• Special version
  • Mobile version

You are here

ҚР Ұлттық Экономика Министірі Р. Е. Даленовтың ӘЭДБ-ны нақтылау бойынша сөйлеген сөзі

Сіздердің қарауларыңызға:

1) 2019 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамының нақтылауы;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан

2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңына өзгеріс енгізу туралы»
Заң жобасы енгізіліп отыр.

1. 2019 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштердің болжамын нақтылаудың негізгі факторлары 2018 жылға Жалпы ішкі өнім дерегінің жариялануы, тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторының өсу қарқынының өзгерісі болып табылады.

Мәселен, 2018 жылы Жалпы ішкі өнім көлемі 58,8 трлн. теңгені құрады. Бұл 2019 жылды бағалау үшін жақсы база болып табылады.

2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,4 млн.-ға немесе 1,5%-ке төмендейді. Бұл тау-кен өнеркәсібінің төменірек өсу қарқынын қалыптастырады.

Алайда қызмет көрсету секторы бойынша неғұрлым жоғары өсім күтіліп отыр. Қызмет көрсету секторы өсімінің негізі ішкі сұраныстың ұлғаюы болып табылады.

Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, Болжам шеңберінде 2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды:

мұнай бағасы – бір барреліне 55 АҚШ доллары;

есептік бағамы – бір АҚШ доллары үшін 370 теңге;

жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6%;

Сондай-ақ ауыл шаруашылығының, құрылыстың, сауданың, көлік және қоймалаудың өсу болжамы сақталды.

Өнеркәсіп өсімі 1,6%-ті құрайды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда көбірек өседі.

Экспорт 54,4 млрд. АҚШ долларына дейін 0,3 млрд. АҚШ долларына ұлғайды. Импорт көлемі 32,9 млрд. АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Дамудың аталған факторларын ескере отырып, 2019 жылға Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,8% деңгейінде бағаланып отыр.

2019 жылға номиналды жалпы ішкі өнім 64,3 тлрн. теңге көлемінде болжануда, бұл бұрынғы бағалаудан 323,5 млрд. теңгеге артық.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2019 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.

Республикалық бюджеттің кірістері 2019 жылы 7,0 трлн теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 200 млрд. теңгеге жоғары.

Негізгі өсім қосылған құн салығы бойынша, шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ салықтық емес түсімдер бойынша күтілуде.

Жаңа әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру үшін келісі өзгерістер ұсынылады:

тапшылықты Жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5%-тен 2,1%-ке дейін ұлғайту;

 – Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд. теңгеге ұлғайтып, 2 700 млрд. теңгеге дейін жеткізу.

Сондай-ақ Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған.

Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері оң нәтижеде болады.

Мұнай емес тапшылықтың деңгейі 2019 жылы Жалпы ішкі өнімнің 8,5%-нен аспайды.

Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн. теңгеге ұлғая отырып,

11,9 трлн. теңге көлемінде болжанады.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасымен 2019 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің сомасын түзету қарастырылуда.

«Нұр Отан» партиясының XVIII кезекті съезінде берілген тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 трлн. 450 млрд. теңгеден 2 трлн. 700 млрд. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.

Кепілдендірілген трансферттің 2019 жылға белгіленген мөлшері Ұлттық қордағы төмендетілмейтін қаражат қалдығы бойынша шарттың орындалуын жалпы ішкі өнімнің 30 % мөлшерінде қамтамасыз етеді.