• Special version
  • Mobile version

You are here

Ұлттық экономика министрінің ҚР Үкіметінің отырысында баяндамасы, 28.02.2019

Өзге салалар жұмыскерлері мен техникалық персонал жалақысын арттыру бойынша.

Жалақы 30 пайызға  артады. 643 407 жұмыскер қамтылады.

Бұл әлеуметтік жұмыскерлер, кітапханашылар, орманшылар, ветеринар дәрігерлер, іс жүргізушілер, аула сыпырушылар, техникалық персонал және тағы басқалары. Мысалы, орташа жалақы 69 мың теңгені құраса, енді 90 мың теңгені құрайды. Қосымша қажеттілік 459,5 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 2019 жылы 90,7 млрд. теңге.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақыларына қатысты.

Бұл 78 мың мемлекеттік қызметшіге қатысты болады. Олар жергілікті деңгейдегі жұмыскерлер. Бұл -  жұмыс істейтін сарапшылар, жетекші мамандар, бас мамандар. Олар облыстарда, аудандарда, ауылдарда жұмыс істейтін адамдар. Орташа өсім 25 пайызды құрайды. Бұл орта есеппен алғанда. Мысалы, егер бас маманның орташа жалақысы  84 мың теңгені құраса, енді ол 100 мың теңге болады.

Қосымша қажеттілік 76,5 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылы  15,3 млрд. теңге.

Моно және шағын қалаларды, сондай-ақ ауылдық аумақтарды қаржыландыруға қатысты.

Моно және шағын қалаларды дамытуға жылына 10 млрд. теңге бөлінеді. Бұл моно-шағын қалалардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 100 жобасын салуды немесе реконструкциялауды қамтамасыз етеді.

Перспективалық ауылдарды дамыту үшін «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы қаржыландырылады. Бұған 3 жылда 90 млрд. теңге бөлінеді. 1,5 мыңға жуық перспективалық ауылдар қамтылатын болады. Олардың тізбе жасалды. Ауылдың перспективалылығы оның санына, орналасқан орнына, даму әлеуетіне және тағы басқаларына  байланысты айқындалады.

Осылайша, барлық есептеулер жүргізілді, бюджет қалыптастырылатын болады. Біз Мемлекет басшысы тапсырмаларының мақсатты және нәтижелі орындалуын қамтамасыз етеміз.