• Special version
  • Mobile version

You are here

2019 жылғы 20-22 ақпанда, сағат 10.00-да Алматы қаласында мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтеді

2019 жылғы 20-22 ақпанда, сағат 10.00-да Алматы қаласында мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтеді. Бизнес өкілдеріне консультациялық қолдау жасалып, сондай-ақ оларды қызықтырған сауалдарға жауап беріледі.

Аталған шара түрлі әкімшілік тосқауылға, жөнсіз талаптарға, дискрециялық уәкілеттікке, тексеру жүргізудің заңсыздығына, сондай-ақ кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына алып келетін мемлекеттік органдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне байланысты жүйелік мәселелерді айқындау бойынша бизнеспен бірлескен жұмыс аясында өткізіледі.

Қоғамдық қабылдау Алматы қаласы, Абылайхан көшесі 79, «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалының ғимаратында өткізіледі.

Сұрақ туындаған жағдайда және жоғарыда аталған іс-шара бойынша ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу қажет: 74-29-09 (Ермаханова Әйгерім), 70-17-90 (Мұқышева Динара), 70-17-91 (Гафятуллина Данна).