• Special version
  • Mobile version

Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде  Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрдің келісуімен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасы (бұдан әрі - БҒМСДБ);

2) Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауды дамыту басқармасы (бұдан әрі – ДСЖҚХӘҚДБ);

3) Құқық қорғау жүйесін, қорғаныс және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасынан (бұдан әрі – ҚҚЖҚМОДБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. БҒМСДБ:

5.1. Мақсаты: білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім салаларындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

1) Білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім салаларында стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім салаларында доктриналарды, тұжырымдамаларды келісуді, іске асырылуын мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асырады;

3) білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім салаларында орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының (стратегиялық жоспарларға толықтырулар мен өзгертулердің жобаларын) жобаларын келісуді жүзеге асырады;

4) білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің  жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын  әзірлеуге мен мониторингілеуге қатысады;

5) білім беру, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім салаларындағы заң жобаларын әзірлеу бойынша   жұмыс топтарының жұмысына қатысады;

6) білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, жастар және тіл саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісуді қамтамасыз етеді;

7)  басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

6. ДСЖҚӘҚДБ:

6.1. Мақсаты: денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту,  демография,  гендерлік теңдік салаларында стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, дамудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

1) денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту,  демографиялық,  гендерлік теңдік салаларындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, демографиялық, гендерлік теңдік салаларындағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, стратегияларды келісуді, іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды жүзеге асырады;

3) денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға толықтырулар мен өзгертулердің жобаларын) келісуді жүзеге асырады;

4) денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту,  демография,  гендерлік теңдік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің  жыл сайынғы Жолдауларының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жобаларын әзірлеуге және мониторингілеуге қатысады;

5) денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту,  демография,  гендерлік теңдік салаларындағы заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысады;

6) денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту,  демография,  гендерлік теңдік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісуді қамтамасыз етеді;

7)  басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

7. ҚҚЖҚМОДБ:

7.1. Мақсаты: қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот жүйелері салаларындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

1) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот жүйелері салаларында стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот жүйелері салаларындағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды келісуді, іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды жүзеге асырады;

3) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау жүйесі, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы салаларында бойынша орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға толықтырулар мен өзгертулердің жобаларын) келісуді жүзеге асырады;

4) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің  жыл сайынғы Жолдауларының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жобаларын әзірлеуге және мониторингілеуге қатысады;

5) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот жүйеісіндегі заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысады;

6) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот мәселелері мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісуді қамтамасыз етеді;

7)  басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Департамент:

республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысады;

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруге қатысады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуге, түзетуге, мониторингілеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стартегиясын әзірлеуге, түзетуге, мониторингілеуге және іске асырылуын бағалауға қатысады;

үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлер болжамын қалыптастыруға қатысады;

байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастыруға қатысады;

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ететін салалар бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

Қауіпсіздік Кеңесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде және Парламентінде, өзге де мемекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда Министрлік басшылығының сөз сөйлеуі үшін Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, материалдар жобаларын дайындайды;

қажет болған жағдайда Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды және басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуді іске асыруға қатысады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, олардың Министрліктің мұрағатына жібергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмалары мен міндеттерін орындайды.

8. Құқығы мен міндеттері:

өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан сұрату және алу;

оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарға шақыруға және өткізуге, оған қатысу үшін Министрліктің басқа да бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың  қызметкерлерін белгіленген тәртіпте тарту;

оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауапты болуға, қызметтік міндеттерін адал орындауға;

еңбек және орындаушылық тәртібін, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өзінің біліктілігін арттырумен жүйелі айналысу;

қызметтік этика ережелерін қатаң сақтау.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

9. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын  Директор басқарады.

11. Департамент директорының екі орынбасары болады.

12. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Департамент директоры осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.