• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Кәсіпкерлікті дамыту департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекiтедi.

4. Департамент:

1) Мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру және өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасынан (бұдан әрі – МРЖЖӨБДБ);

2) Мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасынан (бұдан әрі – МБЖБ);

3) Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылау басқармасынан (бұдан әрі – ЖКСҚҚСББ);

4) Реттеушілік саясат басқармасынан (бұдан әрі – РСБ) тұрады.

2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменттің негізгі мақсаттары, функцияларықұқықтары мен міндеттері

5. МРЖЖӨБДБ:

5.1. Міндеті: мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу.

Функциялары:

  1. мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру;
  2. рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  3. лицензиялау саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
  4. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық топпен өзара әрекеттесу;
  5. мемлекеттік рұқсат беру жүйесі, ақпараттық құралдар мен өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптауды жүзеге асыру;
  6. мемлекеттік рұқсат беру жүйесін, ақпараттық құралдар мен өзін-өзі реттеуді нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру саласындағы мемлекеттік саясатты, үйлестіруі және жүргізу;
  7. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жағдайы туралы жылдық есепті әзірлеу;
  8. автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрық әзірлеу;
  9. хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы бұйрықты әзірлеу;
  10. өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша және ақпараттық құралдарды реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
  11. мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бизнестің операциялық шығындарын қысқарту бойынша  мониторинг жүргізу;
  12. ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы бұйрықты әзірлеу;
  13. қажет болған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
  14. лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын, лицензиялардың нысандарын және (немесе) лицензиялардың қосымшаларын алу үшін өтініштер нысанын бекіту туралы бұйрықты әзірлеу;
  15. өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
  16. рұқсат беру жүйесі, өзін-өзі реттеу және ақпараттық құралдар салаларындағы заңнаманы сақтау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін мониторингілеуді жүргізу;
  17. реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды дайындау және беру;
  18. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк хаттамаларын жасау.

6. МБЖБ:

6.1. Міндеті: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу.

Функциялары:

  1. уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін үйлестіруді жүзеге асыру;
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  3. жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау (қадағалау) өкілеттіктерін жүзеге асыру мәселелері шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптауды жүзеге асыру;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу;
  5. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік  бақылау мен қадағалауды жетілдіру және оңтайландыру саласында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
  6. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді, жүргізуді және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
  7. қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысаны мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесі мен бақылау тізімдерінің нысанын қалыптастыру ережесін әзірлеу;
  1. кәсіпкерлік мәселері бойынша сараптамалық топпен өзара әрекеттесу;
  2. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жағдайы туралы жылдық есепті әзірлеу;
  3. қажет болған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру не жүзеге асыруға қатысу;
  4. бақылау (қадағалау) өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелері бойынша заңнаманы мемлекеттiк органдардың сақтауы жөнінде мониторинг жүргiзу.
  5. реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды дайындау және беру;
  6. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк хаттамаларын жасау.

7. ЖКСҚҚСББ

7.1. Міндеті: кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды ұйымдастыру.

Функциялары:

  1. жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
  2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк хаттамаларын жасау;
  3. мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етуді ұйымдастыру;
  4. жеке кәсіпкерлік туралы заңнаманың талаптарын орындау бойынша ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады және оған талдау жүргізу;
  5. жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  6. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық топпен өзара іс-қимыл жасайды
  7. Тексерудің жартыжылдық кестесін және алдын-алу және қадағалаудың жартыжылдық тізімін жасау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
  8. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жағдайы туралы жылдық есепті әзірлеуі 
  9. бақылау функцияларын жүзеге асыру қорытындылары бойынша кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлейді;
  10. реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды дайындау және беру.

8. РСБ

8.1. Міндеті: жеке кәсіпкерлік саласында мемлекеттік реттеушілік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

  1. реттеушілік әсерге талдауды енгізу және жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттеушілік құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыру тұрғысынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын, заң жобаларының тұжырымдамаларын, заңдардың жобаларын, Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттері жобаларын қарау және келісу;
  3. реттеушілік әсерді, оның ішінде аймақтық маңызы бар актілер бойынша баламалы талдау жүргізу;
  4. реттеушілік әсерге талдауды одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  5. реттеушілік әсерге талдауды жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  6. кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс органының функцияларын орындау; 
  7. реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды дайындау және беру;
  8. мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды енгізу және жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру;
  9. реттеушілік құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
  10. мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерге талдауды жүзеге асыру мәселелері  бойынша әдістемелік көмек көрсету және олардың қызметін үйлестіру;
  11. реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерін талдау жөніндегі жұмысының жай-күйі туралы есептерді қарау;
  12. кәсіпкерлік қызметті нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру;
  13. кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру;
  14. қажет болған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында бақылауды жүзеге асыру не жүзеге асыруға қатысу;
  15. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есепті дайындау;
  16. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк хаттамаларын жасау.

9. Құқықтары мен міндеттері:

  1. мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрау және алу;
  2. оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестерді шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;
  3. оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;
  4. өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру (басшылықтың тапсырмасы бойынша);
  5. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;
  6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
  7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
  8. Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
  9. олар орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасына жеке жауапты болу, қызметтік міндеттерді адал атқару;
  10. еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;
  11. жүйелі түрде өз біліктілігін арттырумен айналысу;
  12. қызметтік этика қағидаларын қатаң сақтау.

3. Кәсіпкерлікті дамыту департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

12. Департамент директорының екі орынбасары бар.

13. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

14. Департамент директоры Министрліктің басшысына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдары және Президент актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері  шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.