• Special version
  • Mobile version

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасының пресс-релизі

«Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысына өзгерістер енгізу  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасының пресс-релизі

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  А.Ұ. Маминнің 2017 жылғы 23 қарашадағы №11-13/2432, 2018 жылғы 7 қарашадағы №11-13/2432 және 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №11-13/2432 тапсырмаларына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты - «Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын (бұдан әрі-Кешенді жоспар) жаңа редакцияда өзектендіру.

Жобаны қабылдау өңірде жаңа өндірістерді ашуға, жұмыс орындарының санын артырады, одан әрі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі бөлімдердің іс-шараларын іске асыру көзделген:

  • қолданыстағы өндірістік объектілерді кеңейту және жаңғырту;
  • ШОБ дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Жезқазған өңірінің халқының жұмысқа орналасуына ықпал ету шаралары;
  • Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына қолдау көрсету, оның ішінде: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, жастардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру, өмір сүретін инфрақұрылымды дамыту;
  • АӨК дамыту;
  • құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайлардың алдын алуды күшейту;
  • идеологиялық жұмыстарды күшейтуге бағытталған шаралар.

Өңірлердің дамуын талдау

және бағалау департаментінің

директоры                                                                             А. Байтөкенова

Published on: 14.01.2019
Updated on: 14.01.2019