• Special version
  • Mobile version

You are here

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтің ҚРҮ 2019 жылғы 30 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау бойынша баяндамасы, 2019 жылғы 5 ақпан, 05.02.19

Ағымдағы жылғы 30 қаңтардағы кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды, оларды орындау үшін Ұлттық экономика министрлігі келесі жұмыстарды жоспарлануда.

Бірінші. Министрлік шағын және орта бизнестің (ШОБ) экономикадағы үлесін ұлғайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратын болады:

1) өткен жылы заңнамалық деңгейде қабылданған реформаларды жергілікті деңгейде іске асыру арқылы бизнес үшін кедергілерді төмендету бойынша жұмыс жалғастырылады;

2) бөлінген 600 млрд. теңге бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басым жобаларын кредиттеу бойынша жұмыс іс жүзінде басталады. Оның кем дегенде 100 млрд. теңгесі ШОБ жобаларына бағытталады.

Осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау қамтамасыз етіледі.

«Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде осы қаражаттан берілетін кредиттерді арзандату мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 3 (үш)-жылдық бюджетте көзделген.

3) «Бизнестің жол картасы-2020-ны» 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде қаржылық қолдау құралдарын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Тиімділігі төмен кәсіпорындарды қолдаудан бас тарта отырып, іріктеу өлшемшарттары жобалардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне бағдарланатын болады;

4) Сонымен қатар, қаржылық емес қолдау шаралары да жетілдірілетін болады. Атап айтқанда, оқыту бағдарламаларында бизнес үшін ИТ сервистерді және жаңа цифрлық шешімдерді қолдану бойынша мамандандырылған курстар көзделетін болады.

Екінші. Экономиканы одан әрі жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бойынша шаралар қабылданады.

Ағымдағы жылы 139 объектіні сату жоспарланып отыр. Қазатомөнеркәсіптің ІРО-ны табысты өткізу тәжірибесін ескере отырып, Қазақтелеком, Эйр Астана және Самұрық-Энерго компанияларының акцияларын сату жоспарлануда.

Одан басқа, 2019 жылы жекешелендіру бағдарламасына қосымша 48 объект қосылады. Осыған байланысты, мүдделі мемлекеттік органдарға осы жылғы 1 наурызға дейін осы объектілерді ағымдағы жылы сату бойынша жол карталарын әзірлеуге тапсырма беруді қажет.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына сәйкес мемлекеттік меншік құрылымын коммерциялық және коммерциялық емес деп нақты заңнамалық бөлу арқылы оны реформалау қаралатын болады.

Монополияға қарсы реттеуді ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіру, сондай-ақ Yellow Pages қабылданған қағидаттарды ұстану бойынша жұмыс жалғастырылады. Министрлік мемлекетік заңды тұлғалар үшін рұқсат берілген қызмет түрлерінің санын 16%-ке немесе 55 түрге қосымша қысқарту туралы ұсынысты Үкіметке енгізді.

Үшінші. Мемлекет басшысы инвестицияларды тартудың кешенді экожүйесін құру міндетін қойды.

Министрлікке берілген өкілеттіктердің шеңберінде біз инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға күш жұмылдырамыз.

Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп инвестициялық және бизнес ахуалды одан әрі жақсарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Министрліктің жанынан менің бұйрығыммен тұрақты жұмыс істейтін Инвестициялық штаб құрылды, оның міндеттері инвестициялық заңнаманы, институционалдық ортаны және тұтастай алғанда климатты жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Осы бұйрықтың шеңберінде басты назар шетелдік инвестицияларға ғана емес, отандық инвестицияларға да бағдарланатын болады.

Төртінші. Мемлекет басшысы әр өңірдің бәсекелі артықшылықтарына егжей-тегжейлі талдау жүргізу міндетін қойды, оның нәтижесі өңірлердің даму әлеуетін және халықтың табысын арттыруға бағытталған нақты шараларды әзірлеу болуы тиіс.

Бұл үшін:

1) 2019 жылғы 1 сәуірге дейін Аумақты дамыту бағдарламасының форматын ауыстырамыз;

2) осы жылдың соңына дейін біздің үйлестіруімізбен Әкімдер «Атамекен» ҰКП - мен бірлесіп өңірлердің кіші және орташа бизнес талдауын және скринингін жүргізеді;

3) жаңа форматты және жүргізілген талдауды ескере отырып, осы жылы барлық өңірлер өздерінің Аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзетеді, онда перспективалы салаларды дамыту, инвестицияларды тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жоспарлары мен нақты шараларын көрсетеді.

Одан басқа, жүргізілген талдаудың қорытындысы Елдің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасымен және жаңа Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен синхрондалатын болады.

Президент Әкімшілігі жасаған өңірлердің проблемалық мәселелері картасының негізінде жүйелі инфрақұрылымдық проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Біз бұл мәселелерді 2019 жылғы бюджетті нақтылау кезінде, және 2020 жылғы бюджетті қалыптастырған кезде шешуді ұсынатын боламыз.

Бесінші. Мемлекет басшысы көлеңкелі айналыммен күрес жөніндегі жұмысты күшейтуге баса назар аударды. Қадағаланбайтын экономика деңгейін қысқарту үшін Министрлік Қаржы министрлігімен бірлесіп экономикадағы қолма-қол ақшасыз ақша айналымын ұлғайтуға бағытталған салық, сауда саясаты, салалық реттеу шаралары жөніндегі мәселені пысықтайтын болады.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қолма-қол есеп айырысу бойынша лимитті белгілеу және жылжымайтын мүлік пен көлікті міндетті түрде қолма-қол ақшасыз сату және басқа мәселелер қаралатын болады.

Министрліктің жұмысы да экономиканың және халықтың нақты табысының, инвестициялардың, еңбек өнімділігінің, шикізаттық емес экспорт көлемінің және экономикадағы шағын және орта бизнес үлесінің өсуі бойынша 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторларын орындауға бағытталатын болады.