• Special version
  • Mobile version

You are here

Облыстық маңызы бар қалаларда Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері облыстық маңызы бар бес қалада Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өткізді.   

Айталық, Қоғамдық қабылдаулар Ақмола облысының Көкшетау қаласында, Атырау облысының Атырау қаласында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында, Қарағанды облысының Қарағанды қаласында, Түркістан облысының Кентау қаласында «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті. Осы күні Қоғамдық қабылдауға 300-ден астам адам қатысты.

Тұтынушылар сумен жабдықтау қызметтерін ұсыну сапасы, кәріз, суармалы су тарифтері, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде сумен жабдықтау қызметтерінен мәжбүрлі ажырату, ауыз суға ақы алу, шот-түбіртек жоғалған кезде түбіртек үшін қаражатты қайта өндіріп алу, электр энергиясын тұтыну нормасын 70кВт/сағ 100-150 кВт/сағ дейін ұлғайту және басқа да мәселелер туралы айтты.

Бұл ретте, Қоғамдық қабылдауларда азаматтар монополияға қарсы ведомствоның құзыретіне кірмейтін сұрақтар қойды.

Мысалы, Түркістан облысының Кентау қаласында азаматтарды кәсіпорын тарапынан авариялық-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін тротуарлар мен асфальт жолдарды қалпына келтіру, ҚТҚ шығару, көп балалы аналар мен зейнеткерлер үшін жеңілдіктер, нан бағасының қымбаттауы, экологияға залал келтіретін кәсіпорын шығарындылары және т.б. мәселелер толғандырады.  

Сондай-ақ азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық проблемаларды шешу кезінде көмек көрсету - Департаменттердің Қоғамдық қабылдау жұмыстарының ең күрделі және маңызды бөліктерінің бірі болып табылатынын атап өткен жөн, адамдар жүгінетін проблемалар бәрі дерлік ұқсас және барлығы ТКШ қызметтеріне тарифтердің өзгеруінің өзекті мәселелерімен байланысты.

Қоғамдық қабылдау барысында қойылған азаматтардың барлық сұрақтарына тиісті жауап берілді, сондай-ақ жекелеген сұрақтар бойынша  («Тұрғын үй қатынастары туралы», «Табиғи монополиялар туралы») Қазақстан Республикасы Заңдарының нормалары бойынша түсіндірулер берілді, бірқатар сұрақтар бойынша Комитет Департаменттері жазбаша өтініштер алды және олар қосымша бақылауға қойылды.

Атырау

Караганда

Кентау