• Special version
  • Mobile version

Сауда қызметін дамыту департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Сауда қызметін дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшыларының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы Министрдің келісімі бойынша бекітеді.
  4. Департамент:

1) Талдау және сауданы даму басқармасынан (бұдан әрі – ТСДБ);

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасынан (бұдан әрі – МҚКБ);

3) Көрме қызметі басқармасынан (бұдан әрі –  КҚБ) тұрады.   

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

  1. ТСДБ:

5.1. Мақсаты: ішкі сауданы дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын мониторингілеуді жүзеге асыру, сондай-ақ kazimc.kz порталында электронды ақпараттық-маркетингтік орталықты дамыту және құру.

Функциялары:

  1. орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметі саласындағы қызметін үйлестіреді;
  2. Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытуға және енгізуге жәрдемдеседі;
  3. товар биржалары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  4. сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарды енгізеді;
  5. сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  6. халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлейді;
  7. коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тауар биржаларының қызметi және биржалық сауда мәселелерi жөнiндегi ақпаратты жариялайды;
  8. тауар биржалары қызметінің мониторингісін талдайды;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметінің монирингісін жүргізеді;
  10. тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізеді;
  11. сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді; 
  12. тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттейді;
  13. «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  14. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
  15. тауар биржаларының даму саласында бағдарламалық құжаттарды іске асырады;
  16. тауар биржасындағы халықаралық биржалық сауда-саттықты дамыту үшін жағдай жасау бойынша  ұсыныстар әзірлейді;
  17. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
  18. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;
  19. тауар биржасына Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқамалар шығарады;
  20. қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi қарау үшiн құқық қорғау органдарына материалдар береді;
  21. қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға материалдар береді;
  22. тауар биржасының жұмысына, оның ішінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға өз өкілін ресми түрде жібереді;
  23. сауда саласында нормативтiк құқықтық актілерді әзірлейді және оларды мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсуді қамтамасыз етеді;
  24. жеке және заңды тұлғалардың сауда саясатын жетілдіру мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын қарайды;
  25. ішкі сауда қағидаларын әзірлейді;
  26. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының және олардың шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлейді;
  27. биржалық сауданың үлгілік қағидаларын әзірлейді;
  28. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін әзірлейді;
  29. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін әзірлейді;
  30. тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  31. тауарлардың қозғалысы жөніндегі электронды ақпараттық-маркетингтік орталықты дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
  32. Қазақстан Республикасының шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін үйлестіреді.

6. МҚКБ:

6.1. Мақсаты: халықаралық бөлек көрмелерді ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

  1. Елбасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен жекелеген республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді қамтамасыз етеді және оларға қатысуға бастамашылық жасайды, ұйымдастырады;
  2. жекелеген халықаралық ірі көрмелерге Қазақстан Республикасының қатысуын қамтамасыз етеді;
  3. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтiк құқықтық құжаттарды әзірлейді;
  4. Сауда қызметінің Стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  5. Қазақстан Республикасының аумағында көрмелік-жәрмеңкелік және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде туындайтын қарым-қатынастарды реттеу тәсілдерін жетілдіру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарайды және сараптама жасайды;
  6. халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағына кіру мен тіркелу тәртібін әзірлейді;
  7. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің басшылығына талдамалық мәліметтерді және баяндамаларды дайындайды;
  8. өз өкілеттігі шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

7. КҚБ:

7.1. Мақсаты: мемлекеттік қызметтер көрсету.

Функциялары:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын, сондай-ақ арнаулы қорғау шараларын қолдану кезінде жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау бойынша жұмысын жүргізеді;
  2. құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға рұқсаттар береді;
  3. тауар биржалары мен тауарлар импорты саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
  4. тауар биржалары мен тауарлар импорты саласындағы лицензиялар тізілімін жүргізеді;
  5. тауар биржалары мен тауарлар импорты саласындағы  лицензиялық бақылауды жүргізеді;
  6. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын және регламенттерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  7. тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
  8. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын және регламенттерін әзірлейді;
  9. Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  11. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  12. жеке және заңды тұлғалардың Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын қарайды;
  13. Қазақстан Республикасының аумағында сандық шектеулерді қолданбай талқылау объектісі болып табылатын тауарлар импортын лицензиялау жұмысын жүргізеді.

Бұдан басқа, Департамент:

материалдарды дайындап, сауда саясаты мәселелері және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу бойынша Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді;

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қауіпсіздік Кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, басқа да мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды іске асырады;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуге, түзетуге, мониторингтеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

сыртқы сауда саласында мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын және стратегиялық құжаттардың іске асырылуын үйлестіреді;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажет болған жағдайда ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпараттары жөніндегі материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, өзгертуге, мониторингілеуге және іске асыруға қатысады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, олардың Министрліктің мұрағатына жібергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департаменттің құзыреті шегінде БАҚ және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялайды;

басшылықтың басқа да жұмыс тапсырмалары мен тапсырыстарын орындайды.

8. Құқықтары мен міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстар шақыруға және өткізуге, оған қатысу үшін Министрліктің басқа да бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың  қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіпте тартады;

оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысады;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделеріне өкілдік етеді;

өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарын сақтауға;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз етуге;

өздері орындайтын тапсырмалардың  мерзімі мен сапасы үшін жеке жауап беруге, қызметтік міндеттерін адал орындауға;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға;

өзінің біліктілігін жоғарылатумен жүйелі түрде айналысуға;

қызмет этикасы ережелерін қатаң сақтауға міндетті.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

11. Департамент директорының екі орынбасары болады.

12. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры Министрлік басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Департамент директоры осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.