• Special version
  • Mobile version

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 106 бұйрығына пресс-релиз

«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 

Бұйрық «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-1- тармақшасына, Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 45 хаттамасының 1 – тармағына сәйкес әзірленді.

Жол-құрылыс жұмыстары маусымында жол битумының ішкі нарықта жетіспеушілігін болдырмау мақсатында Бұйрықпен битумға қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемесі 1 маусымнан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда 1 тоннасына 60 доллар мөлшерінде ұлғайтылды. Қалған кезеңде әкету кедендік бажы мөлшерлемесі қолданыстағы 1 тоннасына 15 евро деңгейінде қалады.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2019 жылғы 14 ақпанда № 18309 болып енгізілген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық қоса беріледі.