• Special version
  • Mobile version

You are here

Т.М.Сүлейменовтің ҚР Үкіметінің отырысына «Тарифтерді (электр, көмір, жылу, су, газбен жабдықтау, кәріз, телефон байланысы, интернет, лифттерге қызмет көрсету, қоқыс шығару және т.б.) төмендету жөніндегі шаралар туралы» баяндамасы, 26.11.18

Монополисттердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, электр, көмір, жылу, су, газбен жабдықтау, кәріз, телефон байланысы, интернет, лифттерге қызмет көрсету, қоқыс шығару саласындағы қызметтеріне тарифтерді төмендетуі мақсатында Министрлік мынадай шараларды қабылдады.

Қысқа мерзімді шараларға қатысты.

1.Бүгінгі күні жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және электр энергиясымен жабдықтау  саласындағы 32 монополист бойынша тарифтерді 20,3 млрд. сомаға, оның ішінде соңғы екі аптада 6 субъекті бойынша 1,9 млрд. төмендету туралы шешімдер қабылданды.

2. Монополисттердің негізсіз алған кірістерін анықтау және оларды тұтынушыларға қайтару мақсатында монополисттерге 33 жоспардан тыс тексерулер ашылды. 24 жоспардан тыс тексеру ашылу алдында.

3. Энергетика министрлігімен бірге электр энергиясына және газға арналған көтерме бағаларды төмендету жұмысы жүргізілуде. Көтерме бағалар төмендетілген кезде Министрлік соңғы тұтынушылар үшін бөлшек бағаларды төмендету бойынша жұмысты жүргізетін болады.

4. 2018 жылғы 19 қарашада Министрлікте облыстардың және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктерімен жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және жабдықтау, қоқысты шығару, пәтер иелерінің кооперативі, лифт қызметтеріне, сондай-ақ автобус, троллейбус және трамвай тасымалдары қызметтеріне Әкімдіктердің бағаларды төмендету бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы селекторлық кеңес өткізілді.

Бүгінгі күннің жай-күйі бойынша Министрліктің атына бағаларды төмендету жөнінде жүргізілген жұмыс туралы ақпарат Жамбыл облысының әкімдігінен ғана келіп түсті.

Осылайша, Әкімдіктің ақпаратына сай 2018 жылдың 1 желтоқсанына дейін мына бағаларды төмендету жоспарланып отыр:

  • пәтер иелерінің кооперативі қызметтеріне 6,7%(15 теңгеден 14,1 теңгеге);
  • қоқыс шығару қызметтеріне 5% (99 теңгеден 94,4 теңгеге);
  • лифт қызметтеріне 7%(770 теңгеден 715 теңгеге).

Қалған әкімдіктер жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ұсынған жоқ.

5. Халықпен кері байланыс жұмысын ұйымдастыру бойынша халықпен тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде 1 312 адам қатысқан 48 қоғамдық қабылдау өткізілді. Өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларға қатыса алмайтын тұтынушылар үшін «жедел желі» телефондары жұмыс істеуде.

Орта мерзімді шараларға қатысты

Тариф белгілеудің ашықтығын және монополисттердің тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелерді орындауын күшейту үшін Заңнамаға Үкіметтің өткен отырыстарында айтылған түзетулердің екі топтамасы әзірленді. Үкіметтің Парламент Мәжілісі депутаттарының тұтынушылардың қаражатын қолдану ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түзетулеріне қорытынды жобасы Үкіметтің бүгінгі отырысында қаралатын болады.

Монополисттерге тексерулер жүргізу тетіктерін нығайтатын және Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізуді талап ететін түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауындағы бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасында алдын ала қарастырылатын болады.