• Special version
  • Mobile version

You are here

«Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия» жобасын іске асыру шеңберінде ЭЫДҰ сарапшылары «Бюджеттің ашықтығы» тақырыбына семинар өткізді

2018 жылғы 13 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия» жобасын іске асыру шеңберінде ЭЫДҰ сарапшылары «Бюджеттің ашықтығы» тақырыбына семинар өткізді. Семинарда Норвегия, Жаңа Зеландия, Швецияның бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелері көрсетілді.

Жоба бойынша жұмыс істейтін тұрақты сарапшылар – Айвор Бизли (аға саяси талдамашы), Шери Никольдан (саяси талдамашы) басқа семинарға Польшаның (Стасзевски Бартосз) және Норвегияның (Кормесет Арилд) сарапшылары қатысты. Сарапшылар бюджеттің ашықтығына бағытталған реформаларды жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне шолу жөніндегі алдын ала есептің жобасында баяндалған бюджет процесін басқару рәсімдерін жетілдіру бойынша ЭЫДҰ-ның алдын ала ұсыныстарын бірлесе талқылау өткізілді.

Семинар мен талқылауға қатысушылар Ұлттық экономика, Қаржы, Ақпарат және коммуникация, Әділет министрліктері құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері қатысты.