• Special version
  • Mobile version

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуын талдау

4.2-тармақ бойынша. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) іске асырылуын талдау

100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 1062 аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттер және ауылдық округтерде (бұдан әрі - ауылдық округ) IV деңгейіндегі бюджет табысты іске асырылды.

Ауылдық округтердің 2018 жылға арналған бюджеттері кірістерінің 125,4 млрд. теңге жоспары 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты кірістер, жоспарды 3,8 млрд. теңгеге немесе 3,0% -ға асыра орындай отырып, 129,2 млрд. теңгені құрады, соның ішінде

  • салық тыс түсімдер – 28,8 млрд. теңге;
  • салық емес түсімдер – 3,4 млрд. теңге;
  • жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер– 97,0 млрд. теңге, оның ішінде субвенциялар – 70,0 млрд. теңге.

Жалпы ауылдық округтердің бюджетіне салынатын салықтық төлемдер жоспарын барлық өңірлер орындады. Мәселен, жоспар 25,4 млрд. теңге болған кезде іс жүзінде жоспарды 3,5 млрд. теңгеге немесе 13,7%-ға асыра орындай отырып 28,9 млрд. теңге түсті. Неғұрлым көп артық орындау Алматы (953,2 млн. теңге), Түркестан (486,0 млн. теңге) және Жамбыл областарында (325,3 млн. теңге) байқалды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған халық саны 2 мың адам немесе одан кем, бүгінгі күні әлі де қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - ҚБШ) қолданылатын 1360 ауылдық округте бюджеттің IV деңгейі енгізілуі тиіс.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚБШ-ға 2,1 млрд теңге мөлшеріндегі салықтық түсімдер (салық түсімдерінің 7 түрі) шоғарландырылған. Түсімдердің неғұрлым көп мөлшері Шығыс Қазақстан (147 ауылдық округтен 350,9 млн. теңге), Павлодар (107 ауылдық округтен 330,6 млн. теңге) және Ақмола (177 ауылдық округтен 229,9 млн. теңге) облыстарында байқалып отыр. ҚБШ-ға түсімдердің неғұрлым аз мөлшері Маңғыстау (15 ауылдық округтен 0,2 млн. теңге), Түркістан (6 ауылдық округтен 0,7 млн. теңге) және Атырау (22 ауылдық округтен 42,7 млн. теңге) облыстарында байқалып отыр.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның нормаларына сәйкес ауылдық округтердің бекітілген және нақтыланған бюджеттерінің барлық жобалары жергілікті қоғамдастық жиналысы келісілген.

Бұдан басқа жергілікті қоғамдастық жиналыстары мен жиындарында абаттандыру, санитарлық тазарту, аумақтарды көғалдандыру, көшелерді жарықтандыру, су тарту желілерін салу және жөндеу, ғимараттарға ағымдағы жөндеу жүргізу басқа және жергілікті маңызы бар мәселелер көтерілді.

Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары мен жиындарында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.

Сонымен бірге жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында тұрақты негізде жергілікті маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін талқылау және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізіледі.

Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады.