• Special version
  • Mobile version

You are here

Regulation

Өңірлік даму департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Өңірлік даму департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте министрдің келісуімен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Өңірлік саясат басқармасынан (бұдан әрі –ӨСБ);

2) Агломерациялар мен екінші деңгейлі қалаларды дамыту басқармасынан (бұдан әрі –АЕДҚДБ);

3) Шағын және моноқалаларды дамыту басқармасынан
(бұдан әрі – ШМҚДБ);

4) Ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту басқармасынан (бұдан әрі- АШАДБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. ӨСБ:

5.1.Мақсаты: өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Функциялары:

1) өңірлік саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді және оның жұмысына қатысады;

2) өңірлік саясат салаларындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді, түзетеді, келіседі;

3) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне қажеттілікті айқындау әдістемесін әзірлейді және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік  қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;

4) басқарма құзыреті шеңберінде аумақтық-кеңістік дамуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға арналған нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады;

5) дамуға нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар және республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша, өңірлік даму саласында уәкілетті орган айқындаған өңірлік саясаттың басымдықтары өлшемшарттарына олардың сәйкестігі бөлігінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысады;

6) елді әкімшілік аудандастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

7) демографиялық және көші-қон процестерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

8) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мониторингін үйлестіреді және жүзеге асырады.

6. АЕДҚДБ:

6.1.Мақсаты: агломерациялар мен екінші деңгейлі қалаларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау.

Функциялары:

1)  Орталығы Астана және Алматы қалаларындағы агломерацияларды дамыту жоспарларын әзірлейді, оларды іске асыру мониторингін үйлестіреді және жүзеге асырады;

2)  жоспарлар кеңістігін 2030 жылға дейін кеңейтуді ескерумен, Ақтөбе және Шымкент агломерацияларын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

3)  екінші деңгейдегі қалалардың (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары) проблемаларын шешу және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4)  екінші деңгейдегі қалалардың (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары) әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және мониторинг жүргізеді;

5)  агломерациялардың аумақтық дамуының өңіраралық схемасын әзірлеуге қатысады.

7. ШМҚДБ:

7.1. Мақсаты: Шағын және моноқалаларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау.

Функциялары:

1) елді мекендердің, жеке проблемалық аумақтардың (Жаңаөзен, Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы) кешенді даму жоспарларын әзірлейді, түзетеді, келіседі;

2) шағын және моноқалар қатарынан жағдайы нашар аумақтардың және елді мекендердің проблемаларын шешу жөніндегі шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар дайындайды;

3) моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындайды;

4) шағын және моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ, жеке проблемалы аумақтарды (Жаңаөзен, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы) дамытуға бағытталған Кешенді жоспарларға талдау және мониторингілеуді жүргізеді;

5) шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін өңірлік саясатқа сәйкестігіне қарайды;

6) жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен ақпараттарын заңды тұлғаларды қала құраушы тұлғаларға жатқызу өлшем шарттарына сәйкестігіне қарайды;

7) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын шағын және моноқалалардың дамуы бөлігінде іске асыруға мониторингті жүзеге асырады.

8. АШАДБ:

8.1. Мақсаты: ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту бойынша ұсыныстар дайындау.

Функциялары:

1) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және мониторинг жүргізеді;

2) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа және төмен ауылдық елді мекендердің тізбесін келіседі;

3) тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін келіседі;

4) тірек ауылдық елді мекендердің кешенді даму жоспарларына мониторинг жүргізеді;

5) Шекара маңы аудандарын дамытудың шаралар кешенін және шекара маңы аумақтарын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыруға мониторинг жүргізеді;

6) Астана қаласына іргелес елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыруға мониторинг жүргізеді;

7) аудан орталықтары, тірек ауылдық елді мекендер, ауылдық округ орталықтары, ауыл және кенттер, басқа даауылдық елді мекендер топтарының бөлісінде  ауылдық елді мекендердің сыныптамасын жүргізеді;

8) ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешені мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін анықтайды.

Бұдан басқа, Департамент:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді;

Қауіпсіздік кеңесінде, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде және Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін Департамент құзыретіне енетін мәселелер бойынша баяндамалардың, материалдардың жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуге, түзетуге, мониторингілеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

қажет болған жағдайда, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыруға қатысады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық  қаржылық және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен өзара ықпалдасу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

қажет болған жағдайда, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Департамент құзыреті шеңберінде өңірлердің мүддесіне қатысты бағдарламалық құжаттарды келіседі;

агломерацияларды, екінші деңгейдегі қалаларды, шағын қалаларды, моноқалаларды, ауылдық және шекара маңы аумақтарындамыту бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарауға қатысады;

Департамент құзыреті шегінде заңдардың жобаларын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және ведомстволық есептілік нысандарын әзірлейді;

Департамент құзыреті шегінде нормативтік құжаттарды консультациялық-әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

Департамент құзыреті шеңберінде аумақтық-кеңістікте дамуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға арналған нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады;

агломерацияларды, екінші деңгейдегі қалаларды, шағын қалаларды, моноқалаларды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту салаларындағы шетелдік тәжірибені зерттейді және жұмыста қолданады;

елдегі өңірлік саясатты іске асыру бойынша, сондай-ақ, агломерацияларды, екінші деңгейдегі қалаларды, шағын қалаларды, моноқалаларды, ауылдық және шекара аумақтарын дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге қатысады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, олардың Министрлік мұрағатына сақтауға берілгенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департаментінің құзыреті шегінде Министрлік қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

басшылықтың өзге де тапсырмалары мен міндеттерін орындайды.

8. Құқықтары мен міндеттері:

Министрліктің басқа бөлімшелерінен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті қорытындылар мен Департаментке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өзге де құжаттарды, анықтамалар мен материалдарды алу;

мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың келісімімен Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес материалдарды дайындау үшін мамандарды тарту;

құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы, Министрліктің ережелерін, нұсқаулықтарын, нұсқаулары мен бұйрықтарын қолдану бойынша түсініктемелер беру;

Департаменттің міндеттерін оның қызметін ұйымдастыруды орындау, бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстармен шығу және осы ұсыныстардың қаралуы туралы ақпаратты алу;

техникалық көмекті және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты қоса алғанда, қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақыру және жүргізу, өзі жетекшілік ететін министрліктердің қаржы бөлімшелері қызметкерлерін кеңестерге қатысу үшін белгіленген тәртіпте тарту;

өз мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, Министрлік бөлімшелерінің, өзге де мүдделі ұйымдардың кеңестеріне қатысу;

Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;

Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті қосымша ақпарат үшін тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгіну;

Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру  үшін Министрліктің құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметті тұтынушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпараттар ұсынуды дайындауға қатысу;

Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілген қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен жүгінулерін қарау;

өзі орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасы үшін дербес жауапкершілікте болу, қызметтік міндеттерін адал орындау;

еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет этикасы ережелерін қатаң сақтау.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады. 

11. Департамент директорының екі орынбасары болады.

12.Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік көтереді.

13. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры жұмыста болмаған кезде, Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департамент құзыретіне енетін мәселелер бойынша Департамент  атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол жұмыста болмаған жағдайда, оны ауыстыратын адам қол қояды.