

7) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін келіседі;

8) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткiзу тәртiбiн келіседі;

9) сатып алуды жүргізу тәртібін келіседі;

10) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаны анықтау тәртібін келіседі;

11) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейін келіседі;

12) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарды басқа да норматифтік құқықтық актілерді келіседі;

13) тарифтік саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс органдарының (жұмыс топтарының, кеңестік комитеттердің және кіші комитеттердің, Алқалардың және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің және басқалардың) жұмысына қатысады.

Бұдан басқа, Департамент:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ететін салалар бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

Қауіпсіздік Кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеуге, түзетуге, мониторингілеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

қажет болған жағдайда Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлейді;

қажет болған жағдайда Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Министрліктің операциялық және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

құжаттарды тіркеуді және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған
іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет - ресурсында жариялайды;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын және міндеттерін орындайды.

10. Құқығы мен міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан,  сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұғаларынан оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестерді шақыру және өткізу, оған қатысуға Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

Министрлік бөлімшелерінде, мемлекеттік органдарда, өзге де мүдделі ұйымдарда оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де  ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру (басшылықтың тапсырмасы бойынша);

Министрлік басшылығына Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департаменттің жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

қызметтік  міндеттерді адал орындау, олар орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасына дербес жауапты болу;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өзінің біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет этикасы қағидаларын қатаң сақтау;

 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес, өз құзыреті шеңберінде, анық және толық ақпарат беру;

Департаменттің құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау.

Департамент қызметін ұйымдастыру

11. Департамент Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

12. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

13. Департамент директорының орынбасарлары болады.

14. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

15. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің штат кестесі және құрылымы бойынша ұсыныстар береді.

16. Департамент директоры осы мақсаттарда:

1) өзінің орынбасарларының міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқармалар басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

__________________________________________________________