• Special version
  • Mobile version

You are here

Гражданская защита - действие граждан при ЧС

ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК

ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Астана қ. бойынша филиалының «Анар» ТМҚП дәрігері Жабаев А.К.

Үсік шалу

Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез –келген жерінің бүлінуі. Үсу— суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар,мұрын,құлақшалдығады.

Үсік шалудың белгілері:

Тері реңі ақшыл-көк;

Темературалық, тактильдік (қолмен ұстағанды сезу) және ауырсыну сезімі болмайды;

Жылынғанда қатты ауыру, қызару және жұмсақ бұлшық еттерінің ісінуі пайда болады;

Аса терең зақымданғанда 12-14 сағаттан кейін қанға толы көпіршіктер пайда болуы мүмкін.

Жеңіл деңгейі:дененің температурасы 32-34С жетеді. Тері қабаты бозарған немесе көкерген, «құс терісі» сияқты болып, дененің қалтырауы мен сөз сөйлеуі қиындайды.

Тамыр бүлкілі минутына 60-66 соғысқа дейін төмендейді. Артерия қысымы орташа немесе бірнеше жоғары болады. Дем алуы қалыпты. Үсік шалудың І-ІІ дәрежесі болуы мүмкін.

Орташа деңгейі:дененің температурасы 29-32С жетеді. Адамның ұйқысы келіп, есін билуі төмендеп, көз қарасының төмендеуі пайда болады. Тері қабаты бозарған немесе көгерген. Кей кезде мрамор түстес. Ұстағанда суық болады. Тамыр бүлкілі минутына 50-60 соғысқа дейін төмендейді. Артерия қысымы азырақ төмендеген. Дем алуы минутына 8-12 ге дейін. Үсік шалудың І-ІV дәрежесі болуы мүмкін.

Ауыр деңгейі:дененің температурасы 31С жетеді. Есін жоғалтады. Құсу мен сіңір тартылу байқалады. Тері қабаты бозарған немесе көгерген. Ұстағанда суық болады. Тамыр бүлкілі минутына 36 соғысқа дейін төмендейді. Артерия қысымы айтарлықтай төмендейді. Дем алу қиындап, минутына 3-4 рет болады. Бұл деңгейде үсік алудың ауыр түрі байқалып, дене мұздай суық болып қалады. Тері қабаты терең зақымданады.

Үсік шалу дәрежесі:

І дәрежелі үсік шалу(ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей-кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір апта соңында тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Бұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып соңынан ұйып қалуы. Содан кейін тері қышуы мен ауырсыну пайда болады, олар әлсін-әлсін бірақ анық болады. І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.

ІІ дәрежелі үсік шалу, әдетте, суықтың ұзақ уақытта әсер етуінен туындайды. Алғашқы уақытта тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ, бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежелерінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі, алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Тері қабатының толық жазылып шығуы 1-2 аптаға созылады, зақымдалған жерде тыртықтар қалмайды. ІІ дәрежелі үсік шалғанда жылытқаннан кейін ауырсыну І дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады, тері күйіп, қышу мазалайды.

ІІІ дәрежелі үсік шалу- суықтың әсер ету уақыты ұзарады және төмен температураның жұмсақ етті терең зақымдайды. Алғашқы уақытта пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементтері өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп тыртық пайда болады. Түскен тырнақтар өспейді, ал өскен жағдайда деформацияға ұшырайды. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады. ІІІ дәрежелі үсік шалғанда ауырсыну ІІ дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады.

ІV дәрежелі үсік шалу- суықтың әсер ету уақыты өте ұзақ және төмен.

жұмсақ етті өте терең зақымдайды. Бұл дәрежеде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаттары өледі және сүйек пен буындардың зақымдануы жиі кездеседі. Зақымдалған қол-аяқтар ерекше көк түсті, кей-кезде мрамор сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. Ауаның төмен температурасында ұзақ болу үсікке шалдырып қоймай, ағзаның толық сууына әкелуі мүмкін.

Үсік шалған кездегі алғашқы көмек

Алғашқы көмек дегеніміз- тоңуды тоқтату, қол-аяқтарды жылыту, суықтан зақымдалған учаскелерде қан айналуды қалпына келтіру және ифекцияның дамуына жол бермеу. Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.

І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.

ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғанда тез жылыту, массаж немесе уқалау жасаудың қажеті жоқ. Зақымдалған жерге жылу шығармайтын дәке таңу қажет (қабатталған мата, қалың мақта қабаты, тағы да мата, үстінен клеенка немесе резеңке мата). Зардап шеккендерге ыстық тамақ, ыстық шай, 1-аспирин,1- анальгин және 2 таблекта но-шпа дәрісі беріледі.

Үсік шалудың алдын алу

Аязды күндері үсік шалуды болдырмаудың бірнеше ережесі бар: спирттік ішімдік ішпеңіз-алкоголден мас болу адам денесінің жылуын алып қояды. Сонымен қтар мас адам салқындап қалғанын аңғармай қалуы мүмкін. Аязда темекі шекпеңіз, бұл қан айналымды баяулатады. Кең киім киіңіз, бұл да қан айналымның жақсы жүруіне ықпал етеді. Сыртқы киіміңіз міндетті түрде су кірмейтін болуы керек. Қысатын аяқ киім, табанға төсегіштің болмау, шұлықтың дымқыл болуы үсік шалуға алып келеді. Аяғы тершең адамдарға аяқ киімге мән беру керек. Аяқ киімге төсегіш салып, мақталы шұлықтың орнына жүн шұлық кию керек, жүн дымқылды өзіне тартып алып аяқты құрғақ ұстайды.

Аязды күндері далаға қолғапсыз, бас киім мен шалмасыз шықпаңыз. Қолғаптың су өтпейтін ішінде жүні бар болғаны абзал. Бет пен мойынды шалмамен қорғаңыз. Желді салқын күндері ашық жерлеріңізге арнайы крем жағып шығыңыз. Аязды күндері темірден, алтыннан , күмістен жасалған бұйымдар тақпаған абзал. Біріншіден темір адам денесіне қарағанда тез салқындайды да, денеңізге тиіп, жабысып қалуы немесе тоңдыруы мүмкін. Екіншіден саусақтарға тағылған сақиналар қан айналым процесін баялатады.

Жалпы аяз күндері жалаңаш терінің темірге тиюін болдырмаған жөн. Сонымен қатар қасыңыздағы досыңыздың көмегіне жүгінуге болады, оның бетіне, құлақтарына қарап өзгерістерді айтып отырыңыз, ал ол өз кезегінде сізге де айтады.

Бір үсік алған жеріңіздің тағы да тонып қалуын болдырмаңыз – бұл зақымданған жердің ауруын екі еселендіреді. Аязға тонып қалған аяғыңызды шешпеңіз, себебі тонып қалған жерлеріңіз ісіп, қайтадан аяқ киіміңізді кие алмайсыз. Тонған кезде жылдам жылы жерге жетіп алған жөн. Қолыңыз тонса оны қолтығыңыздың арасына салып жылытыңыз.

Аязды күні алысқа шыққан кезде бірнеше айырбастап киетін шұлық, қолғап және ыстық шай құйылған термос алып шыққан жөн. Аязға шығар алдында тамақтанып шыққаныңыз абзал, сізге жолда энергия қажет болуы мүмкін.

Балаларыңызды аязды күні ойнауға далаға жіберген уақытта 15-20 минут сайын үйге кіріп жылынып шығуын қадағалаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.. А. А. Вишневский, М. И. Шрайбер, Москва, Медицина, 1975г.

2. Военно-полевая хирургия. К. М. Лисицын, Ю. Г. Шапошников, Москва, Медицина, 1982г

3. Руководство по травматологии. А. И. Кузьмина, Москва, Медицина, 1978г.



4.Общая хирургия. В. И. Стручков, Москва, Медицина, 1983г.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Қан кетудегі көрсетілетін көмек

Қан кету қантармырларымызды жарақаттау себебінен туындайды. Жарақат алып, қансыраған адамға тиісінше алғашқы көмек көрсетіп, міндетті түрде бірден оны таңып тастауы қажет. Артериядан қан кеткен жағдайда дереу тоқтатудың амалын жасаған дұрыс, себебі қан тез ағып кетеді. Мысалы сан артериясынан қан аққанда көмек көрсетуге 2 минуттай ғана уақытыңыз бар. Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.



Жеңілжарақаттан бастап, күре тамырдан кететін қанды тоқтатудың түрлі жолы бар.

Жарақатты қысу

Қан ағып жатқанды көргенде адамның ең басты жасар әрекеті жарақатты басу. Бұл дұрыс әрекет. Себебі қан көзіне күш түсіріп оны тоқтатудың амалы осы. Жарақатты тиімдірек тәсілдер немесе құралдарды қолданғанға дейін мейлінше қатты басу қажет. Ергер жардап шеккен адам есінен айрылмаса өзі де қысуына болады.

Қысым нүктелерін қысу

Сонымен қатар артериялы қан ағуды жарақаттан жоғары артерияны қысу арқылы тоқтатуға болады. Бұл тәсілді артерияның теріге мейлінше жақын орналасқан нүктелерінде жасаған жөн.

Жгут салу

Сыртқы кең көлемді қан кетуді тоқтату мақсатында жгут қолданылады. Бұған Эсмарха резина жгуты немесе тосыннан алынған жгут болуы мүмкін. Жгут жарақат орнынан 5-8 см жоғары байланады. Жгутты дұрыс қолданудың көрсеткіші қанды тоқтатуда. Міндетті түрде жгут салынған уақытты белгілеп немесе жазып қою қажет.

Жарақатты тампондау

Егер қатты қан ағуды жгутпен тоқтату мүмкін болмаса жарақатты тампондау қажет. Бұған гемостатикалық дәкелер қолданылады. Соынмен қатар жарақатты қарапайым дәкемен байлап тампондауға болады. Байлаудың дұрыс техникасын қолданған жөн: сүйек пен жүрек бағыты бойынша жарақаттың түбінен тампондау қажет; жарақатқа мейлінше тығыздап тампон салу; тампонды 3-5 минутқа ұстау; жарақатты басып таңғыш байлау.

Қысып байланған таңғыш

Қысып байлаудың тиімді тәсілі қысымы бар бандаж болып есептеледі. Соынмен қатар созылмалы немесе қарапайым бинтті (кез - келген қолда бар, жарақатқа қысым беретін затпен) пайлалануға болады. Жараның бетін таза мәрлі шүберекпен жабу қажет.

Дем алу жолдарын тексеру және ашу

Зардап шеккен ессіз жатқан адамның барлық бұлшық еттері босаңсиды, сонымен қатар тілі. Бұндай жағдайда шалқасынан жату қауіпті, себебі тілі дем алу жолдарын бітеп, адам түншығып қалуы мүмкін. Зардап шеккен адамға дем алуға мүмкін жасау алғашқы көмек көрсетудің басты іс-әрекеті. Егер адам 4-6 минуттай дем алмаса миға ауа бармай өліп кетуі мүмкін.

Демалу жолдарын қалыптастыру шаралары:

  1. Зардап шегушінің басын шалқайту;
  2. Аузын ашу;
  3. Астыңғы жағын төменге басып өзге заттардан тазарту (тістің сынықтары, сілекей, қан, құсық) қажет.

Дем алуды тексеру

Дем алуды қалыптастырғаннан кейін демді қадағалау қажет.

  1. Зардап шегушіге еңкею;
  2. Демінің дыбысын есту;
  3. Оның кеудесінің жоғары-төмен қозғалысын бақыла. Құрсақ өріміне қолыңды қойып тексеру қажет.

10 секунд аралығында дем алуды санау қажет. Адамның демалу нормасы минутына 12-20 рет. Сәйкесінше 10 секундта 2-3 дем алу естілу қажет.

Егер зардап шегуші жақсы демалып жатса, оның еш жері зақымданбаса, оған қолдан дем беру немесе жүрек-өкпе реанимациясы қажет болмаса, оны қалыпқа келу үшін бір жақ жанына жатқызу қажет. Ол үшін зардап шегушінің басын, иығын және бөксесін бір жақ жанына бірге аудару қажет. Жоғарыда болатын аяғы 90 ° қа бүгілуі қажет. Бұл жатқан қалпын орнықты етеді. Бұл қалып дем алу жолдарының ашық болуына, мойын-омыртқаны қалыпты ұстауына, құсық пен қанның тамағына кіріп кетпеуіне мүмкіндік береді.

Жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР)

Жүректі тікелей емес ұқалау.

Өкпені жасанды желдету.

Жүректі уқалауда компрессияның байланысы саны 30:2, реанимация жасап жатқан адамның санына қарамастан.

Әр адам жүрекке реанимация жасауды білгені абзал. Жүрек тоқтап қалған кезде бірден іске кірісу қажет.

Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі. Реанимациялық шараларды жүргізу қажеттілігінің көрсеткіші мынадай белгілер: тері қабатының бозыңқырауы немесе көгеруі, есін жоғалту, ұйқы күре тамырының соқпауы, демалуының тоқтауы немесе терең дұрыс дем алмауы тән болып жүрек қызметінің тоқтауы табылады. Жүрек тоқтаған кезде бір секундты да кетірмей зардап шеккенді тегіс қатты жерге: орындықтың, еденнің, болмаған жағдайда арқасына (иығы мен мойынының астына жұмсақ жастық қоюға рұқсат етілмейді) тақтай қойып жатқызады.

Егер көмекті бір адам көрсетіп жатса, ол зардап шеккеннің жанына орналасады және еңкейіп екі рет жігерлі түрде («ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі бойынша) үрлейді, содан кейін кеудесін көтеріп, зардап шеккеннің жанында отырып, төс сүйегінің төменгі жағына саусақтарын көтере бір қолының алақанын қояды. Екінші қолының алақанын бірінші алақанының үстіне көлденең немесе жанына қойып, денесімен ырғағымен септігін тигізе отырып, басады. Басу кезінде қолдың шынтағы бүгілмейді.

Басуды жылдам төс сүйекті 4-5 см итере отырып, басу ұзақтығы 0,5 с аспайтындай, бөлек басу арасындағы ұзақтық 0,5 с кезде жүргізіледі. Үзіліс жасаған кезде қолды төс сүйектен алмайды, саусақтары түзу қалпында болып, қолдың шынтақтары бүгілмейді.

Егер тірілтуді бір адам жүргізсе, әр екі үрлеуге ол 5 рет төс сүйекті басады. 1 минут ішінде 100-120 рет төс сүйекті басады.Егер реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілсе тері қабаты қызғылттанып, қарашықтары жіңішкереді, өздігінен дем алу қалпына келеді. Егер массаж жасау кезінде басқа адам ұйқы күре тамырының соғуын бақыласа онда ол анық сезіледі. Жүректің қызметі қалпына келтірілгеннен және тамырдың соғуы анық сезілгеннен кейін, жүрек сыртына массаж жасауды дер кезінде тоқтатады, зардап шегуші нашар дем алған кезінде қолдан дем алдырудың қалыпты және қолмен дем алдыруы сәйкес келетіндей етіп жалғастырылады. Сондай-ақ, қалыпты өздігінен дем алу қалпына келтірілген кезде қолмен дем алдыруды тоқтатады.

Кеуде жарақаттары

Кеуде жарақаты адам өміріне қауіпті болып саналады, себебі, бұл бөлікте өмір сүруге қажетті жүрек пен өкпе орналасқан. Жүректі жарақаттау өлімге алып келеді. Кеуденің көп бөлігін өкпе алып тұрады. Егер зақым келтірген зат осы аймаққа кірсе, оған ауа кіріп, өкпе мен жүрек өз қызметін қажетті деңгейде атқара алмайды. Зардап шеккен адамда келесі жайыттар байқалады:

ентігу;

зақымданған жерінен көпірік қан ағады;

тері асты эмфиземасы байқалады.

Кеуде жарақатындағы алғашқы көмек

  1. Зардап шегушіні ыңғайлы отырғызу қажет.
  2. Жарақатты герметикалық затпен бітеп қою керек. Полиэтиленді затпен жауып скоч немесе лейкопластырмен жабыстыру қажет.
  3. Жапсырылғанның үстінен таңғышпен байлау қажет.
  4. Үнемі жараның беті ашылып кетпеуін бақылау қажет.
  5. Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілуі қажет.

Сынықта көрсетілетін алғашқы көмек

Сынық кезінде кез-келген қатты материалдан дереу сыныққатаңғышсалып, орап байлау керек. Таңғыш болмаса, онда сынған аяқты сау аяққа тақап байлап, ал зақымданған қолды орамал арқылы мойынға асып қою қажет. Сынық ашық болса, жараның айналасынйодпенсүртіп, стерильденген таңғыш байлаған жөн.

Шинаны қалай салу керек?

Әдетте шинаны зардап шегушінің сынған қолы немесе аяғын бір қалыпта ұстап тұру үшін салады. Шинаны қолда бар ұзын, қатты, жалпақ заттан жасайды. Бастысы таңдап алған заттың екі бөлікке жетуі керек. Шинаны салғанда астына бірнеше бүктелген мата салу қажет.

Зардап шеккен жердің шығып кеткенін немесе сынғанын анықтаймын деп анда-мында қозғалтуға болмайды. Сонымен қатар өз бетімен орнына салуға тырыспау қажет. Шина салған кезде зақымданған дене бөлшегін түзетпей, зардап шегушіге ыңғайлы қалыпта бекіту қажет.

ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАР КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Мемлекет Басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Болашақты бірге құрайық!» Жолдауында аталған тапсырмасын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы трассаларында жол-көлік оқиғалар кезінде шұғыл көмек көрсетуді дамыту шегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Апаттар медицинасы орталығы республикалық маңызы бар жолдардың аса авариялық участкелерінде 40 трассалық медициналық –құтқару пунктері құрылды.

Трассалық медициналық –құтқару пункті (ТМҚП) республикалық маңызы бар жолдардың аса авариялық-қауіпті участкелеріндегі жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық-құтқару көмекті көрсету үшін арналған. ТМҚП үш модульден тұрады: медициналық, техникалық, қызметтік және тік ұшақ аумағы. Мамандандырылған медициналық-құтқару реанимобиль көлік реанимациялық жүйесі кешенімен, иммобилизациялық шиналар жиынтығымен, құтқару жабдығымен жабдықталған. Трассалық пунктінің персоналы 5 адамнан құрылған – дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші-құтқарушы және құтқарушы.

Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің орналасқан жері (ТМҚП)

ТМҚП атауы

Облыс, орналасқан жері

Телефон нөмірлері

Ақмола облысы

«Анар»

Астана-Қараганды трассасы 100 км, Анар аулы маңында

8(71644)5-14-35

«Макинск»

Астана-Көкшетау трассасы 200 км, Астана-Көкшетау және Степняк- Астраханка жолдары қиылысында

8(71646)5-00-08

«Жақсы»

Атбасар – Қостанай трассасы 880 км, Жақсы ауылы маңында

8(71635) 3-10-02

Ақтөбе облысы

«Қарабұтақ»

Самара – Шымкент трассасы 965 км, вблизи поселка Карабутак

8 (71339)7-19-66

«Қандыағаш»

Ақтөбе-Астрахан трассасы 99км, Қандыағаш ауылы жанында

8 (7133) 35-03-61

«Қалыбай»

Самара-Шымкент трассасы 235 км, Қалыбай ауылы жанында

8 (71343) 7-32-70

Алматы облысы

«Жаңа-Арна»

Алматы-Өскемен трассасы 43 км, Жаңа-Арна ауылы жанында

8(7273)98-26-93

«Құрты»

Алматы-Екатеринбург трассасы 106 км, Құрты ауылы маңында

8(7273)06-21-51

«Сарқанд»

Алматы-Өскемен трассасы 400 км, Сарканд ауылы маңында

8 (72839)3-44-95

«Тарғап»

Алматы-Ташкент трассасы 127 км, Ақтерек ауылы маңында

8(72770) 3-83-35

«Үшарал»

Алматы-Өскемен трассасы 555 км, Үшарал-Аягөз-Достық жолдары қиылысында

8(7283)32-88-80

«Шелек»

Алматы – Хоргос трассасы 87 км, Шелек ауылы жанында

8 (72775) 2-78-82

Атырау облысы

«Доссор»

Атырау – Ақтөбе трассасы Доссор ауылы маңында

8 (71239)5-53-53

Шығыс-Қазақстан облысы

«Жарма»

Өскемен-Алматы трассасы 220 км, Аршалы ауылы жанында

8 (72347)4-08-14

«Привольное»

Өскемен-Семей трассасы 85 км, Привольное ауылы жанында

8(7233) 43-14-46

«Семеновка»

Омбы-Майқапшағай трассасы 360 км, Қарабас ауылы жанында

8 (72236) 2-29-29

«Семей»

Майқапшағай-Омбы трассы 825 км, Суықбұлақ ауылы жанында

8(72347) 6-78-03

Қостанай облысы

«Щербаково»

Екатеринбург – Алматы трассасы 612 км, Щербаково ауылы жанында

8(71445) 2-24-46

Жамбыл облысы

«Луговое»

Тараз – Шу трассасы Құлан (Луговое) ауылы жанында

8 (72631) 5-00-65

«Төле Би»

Мерке – Шу – Бурылбайтал трассасы 105 км

8 (72643)5-55-22

«Шығанак»

Алматы-Екатеринбург трассасы 491 км, Қараганды-Алматы-Шу жолдары қиылысы жанында

8(72642)2-75-65

Маңғыстау облысы

«Мұнайшы»

Ақтау – Жаңаөзен трассасы 263 км

8(72935) 5-06-88

«Бейнеу»

Доссор-Ақтау трассасы 332 км, Бейнеу ауылы жанында

8 (7293) 25-05-66

Батыс-Қазақстан облысы

«Чапаев»

Атырау-Орал және Чапаев-Жалпақтал жолдары қиылысында, Чапаев ауылы маңында

8 (71136) 5-05-75

 

 

Қарағанды облысы

«Ақсу-Аюлы»

Алматы-Екатеринбург трассасы 923 км, Нураталды ауылы жанында

8 (71031) 5-00-93

«Ақтүбек»

Қызылорда-Павлодар трассасы 709 км, Ақтүбек ауылы жанында

8 (71030) 5-10-76

«Ақшатау»

Алматы-Екатеринбург трассасы 784 км, Қарағанды-Балқаш және Ақшатау-Ақадыр жолдары қиылысында

8 (71033) 5-11-55

«Балқаш»

Алматы-Екатеринбург трассасы 635 км, Балқаш қ. жанында

8 (71036) 5-88-79

«Матақ»

Қарағанды – Аягөз трассасы 139 км, Матақ ауылы жанында

8 (72146) 5-01-01

«Сарышаған»

Алматы-Екатеринбург трассасы 505 км, Сарышаған ауылы жанында

8 (71039) 7-00-26

«Молодежное»

Қызылорда-Павлодар трассасы 1070 км, Молодежное ауылы жанында

8(72148) 3-04-68

Қызылорда облысы

«Жосалы»

Байқоңыр-Қызылорда трассасы, Иіркөл ауылы жанында

8 (72437) 4-07-57

«Шиели»

Самара – Шымкент трассасы, Бәйгеқұм ауылы маңында

8 (72432) 5-00-41

«Айтеке Би»

Самара – Шымкент трассасы Әйтеке Би ауылы маңында

8 (7243) 83-00-15

Солтүстік-Қазақстан облысы

«Келлеровка»

Көкшетау трассасы 120 км, Келлеровка ауылы жанында

8(71536) 4-46-60

Павлодар облысы

«Қалқаман»

Павлодар – Екібастұз – Майқайың жолдары қиылысында, 81 км

8 (71837) 78-4-74

«Шідерты»

Павлодар-Қызылорда трассасы 204 км

8 (718) 77-45-111

 

Оңтүстік-Қазақстан облысы

«Төрткөл»

Шымкент-Түркістан трассасы 530 км, Шымкент-Түркістан-Шәуілдір жолдары қиылысында, Көк-Арал ауылы маңында

8 (72530) 7-20-36

«Қазығұрт»

Шымкент-Ташкент трассасында, Қазығұрт асуының жанында

8(72539) 3-81-00

«Қызыләскер»

Жетісай-Қызыләскер-Абай трассасы 146 км, Қызыләскер ауылы жанында

8(72532) 7-60-33

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

БАЙБАЛАМ кезіндегі психологиялық көмек

Бұл не?

Біздің көпшілігіміз үшін байбалам салған жағдайдағы адам – аласұрған, қол сермеген, айқайлаған адам (көбіне әйел). Алайда мұндай іс-қимыл тек соңғы жағдайда байқалады, сонымен қатар тек әйел адамға ғана тән.

Бүгінде байбалам – психикалық және соматикалық көріністердің әр түрлілігімен сипатталған іс-әрекетінің түрлі жағдайын айқындайтын аса жалпылаушы термин. Байбаламды сипаттайтын психикалық белгілер: көңіл-күйінің ауытқуы, эмоционалды тұрақсыздық, сезімде үстіртін қарау, иландыруға және өзін-өзі иландыруға аса бейімділігі. Адамның іс-қимылы басқа адамдардың көңілін аудартуға жұмсалған.

Соматикалық (физикалық) белгілері әртүрлі болуы мүмкін, мәселен, сал ауруы, сіңір тартылып құлау, бас ауруы, қабылдаудың және сөйлеудің бұзылуы. Барлық белгілердің бір жалпы түйіні бар – олардың пайда болуын қандай да бір соматикалық (физикалық) факторлармен түсіндіру мүмкін емес екендігін атап өту қажет

Байбалам жағдайындағы құлау бірнеше минутқа немесе бірнеше сағаттарға созылады. Көз жасына қарағанда, байбалам - тоқтатуға тырысуға қажет жағдай. Мұндай жағдайдағы адам көп дене және психологиялық күшін жоғалтады.

Белгілері:

- ес-түсі сақталады;

- аса қозғыштық, көптеген қимылдар,театрдағы позалар;

- сөйлеген сөзі эмоционалды қанық, жылдам;

- айқай, жылау;

Бұндай жағдай неге болады?

Байбалам әр адамда бола бермейді. Мұндай эмоциялы жарылыс, әдетте шығармашылықтағы және жеңіл қозғыш адамдарға тән. Әдетте бұл ұзақ уақыт жиналады. Байлам ішкі қысымды шығару үшін туындайды. Бұл ұзақ уақыт бойы жиналады. Адам ұзақ уақыт бойы сыртқы сабырлығын сақтайды, өзін дұрыс ұстайды. Ал одан кейін жарылады, байбалам басталады.

Байбаламның себебі қандай да бір мақсат қою және оны жүзеге асыра алмаумен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе бұл кішкентай балаларда жақсы білінеді. Себебі олар кішкентай кезінде өзінің тілегін білмейді.

Басқа жағдайда байбалам кенеттен болған қатты қысымнан туындауы мүмкін, бұл қиын өмір жағдайында болады. Әдетте дәрменсіздігі және бір нәрсені өзгерте алмауы.

Өз-өзіне қалай көмек көрсету қажет?

Байбалам болған кезде, «жарылған адам» үшін ең жақсы амал, жағдайды әбден шешіп алу. Басқаша айтқанда, байламды ішке тығып, эмоцияны білдірмеуге тырыспау қажет. Ең жақсысы іштегіні шығару және «өз байбаламынан рахаттану» керек. Яғни соңына дейін ішкі шерді тарқату қажет.

Егер әлі де байбаламға түспесе басқа жағдай. Онда назарыңызды басқа іске аударуға тырысыңыз. Мұндағы басты қағида ішкі қысым қатты болған сайын назарыңызды аударатын істе те аса көңіл аударарлық болуы керек.

Ондай адамның жанында қалсаң?

«Жарылайын» деп жатқан адамға қоршаған адамдар да көмек көрсете алады. Бастысы дұрыс іс-қимыл жасау.

Еске сақтаңыз, егер зардап шеккен өз қимылдарына есеп берген жағдайда ғана оған психологиялық көмек көрсетуге болады. Ондай жағдайда:

Біріншіден, көрермен адамдарды қуыңыз, тыныш жағдай жасаңыз. Егер ол Сіз үшін қауіпсіз болса, зардап шеккенмен жалғыз қалыңыз.

Эмоционалды жарылыс кезінде адамның өзіңізге және қалғандарына зиян тигізбеуіне тырысыңыз. Егер сіз оның оқыс іс-қимылдар жасайтынын сезсеңіз араласып, қойдыру қажет: өз-өзіңді және байлам салған адамды қорғау керек. Оның алдынан қауіп және ауыр заттарды - пышақтарды, шанышқыларды, бұрағыштарды, мүсіншелерді алып тастаңыз.

Екіншіден, оның назарын қатты таң қалдыратын (қатты тарсылдатын затты құлату, зардап шегушіге қатты айқайлау) кенеттен жасалған іс-қимылға аудару қажет. Егер байбалам салушы кішкентай салмақтағы адам болса, оны ваннаға немесе душтың астына тұрғызып қоюға болады. Немесе оның маңдайына суық мұзды қою керек. Бетіне суық су шашып жіберу қажет. Салқындату зардап шеккеннің назарын басқа жаққа аударуға мүмкіндік береді. Ол реакцияны баяулатады, яғни эмоцияны ұстайды.

Оны байсалдылық танытуға шақырыңыз, аямаңыз және өзіңіз байбаламға түспеңіз, себебі ондай жағдай зардап шеккенді қоздырып жібереді.

Зардап шегушімен қысқа фразалармен, жылы дауыспен («Су іш», «Жуын») сөйлесіңіз.

Зардап шегушінің қалауын жасамаңыз. Селсоқ болыңыз немесе егер байбалам толастамаса мүлдем басқа жаққа кетіп қалыңыз.

Одан кейін не істеу керек?

Адамдардың көпшілігі эмоционалды жарылыстан кейін құлазыған күйде және абыржу сезімінде қалады. «Өз-өзіне» келгеннен кейін көбінесе әрең дегенде істеген ісін есіне алады. Көбі не істегенін, сол уақытта не жасағанын есіне түсіре алмайды.

Байбалам біткеннен кейін, адамның ісіне ызаланбаңыз, болған іс туралы есіне салмаңыз. Адамға бір стақан суық су беріңіз немесе нашатыр спиртін иіскетіңіз. Оған ыстық шай беріп,одан кейін ұйықтату керек.

Міндетті түрде психологқа немесе дәрігерге жүгініңіз, себебі ауру ушығуы мүмкін.

КҮЙЗЕЛІС кезіндегі психологиялық көмек

Бұл не?

Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Белгілері:

- Ашуланшақтық.

- Ұйқы көрмеу.

- Енжарлық.

Көңіл-күйінің ауытқуы.

- Ойын ұштастыра білмеуі.

- Қызба іс-қимылы.

- Жылауық.

- Түңгі үрейлер.

- Асыра белсенділік.

- Алаңдаушылық.

- Желікпе қимыл.

- Тәуелділік.

- Қарым-қатынасының өзгеруі

Бұл неден болады?

Мамандар адамды қатты эмоционалды толқуларға ұшырататын кез келген жағдай күйзелістің пайда болуына себеп болуы мүмкін деп есептейді, Күйзеліс баланың дүниеге келуі, күйеуге шығу (үйлену) сияқты оң эмоцияларды, сол сияқты баланың қаза болуы, жақын адамның қайтыс болуы сияқты кері эмоцияларды тудыруы мүмкін екендігін есепке алу қажет. Күйзеліске ықпал ететін жағдай болар-болмас сипатта да болуы мүмкін (көп уақыт кезек күту немесе жолда кідіріп қалу). Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін.

Күйзеліс– ауру емес, бұл қорғаныс механизмі, бірақ мұндай қорғаныс тұрақты болса, онда адам ауруларға осал болып келеді.

Жалпы күйзеліс әр адамға қажет, олай болмаса ол талапсыз адам болады. Күйзеліс – бұл өзіндік энергия көзі. Бастысы оның ұзаққа созылуына жол бермеу керек. Адам ағзасының жауы – ұзаққа созылған күйзеліс. Ол орасан – шамамен 90%. Ұзақ күйзеліс ағзаның қорғаныс қабілетін азайтады, қант диабетінің, ісіктің, туберкулездің даму қаупін арттырады, егер әйел жүкті болса, оның ішіндегі балаға зиян тиеді, яғни барлық зардаптарын тізіп жеткізу мүмкін емес. Барлық мәселе мынада, ұзаққа созылған күйзеліс кезінде ағза адреналин мен энкефалинді шығармайды, сол үшін С және В витаминдерінің, цинктің, магний мен басқа да минералдардың запастарын асыра жұмсайды. Бұл өз кезегінде нервті жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді, ақыл-ой және дене белсенділігін төмендетеді.

Өз-өзіне қалай көмек көрсетуге болады?

Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды.

Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.

Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.

Бірінші қағида:Барынша өз-өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол-аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.

Екінші қағида:қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс-қимыл сізді ашуланудан арылтады.

Үшінші қағида:өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл-күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай-ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.

Төртінші қағида:сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді.Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.

Бесінші қағида:қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл-күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз.

Бастысы— есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — өз-өзін ұстау қажет. Мәселен күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз. Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:

1. Өз-өзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірден-бір тәсілі)

2. Аутогенді жаттығу

3. Жеке күнделік бастау

4. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)

5. Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.

6. Дем алу жаттығулары

7. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі мүмкін)

8. Секс

9. Күлкі

10. Биологиялық кері байланыc

11. Музыкалық терапия

12. Жаяу серуендеу

13. Бау-бақшадағы жұмыс

14. Тайм -Менеджмент немесе жеке уақытын басқару

15. Жақсы көретін музыканы тыңдау

16. Дұрыс тамақтану

17. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену

18. Ароматерапия

19.Кофені және кофеині бар сусындарды ішуді азайту

20. Алкогольді шектеп ішу (асыра ішпеңіз!)

21. Көк чай

22. Теледидар бағдарламаларын және фильмдерді көру

Алдын-ала ескерту!Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзелісте болсаңыз маманға жолығу керек.

Жылау

Бұл не?

Біз бәріміз білетініміздей, жылау – бұл күйзелткіш стрессті жеңілдететін эмоцианалды жеңілдеу. Бұл байланыстың ең бірінші әрекеттерінің бірі.

Кішкентай бала үшін жылау бүкіл әлемге өзінің наразылығын білдірудің амалы болып табылады. Барлық адам өмірінде бір рет болса да жылаған. Кез-келген адам көз жасына ерік бергеннен кейін ішкі жан дүниесінің жеңілдеп қалатынын біледі (кішкентай бала немесе ересек адам жылағаннан соң тез ұйықтап қалады). Бұл реакция адам ағзасының физиологиясына байланысты. Адам жылаған кезде оның ағзасынан тыныштандыратын зат бөлінеді. Ондай жағдайда қасында қайғысын бөлісетін адамның болғаны дұрыс.

Есіңізде болсын!

Егер адам көз жасын тыйса эмоцианалдық жеңілдемейді. Ішкі күйзеліс жағдайы созылған кезде адамның физикалық және психикалық денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. «Қайғыдан есін жоғалтыпты» деп бекер айтпайды.

Белгілері:

- жылайды немесе жылауға дайын тұрады;

- ерні дірілдейді;

- көңіл күйінің бәсеңдеуі байқалады;

- байбаламнан айырмашылығы іс әрекетінде қозу болмайды.

Егер қасында болсаң.

Көз жасы – өз сезімін сыртқа шығарудың бір түрі. Бұл жағдайда жылап жатқан адамды тыныштандырып керек емес. Бірақ, бір жағынан жылап жатқан адамның жанында болып көмектеспеген дұрыс емес. Көмек қалай көрсетілу керек? Жылап жатқан адамға қол ұшын беруге дайын екеніңізді білдіре алсаңыз жақсы. Көмекті тек сөзбен ғана жеткізбейді. Ол адамның қасына келіп, басынан, арқасынан сипап, оған өзіңіздің жанашырлығыңызды байқатып, арқашанда көмектесуге дайын екеніңізді білдіруге болады. «Жейдесіне жылау», «иығына жылау» деген сөздерді есіңізде сақтаңыз. Жылап жатқан адамның қолынан ұстауға болады. Кейбір жағдайларда созылған қол айылған мың сөзден де артық болады.

Агрессия

Бұл не?

Агрессиялық жағдай – бұл адам организмінің ішкі жоғары деңгейлі күйзелісін түсіретін әдістердің бірі. Ашу-ыза немесе агрессия көп уақытқа созылып, адамның өз жағдайына және қоршаған ортаға әсерін тигізеді.

Белгілері:

- Ашулану, көңіл толмаушылық, ызалану (кез-келген болмашы нарселерге бола ренжу);

- Жанындағы адамдарға жұдырықпен немесе әртүрлі заттармен қол жұмсау;

- Сөзбен балағаттау, айғай;

- Бұлшық еттік күшеюі;

- Қан қысымының көтерілуі.

Қасында болсаң қандай әрекет жасау керек?

Айналадағы адам санын азайту қажет.

Зардап шеккен адамның ішкі күйін сыртқа шығаруға мүмкіндік беріңіз (мысалы, сөзбен айтып салу немесе жастықты ұрғылау).

Жоғары физикалық күш түсетін жұмыс беріңіз.

Өзіңіздің жамандық тілемейтініңізді блдіріңіз.Зардап шекен адамның ойымен келіспесеңіз де оны кінәламаңыз, керісінше оның қылығы жайында әңгімелесіңіз. Бұлай жасамасаңыз оның агрессиясы сізге ауысуы мүмкін. «Сен қандай адамсың?» деген сөзді айтуға болмайды, оның орнына «Сен қатты ашулысың, сенің бәрін қиратқың келеді. Екеуміз бірге бұл жағдайдан шешім табуға тырысайық» деген сөздерді айтыңыз.

Жағдайды күлкілі нәрселермен немесе күлкілі қылықтармен өзгертуге тырысыңыз.

Агрессия жазаланудан қорқу кезінде тыйылуы мүмкін, егер:

- агрессиялық жағдайдан пайда табу мақсаты болмаса;

- жазалану түрі қатты болса және жазаның қолданылу мүмкіндігі жоғары болса.

Соңында айтқымыз келетіні, қайғылы оқиғадан кейін зардап шекен адамға дер кезінде қол ұшын беру оған көп көмегін тигізеді, сонымен қатар оның болашақта тұйық қорқу, жазықтылық және ашынушылық шеңберіне түсіп қалудан қорғайды.

Үрей– бұл адамның негативті оқиғаны күтуі, орнықсыз көңіл-күйі, түсіндіруге келмейтін күйі. Үрейленген адам жаман қылықтарға бармайды немесе оны жаман іс – әрекетке итермелемейді.

Егер қасында болсаңыз:

- үрейленген адамды сөзге тартып, оның неден қорыққанын түсіну өте маңызды. Бұл жағдайда адам өзінің неден қорыққанын түсініп, тыныштанады.

- жиі адам болып жатқан жағдайдан хабарсыз болғанда үрейленеді. Бұндай жағдайда жоспар құрып, қайда, қашан, не үшін екені туралы ақпарат жинауға тырысу керек.

- адамды ақыл-оймен жасалатын еңбекке алдандыру керек: оқу, жазу және т.б. Егер ол осындай жұмыстармен айналысса, оның бойындағы үрей бәсеңдейді.

- физикалық еңбек, үй шаруасымен айналысу адамды алдандырудың жақсы бір түрі. Мүмкіндік болса, жаттығу жасап, жүгіруге болады.

Ступор– адам организімінің қорғалу реакцияларының бірі. Бұл күй қатты жүйке шайқалуынан адамның өмір сүру жолында көп күш жұмасап, қоршаған ортамен араласуға халі болмағанда пайда болады.

Ступор бірнеше минуттар мен сағаттарға созылуы мүмкін. Сондықтан, зардап шегуші бұл күйді ұзақ уақыт кешсе, оның бойындағы күш-қуаты таусылады. Себебі, ол қоршаған ортамен қатынас жасамаған соң, төтіп тұрған қауіпті сезбейд.

Қасында болсаң қандай әрекет жасау керек?

Айналадағы адам санын азайту қажет.

Зардап шеккен адамның ішкі күйін сыртқа шығаруға мүмкіндік беріңіз (мысалы, сөзбен айтып салу немесе жастықты ұрғылау).

Жоғары физикалық күш түсетін жұмыс беріңіз.

Өзіңіздің жамандық тілемейтініңізді блдіріңіз.Зардап шекен адамның ойымен келіспесеңіз де оны кінәламаңыз, керісінше оның қылығы жайында әңгімелесіңіз. Бұлай жасамасаңыз оның агрессиясы сізге ауысуы мүмкін. «Сен қандай адамсың?» деген сөзді айтуға болмайды, оның орнына «Сен қатты ашулысың, сенің бәрін қиратқың келеді. Екеуміз бірге бұл жағдайдан шешім табуға тырысайық» деген сөздерді айтыңыз.

Жағдайды күлкілі нәрселермен немесе күлкілі қылықтармен өзгертуге тырысыңыз.

Агрессиялық көңіл-күй жазаланудан қорқу кезінде тыйылуы мүмкін, егер:

- агрессиялық жағдайдан пайда табу мақсаты болмаса;

- жазалану түрі қатты болса және жазаның қолданылу мүмкіндігі жоғары болса.

Соңында айтқымыз келетіні, қайғылы оқиғадан кейін зардап шекен адамға дер кезінде қол ұшын беру оған көп көмегін тигізеді, сонымен қатар оның болашақта тұйық қорқу, жазықтылық және ашынушылық шеңберіне түсіп қалудан қорғайды.

Қорқыныш– бұл шын немесе адам ойындағы қорқыныштан туған қауіптен пайда болған адам бойындағы өзін-өзі қорғау инстинкті негізіндегі жағдай. Қорқыныш субектілік жіне обектілік себепке ие. Қорқыныш жеке адамдарда және топтар мен көптеген массаларда болады.

Жанында болсаң не істеу керек?

- Қорыққан адамды жалғыз қалдырмау қажет. Жалғыз қорқыныш сезімін сейілту мүмкін емес.

- Адаммен қорыққан заты туралы әңгімелесіңіз. Қорыққан нәрсесі туралы сөйлескен дұрыс емес деген пікір бар. Бірақ ғалымдар қорыққан адамның өз қорқынышы туралы әңгімелессе, ол соншалықты жоғары емес екендігін түсінетінін ертеде зерттеп көрсеткен. Сондықтан, адам өз қорқынышын айта бастағанда, оны тыңдап, сол тақырыпта сөйлесіңіз.

- Адамды «Бұл туралы ойлама!», «Бұл назар аударатын зат емес», «Бұл ақымақтылық» және т.б. деген сөздерді айтпаңыз.

- Қорыққан адамға әртүрлі жаттығулар жасатыңыз, мысалы,

  1. Қолыңызды ішіңізге қойып, ақырын дем алыңыз, демнің қалай кеудеңізді, содан соң ішіңізді толтырғанын сезіңіз. Деміңізді 1-2 секундке ұстап тұрыңыз. Демді жіберіңіз. Басында ішіңіз, сонан соң кеудеңіз босайды. Бұл жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз.
  2. Терең демалыңыз. Деміңізді 1-2 секундке ұстап тұрыңыз. Ақырындап деміңізді босатыңыз. Демалып жатқанда 1-2 секундке пауза жасаңыз. Бұл жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз. Егер адамға бұл жағдайда демалу қиынға соқса, онымен бірге жасаңыз. Бұл оның жалғыз емес екенін түсініп, қасындағы көмекті байқайды.

- Егер кішкентай бала қорықса, онымен оның қорқынышы туралы сөйлесіп, онымен бірге ойнап, сурет салып, сазбалшықтан әртүрлі заттар жасап, онымен жұмыс жасаңыз. Бұндай жаттығулар баланың өз сезімін білдіруіне көмектеседі.

- Адамды кез-келген іспен айналыстырыңыз. Бұл қылығыңызбен оны уайымнан көңілін бөлесіз.

Есіңізде болсын – қорқыныштың пайдасы болуы мүмкін, (қауіпті нәрселерден құтылуға көмектескен кезде) сондықтан онымен сіздің қалыпты өміріңізге кедергі жасаған жағдайда ғана күресу қажет.

Жүйке дірілі

Экстремалды жағдайдан кейін адам бойында өзіне ерік бермейтін жүйке дірілі пайда болады (адам өз қалауымен бұл дірілді тоқтатуға шамасы жетпейді). Осылай адам бойындағы қысымды шығарады.

Егер бұл реакцияны тоқтатса, қысым іште қалып, адам бойында бұлшық еттерді ауыртады, содан соң гипертония, язва және т.б. сияқты аурулардың тууына әкеп соғады.

Бұл жағдайдың негізгі көрсеткіштері:

- діріл аяқ астынан пайда болады, оқиға болғаннан соң бірден немесе біраз уақыт өткеннен соң;

- дене дірілі немесе жеке-жеке дене бөліктерінің дірілі басталады (ұсақ заттарды ұстай алмай қалады, темекіні тұтатуға да шамасы келмейді);

- реакция көп уақытқа созылады (бірнеше сағатқа дейін);

- содан соң адам қатты шаршағанын байқайды да, демалысты қажет етеді.

Жанында болған жағдайда не істеу қажет?

  1. Дірілді күшейту керек.
  2. Зардап шеккеннің иығынан ұстап қатты жұлқыңыз.
  3. Онымен сөйлесуді жалғастырыңыз, өйткені сіздің қылығыңызды дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
  4. Реакция аяқталғаннан соң, зардап шеккенге демалуды қамтамасыз етіп, оны ұйықтату қажет.

Зардап шеккенді құшақтап қысуға, жылы затпен қымтауға, оны тыныштандырып, өз-өзіңді бақылауда ұста деуге болмайды.

ТЖ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН ТӘЛІМДЕР

ЖЕР ЖІЛКІНУ

Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және жер сілкінісінен кейін не істеу керек

Жер сілкінісіне дейін: өзіңізге үлгі жасап шығарыңыз: күшті жер сілкінісі болды делік, сіздің құтқару бағытыңыз қандай болады, егер сіз мысалы жұмыста, үйде болсаңыз, ал сіздің балаларыңыз мектепте немесе балабақшада болса?

Өзіңіз және өз жанұяңыз үшін мүмкін нұсқаларды әзірлеңіз: жасырыну үшін қауіпсіз орындар қайда бар, жер сілкінісінен кейін қай жерде кездескен жақсы және т.б. Сіздің «сценарийіңіз» авариялық ахуалда абыржымастан әрекет жасауға көмектеседі.

Мыналарды:

Құжаттар;

Үш күнге тамақ және су қоры;

Бірінші медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен;

Электр шамы және сіріңке;

Жылы киім және аяқ киім салынған сөмке немесе рюкзакты алдын-ала дайындаңыз және дайын етіп ұстаңыз.

Жер сілкінісінің бірінші дүмпуі кезінде:

Ең бастысы есте сақтаңыз: егер жер сілкінісі басталса, үрейленбеңіз және басқалардың үрейіне берілмеңіз. Газды, суды және электрді сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күшті аз болса, қорықпаңыз және дұрысы өзіңіз тұрған жерде күте тұрыңыз.

Екінші және одан жоғары қабатта болсаңыз үй-жайды тастап кетпеңіз. Ішкі қабырғадағы қауіпсіз жерде, бұрышта, есік ойығында, тірек бағанасының қасында тұрыңыз, ваннаға жатыңыз. Кереуеттің, үстелдің астына жатыңыз – олар сізді құлайтын заттардан немесе сынықтардан сақтайды. Терезелерден және ауыр жиһаздан алысырақ тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер сіз көшеде болсаңыз:

Ғимараттардан және электр беру желілерінен алыс ашық жерге барыңыз, жұлынған электр әуе желілеріне жақындамаңыз. Ғимарат бойымен жүрмеңіз және олардың ішіне кірмеңіз.

Егер сіз автокмобильде болсаңыз:

Дүмпу тоқтағанша, автомобильді тастамай, ашық жерде тұрыңыз. Жер сілкінісі кезінде топырақтың қозғалысынан адам құрбандары өте сирек болатынын есте сақтаңыз. Жер сілкінісі кезіндегі жазатайым оқиғалардың басты себептері:

Ғимараттың жеке бөліктерінің құлауы

Сынған әйнектердің құлауы

Жұлынуы электр желілері

Пәтердегі ауыр заттардың құлауы

Өрттер

Үрей кезінде адамдардың бақылаусыз мінез-құлқы

Егер сіз барлық қажетті сақтық шараларын сақтайтын болсаңыз, құрбандар санын азайтуға болады

Жер сілкінісінен кейін:

Мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз

Егер қосымша қару-жарақ қажет болмаса, үйіндіден зардап шеккендерді шығарыңыз

Радиоқабылдағышты қосыңыз

Мүмкіндікке қарай су құбырын, газды және энергожабдығын сөндіріңіз

Ашық отты пайдаланбаңыз

Жер сілкінісі болған кезде болған жеріңізді тастап бара жатқанда абай болыңыз

Назар аударыңыз!

Радионы қосып жүріңіз!

Төтенше жағдайлар бойынша қызметтердің сигналдарын тыңдаңыз

"Баршаның назарына!"

Айқын бұзылған ғимараттарға бармаңыз және олардың ішіне кірмеңіз. Қайта дүмпулерге әзір болыңыз, олар бірнеше тәуліктен, аптадан немесе айдан кейін болуы мүмкін болса да, жер сілкінісінен кейінгі бірінші 2-3 сағат ең қауіпті болып саналады. Жер сілкінісінен кейін көп уақыт өтсе, қайта дүмпулердің ықтималдығы аз екені мәлім.

Крэш-синдром деп аталатын ұзақ қысылу синдромы – ең қауіпті жарақаттардың бірі. Құрылыс конструкцияларының сынықтарынан, құлаған ағаштар діңдерінен, ауқымды жиһаз және соған ұқсас ауыр заттардың адамның қолына немесе аяғына ұзақ әсерінен қан жүру тоқтайды. Крэш-синдромның салдарлары ампутациямен жиі байланысты.

Зардап шеккен адамда ұзақ қысылу синдромын анықтағаннан кейін барлық дененің сыртқы байқауын жасаңыз; ауруды басатын заттарды міндетті түрде беріңіз; қысылу орынның үстіне жгут салыңыз, зардап шегушіні босатып, жылытыңыз. Бір минутты жоғалтпау қажеттігін есте сақтаңыз. Адамды ауруханаға дереу апарыңыз, оған мамандардың көмегі қажет. Сіз қолыңыздан келгеннің барлығын істедіңіз.

Өрт шыққан кезде қауіпсіз әрекет жасау ережесі



Адамдардың көпшілігі өртті олармен ешқашан болмайтын, тіпті болғанның өзінде олардың өздерінің кінәсінен болмайтын нәрсе сияқты қарастырады. Бірақ өрттердің жартысынан көбінің себебі адамдық фактор – отты қолдану кезіндегі немқұрайлық және абайсыздық болып табылады. Сондықтан барлығы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білулері қажет.

Ең алдымен, бейтаныс ғимаратқа кіре бере, өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосымша есіктердің орналасуына назар аударыңыз. Егер Сіз «Өрт!» деген айқайды естісеңіз, әлде түтін иісін сезсеңіз, немесе жалынды көрсеңіз, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз.

Сабырлық және ұстамдылық танытуға тырысыңыз, жаныңыздағы адамдарды жұбатыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан таралатынын анықтаңыз, сосын асықпай айғай-сүреңсіз есікке қарай бағыттап сырт жаққа жылжи бастаңыз. Топтың ортасында жылжығанда, қарт адамдарды алдыға қарай өткізіңіз, байбаламшыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш шырмап және қимылдай алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды және түсінікті сөйлесіңіз.

Топтың ішінде қалған кезде, жұдырықты түйіп алып қолды білекке жинап алып, оны бүйіріңізге қысыңыз. Аяқты алдыға мықтап тіреп, тұла бойыңызбен артқа шалқайыңыз және алдағы кеңістікті босатып, және қысымды арқамен тоқтатуға тырысыңыз, және баяу жылжып отырыңыз.

Түтіннің үлкен топталуы бар жерге кірмеңіз! Қазіргі заманғы ғимараттарда жанған кезде уытты заттар бөлетін пластик, синтетикалар өте көп. Бірнеше рет ауаны ішке жұтудың өзі жеткілікті – Сіз уланудан қаза болуыңыз мүмкін. Бөлмелер, дәліздер түтінге толған кезде түтінге толмаған баспалдақтар жаққа қарай жүріңіз, немесе есікке қарай, бірақ тек лифтке қарай жүрмеңіз. Өрт кезінде лифті қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Қабырғадан, тұтқадан ұстаңыз, қол орамал немесе киім арқылы дем алыңыз. Егер түтіннің топталуы көбейсе, еңкейіңіз немесе еңбектеп жүріңіз. Егер Сіз температураның жоғарылағанын сезсеңіз, демек, Сіз қауіпті аймаққа жақындап келесіз. Бұл жағдайда ең дұрысы кері қарай бұрылып кету.

Егер қалың түтіннен, жоғары температурадан және оттан Сіз баспалдаққа немесе дәлізге шыға алмасаңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып дереу кері қарай қайту қажет. Ал есік жарықтарын және желдеткіш саңылауларын дымқыл шүберекпен тығындап тастаған жөн.

Ғимаратта түтіннің қауіпті топталуы және жоғары температураның пайда болуы кезінде есікті тығыздап жауып балконға, лоджияға шығу қажет. Өзіңізбен бірге суланған көрпе немесе басқа тығыз матаны ала жүріңіз, Сіз онымен жалынның есік және терезе ойықтарынан ене бастаған кезінде жамылып аласыз. Бірақ бұл қорғаныс аз уақытқа ғана жетеді. Балкон болмаған кезде Сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап тұрып, терезе алды тақтайына (дөңес жер, ернеу) тұру.

Егер төменде Сіздің астыңызда от жоқ болса және бөлмеде қалу қауіпті болса, онда өрт сатысы көмегімен бір қабат төмен түсуге тырысыңыз. Өзін-өзі құтқару үшін өрт сөндіретін жеңді қолдануға да болады. Бір-біріне сақтық жасаумен бір бірден құтқарылуға кеңес береміз. Әрине, бұл өмір үшін қауіппен байланысты, бірақ кейде басқа амал қалмайды.

Егер Сіз алайда қатты түтінге оранған дәліз арқылы құтқарылуды ұйғарсаңыз, бұл аса қауіпті, онда дымқыл тығыз матамен бүркеніп, еңкейіп немесе еңбектеп жылжу қажет. Тығыз мата Сізді түтіннен қорғайды және ашық жалынмен жоғары температурасы бар болмашы аймақтардан жүгіріп өтуге мүмкіндік береді. Егер сіз жаққа жалын толқыны жылжи бастаса, онда асықпай басыңызды матамен жауып құлаңыз, осы сәтте ішкі органдардың күйігін алмау үшін дем алмаңыз.

Жалын үшін жанармай болып табылатын:

- перделер

- киім

- кілем жабыны

- жиһаз, пластикалық қаптауыш

- өрт және жарылыс қаупі бар заттар

Апаттың ауқымы өседі егер:

- өрт дабылдағышы жарамсыз немесе жоқ болса

- көшіру жолдары жоқ болса немесе олар үйіліп тасталса

- өрт сөндірушілер уақтылы шақырылмаса

- терезе торларын ашу мүмкін болмаса

Егер мектепте өрт орын алса

Өрт дабылы жарияланған кезде оқушылар өз парталарының жанына тұра қалады және мұғалімнің нұсқауы бойынша сыныптан бір-бірден шығады. Соңғы көшірілген мұғалімнің бақылуымен сыныптың есігін тығыздап жабады. Әр сыныптың оқушылары әбігерге түспей өз қатарында бір қалыпты адыммен жүреді. Мұғалім сынып журналымен өз оқушыларының артынан жүріп отырады. Дәліз және баспалдақ алаңымен жылжыған кезде барлығын басып озып жүгіруге болмайды.

Жиналу орны алдын-ала келісіліп және барлығына мәлім болуы керек. Әдеттегідей, ол оқу орнынан жақын жерде орналасады.

Жиналатын пункте сыныптар оларға бөлінген орынды алады, оқытушы оқушыларды түгендейді. Содан кейін оқытушы бірден сынып оқушыларының саны туралы оқу орнының директорына хабарлауы қажет.

Артта қалып қойған балаларды іздестіруге қызметкерлер кешеуілдемей оқушылар тығылып қалуы мүмкін орындарды тексеріп, бірақ өрттің ошағына жақындамай кіріседі.

Өрт сөндірушілер келгеннен соң директор немесе оның орынбасарлары оларға зардап шеккен адамдар туралы және олардың болуы мүмкін орындар туралы хабарлайды.

Жедел жәрдем келгенге дейін түтіннен және жалыннан зардап шеккендерге жиналу пуктінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Оқыс жағдайда адам, оған қоса бала, үрейленуі, логикалық ойлау қабілетін жоғалтуы мүмкін. Ол қателіктер жібере бастайды, тиісті іс-қимылдар жасамайды, нәтижесінде өз өмірін қосымша тәуекелге душар етеді. Егер оқушы сыныптан қалып қойса, ең бастысы – абыржымай және нені қандай тәртіпте жасау керек екендігін анық білуі қажет.

Егер, өрт дабылы туралы белгі Сізді кабинеттен тыс жерде тапқан жағдайда, мүмкіндігінше тезірек өз сыныбыңызға қосылуға тырысыңыз немесе жиналу пуктіне дейін өз бетіңізбен жетіңіз. Сонымен бірге мұрныңызды және аузыңызды суда суланған матамен жабыңыз. Жалын мен түтіннің жылдам таралуы кезінде, есіктер, терезелер, желкөзді, желдеткіш торларды жабыңыз.

Егер жалын Сіздің бөлмеңізге жақындап келсе, көп мөлшерде су болған жағдайда онымен еденді және кіреберіс есікке су шашыңыз.

Егер шығатын жол отпен кесіліп тасталса, қайткен жағдайда да барлық әдіспен тұрған орныңды белгілеу қажет. Есіңізде болсын, Сізді іздестіруде.

Өрт ошағында, егер құтқарылу жолыңыз жалынмен кесіліп тасталса және Сізге тек қана көмек күту ғана қалса, жалынды қол асты құралдармен сөндіруге тырысыңыз.

Егер оқу орнының ғимаратында әр түрлі үйірмелер, секциялар жұмыс жасаса, олардың барлығы бір бірімен өзара әрекет жасаулары тиісті.

Аспазшы, сыпырушы және тағы басқа қызметкерлер өрт дабылы бойынша тез арада жиналу орнына өз бетімен бағыттайды. Өртке қарсы қызметі рұқсат берілгенше, жиналу орнына келмей қалғандарды іздестіру қажеттігін қоспағанда, ешкімге ғимаратқа киім, кітаптар, құжаттар үшін қайта оралуға рұқсат етілмейді.

Ғимараттың кез-келген бөлігінде өрт дабылы туралы құлақтандыру олардың барлық бөлмелерінен адамдарды толық көшіру үшін дабыл болып табылады. Оқу мекемесінің басшылығымен бекітілген эвакуациялау жоспарына сәйкес үлкеннің басшылығымен барлығы кабинеттерінен шығады.

Күйік алған кездегі бірінші көмек

Зардап шеккеннің өмірі, әсіресе алған күйігі ауыр болса, тез және дұрыс қабылданған шараларға байланысты. Сондықтан «Жедел жәрдем» келгенге дейін дереу алғашқы көмек көрсете бастаңыз.

Күйіктің төрт дәрежесін ажыратады:

1- терінің қызаруы, ісінгендігі;

2- қабыршықтың пайда болуы;

3- күйік орнында қабыршақ қалыптасады;

4- тіннің көмірленуі.

1 және 2 дәрежедегі күйік кезінде – зақым бетін 10-15 мин ағын сумен салқындатып, ал сонан соң таза матамен жабу қажет.

3 және 4 дәрежелі күйік кезінде күйген бөлікті таза дымқыл таңғышпен жабу қажет.

Алғашқы медициналық көмек шаралары неғұрлым ұзағырақ қабылданбаса, адамның жарақаты соғұрлым қатерлі болады.

Есіңізде сақтаңыз! Күйік орнына жабысып қалған ешнәрсеге қол тигізуге болмайды. Сондай ақ күйікті иісмайлармен, лосьондармен майлауға, пайда болған күлдіреуді тесуге тыйым салынады.

Зардап шеккенді орындыққа отырғызу немесе диванға, еденге жатқызу, оған жайлы орналасуға көмектесу керек. Дереу жедел жәрдемді шақыру.

Егер қажет болса, зардап шеккеннің зақымданған жерлерінен барлық артық заттарды шешу қажет (сақиналар, сағат, аяқ киім және т.б.)

Жанып кеткен киім бұйымдарын денеге жабыспаған жағдайда ғана шешуге болады.

Соңынан жедел жәрдемнің келуін күтіңіз, егер бар болған жағдайда зардап шегушіге ауырғанын жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріңіз.

Жану өнімімен улану

Улы газдан уланған кезде зардап шегушіні мүмкіндігінше тезірек қауіпті аймақтан таза ауаға шығару керек

Егер зардап шегуші ес-түсінен айырылмаса, оны жатқызып, денесін қысқан киімді ағыту қажет. Самайын мұсатырлы спиртпен майлап, оны иіскету керек. Мұсатырлы спиртпен мақтаны мұрынның ұшынан 1 см жақын емес қашықтықта ұстап бұлғаңдату керек. Бұл өте маңызды, өйткені мұсатырлы спиртімен мақтаның мұрын ұшына тиген кезінде мұсатырдың тыныс алу орталығына қуатты әсер етуінен оның сал ауруының орнауы мүмкін.

Сілтілі су (1 литр суға 1 ас қасық ас содасы), ащы шәй, кофе ішкен өте пайдалы.

Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, тез арада жедел жәрдем немесе ес-түсіне келгенше жүректің жабық массажын және қолдан дем алдыруды бастау қажет.

Есіңізде сақтаңыз, зардап шегушіні улы газының топталуы жоғары орыннан шығарған кезде, уланып қалмау үшін ең алдымен өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет етіп және қол орамал, дәке арқылы дем алу қажет.

Өрт кезінде дұрыс әрекет етуге машықтанулар көмектеседі.

Оқу орнының қызметкерлері, сондай ақ оқушылар міндетті түрде негізгі және қосалқы эвакуация жолдарын білулері қажет.

Өрттер әртүрлі болады, сондықтан эвакуация жоспары қажет. Мысалы, егер басқыш алаңы от қоршауында қалса, адамдардың шығуына баламалы жол қарастырылуы керек.

Оқытушылар мен оқушылар қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қолдана білулері тиісті.

Жаңа жыл мейрамын өткізу кезінде өртке қарсы шаралар

Жаңа жыл жақындап келеді, және көрікті-шырша жақында өзінің құрметті орнын алады. Мейрамды қарсы алу, өрт сияқты бақытсыздықпен ұштаспас үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Шыршаны құрған кезде, ол бөлмеден еркін шығуға кедергі келтірмеуі, ал бұтақтары – қабырға және төбемен түйіспеуі керектігін есте сақтаған жөн. Шыршаны жылыту батареясының жанында орналастыру қауіпті. Иллюминацияны қосқан кезде бөлмеде жарықты толығымен сөндіруге болмайды.

Мейрам аяқталғаннан кейін шыршаны бөлмеде ұзақ уақыт ұстауға ұсынбаймыз. Кеуіп кеткен қылқан жоғары өрт қауіптілікті тудырады. Демек айтатын болсақ, синтетикалық материалдардан жасалған жасанды шыршалар, сондай ақ өрт қауіпті және жанған кезде денсаулық үшін зиянды улы заттар бөледі.

Қандай жаңа жыл мейрамы бенгал оты және мейрам отшашуысыз өткізіледі? Жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникалық бұйымдардың әртүрлі орасан зор арсеналы қолданылады, олардың қолданылуы өрттердің пайда болуына, жарақат және зақымдануға әкеп соқтыруы мүмкін.

Осыған ұқсас бұйымдарды алған кезде, қайғылы зардаптардан болдырмауға көмектесетін бірнеше ережелерді есте сақтаңыздар. Пиротехниканың барлық түрлері сыртта қолдану үшін арналған.

1. Отшашу үшін орынды таңдап алыңыз. Мінсіз жағдайда – бұл талдардан және құрылыстардан тазартылған үлкен ашық алаң (аула, саябақ немесе алаң).

2. Таңдап алған орныңызды мұқият қарап шығыңыз, көршілес тұрған (100 метр радиуста) өрт қауіпті нысандар, авто тұрақтар, ағаштан жасалған қоралар немесе гараждар және т.б. болмауы қажет.

3. Егер отшашу қала сыртында қолданылатын болса, кездейсоқ түскен ұшқыннан жануы мүмкін жақын жерде сарғайып түскен жапырақтар және қылқандар, құрғақ шөп немесе пішеннің болмауы тиісті.

4. Қатты жел тұрған кезде қауіпті аймақ мөлшерін жел бойынша 3-4 есе көбейткен жөн.

5. Көрермендер қай жерде орналасатындығын алды ала ойланыңыз. Оларға жақсы шолуды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, ал ол үшін оларды жел оларға түтінді және жанбай қалған бұйым бөліктерін алып бармау үшін, міндетті түрде жел жақтан, отшашу іске қосылатын алаңнан 35-50 метр арақашықтықта орналастырыңыз.

6. Егер Сіздің аулаңыз кіші және тар болса, сіз шектеулі өнім түрін қолдана аласыз, негізі жер үстінде әрекет ететін: петардалармен, шырша шартылдағымен, отты зырылдауықпен және доңғалақтармен. Еш уақытта жоғары ұшатын бұйымдарды ұшырмаңыз – ракета, көбелек және басқалар. Оларды тұрғын үйлер және басқа да құрылыстардың жанында қолдануға тыйым салынады: олар терезеге немесе желкөзге түсуі мүмкін, шатырдың астына немесе үй төбесіне ұшып барып өрттің шығуына себеп болады.

Пиротехникалық бұйымды таңдау:

1.Қолдан жасалған пиротехникалық бұйымдарды қолданбаңыз.

2. Пиротехникалық бұйымдарды алған кезде, мұқият болыңыз, сәйкестік куәлігін, нұсқаулықтың, жарамдылық мерзімінің бар болуын тексеріңіз.

3. Пиротехникалық бұйымдарды таңдаған кезде, олардың сыртқы түріне назар аударыңыз. Анық ақаулары бар: мыжылған, су тиген, жарықшалары және басқа бүлінген тұрқы немесе білтесімен бұйымдарды қолдануға болмайды.

4. Пиротехникалық бұйымдарға кіретін жанғыш заттар және дәрілер өрт қауіпті. Абайсыз қолдану немесе дұрыс сақтамаған кезде олар оңай тұтануы мүмкін және өртке немесе жарақатқа алып келеді.

5. Пиротехникалық бұйымды қолдану алдында міндетті түрде нұсқаулықпен танысыңыз, көрсетілген қауіпсіздік аймақтарына аса назар аударыңыз.

Қайсібір өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қауіпті зардаптарға және нағыз қасіретке әкелуі мүмкін. Өзіңізге мереке көңілін бұзбаңыз.

Терроризм актілерін жасау (жасалған) қауіп-қатерлері кезінде халықтың өзін-өзі ұстау қағидаттары

Ықтимал жағдайлар(сценарий)

Іс-әрекеттер

1.

Террористік актілерді жасау қауіп қатерін телефон арқылы алу

Хатшыға(диспетчерге,кезекшіге және с.с):

1) анонимнің талаптарын анықтап алу және қауіп-қатердің сипаттары туралы ақпарат алу, мұқият тыңдау және барлық талаптарды сөзбе-сөз жазып алу;

2) қандай да болмасын бір оңтайлы себеппен қоңырауды қайталауға оның көзін жеткізуге тырысу;

3) сөйлесу кезінде сөйлесудің фонограммасын жазып алу мүмкіншіліктерін қарастыру;

4) оқиға туралы құқық қорғау органдарына «112» телефоны арқылы хабарлау.

2.

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін жазбаша түрде алуда

1)хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) сақтауға және құқыққорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;

2) мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;

3) құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;

4) бәрін сақтау: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды. Ештеңені лақтырмау;

5) хатты (жазбаша хатты және т.б.) алу немесе тауып алу белгілерін есте сақтау.

3.

Жарылғыш қаупі бар затты тауып алу

Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігін куәландыратын белгілер:

1)белгісіз түйіншектің немесе қандайда бір заттың машинада, сатыда, пәтерле және т.б. болуы;

2)тартылған сым, бау,қорек көздері немесе машинаның астынан шығып тұрғаноқшаулау лентасы;

3)бөтен сөмке, портфель,қорап,қандай да бір зат;машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттардың өзгеше жатуы;

4)табылған күдікті заттан шыққан шулар(сағат механизмдеріне тән дыбыс,төмен жиілікті шулар).

Заттың сыртқы түрі оның нағыз мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б.

Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:

- көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін, ол солардікі болар. Егер иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.

Қатаң тыйым салындаы:

- таыблған затты қозғауға, ашуға және жылжытуға;

- оған жақын жерде мүмкіндігінше радио- және электроаппараттарын, ұялы телефондарды пайдаланбаңыз.

4.

Террористік актілерді жасау қаупіне байланысты эвакуация туралы ақпарат алу

Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат Сізге үйіңізде жетсе:

1)ауа-райына сай киініңіз,құжаттарыңызды, ақшаңызды,бағалы заттарыңызды алыңыз;

2)электр тоғын, газды, суды, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;

3)эвакуация кезінде қарт және ауыр науқасты адамдарға көмек көрсетіңіз;

5)ғимараттан алыстап, эвакуатордың командасын орындаңыз,кетіп қалған тұрғын-жайға жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.

5.

Жарылғыш заттың жұмыс істеуі нәтижесінде жарылу аумағында немесе ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болу

 

Егер Сіз жарылыс аумағында,ақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз,онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге баруыңыз немесе өрмелеуіңіз керек.

Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме.Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады. Есінен айырылу – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап сөріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда – тұншығып қалуы мүмкін. Артериалдық қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақатап аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін ременьмен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек.

Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңызрухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз.Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз.

Егер Сіз тереңде ғимарат сынықтарының астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.).

Егер сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты жақпаңы. Оттегін сақтаңыз.

Жаңа құлауды шақырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, қоластындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты сусаған болсаңыз, аузыңызға тас салыңыз да оны мұрынмен демалып сорыңыз.

6.

Кепілгерлікке алу

Егер Сіз кепілгер болсаңыз:

1) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральды, эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, адамдарды кепілгерлікке алған көпшілік жағдайларда кепілгерлер тірі қалған.

Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;

2) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;

3) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтауға, түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға тырысыңыз;

4) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);

5) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолын артына салып, еденге бетімен жату керек.

Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессиялық қарсылау көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түсістіруден аулақ болыңыз;

3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;

4) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;

5) Қатты стерстік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда, бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.

 

Қазақстан Республикасы ҰҚК ТҚО Штабы

МЕТИОРОЛОГИЯЛЯҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

ДАУЫЛ, БОРАН, ҚҰЙЫН

Дауыл– бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.

Боран–ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.

Құйын– күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.

Бұлар сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті. Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы. Егер сіз дауыл, боран, құйын соғу қаупі бар аудандарда (Ресей федерациясының Алыс-шығыс, Орталық және де басқа экономикалық аудандары) тұратын болсаңыз, төмендегімен танысыңыз:

- жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарымен, адамдарды қорғау тәсілдері және ғимараттардың (имараттар) қатты жел мен дауылдың суды айдауы әсеріне төзімділігін жоғарылату туралы;

- дауыл, боран және құмды бұрқасын, құйын болған кездегі адамдардың әрекеті туралы ережелермен;

- дауылдар, құйындар, дауылдың суды айдауы, қарлы, құмды құйындардың салдарын жою тәсілдерімен, құралдарымен, сонымен қатар қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерімен;

- жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді ғимараттарда сіздің отбасыңыз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз паналайтын орындармен;

- қауіптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастырылған көшіру кезіндегі шығу жолдары мен орналастыру аудандарымен;

-Өзіңіздің елді мекеніңіздегі АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі әкімшілік пен комиссиясының мекенжайлары мен телефондарымен.

Дауыл туралы дабылды естігеннен кейін келесі әрекеттерге көшіңіз: шатырды, пеш және желдету құбырларын бекіту;

-шатыр жайларының терезелерін бекіту (тақтайдан жасалған қалқандармен, шарбақтармен немесе қаңылтырмен), балкондар мен аула аумағын өрт қауіпті заттардан босату;

- қауіпсіз аудандарға көшіру жағдайына 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су және өзі жанатын жарық көздерін (фонарьлар, керосин шамдары) дайындау;

- жеңіл құрылыстарынан неғұрлым мықты құрылыстарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғау имараттарына көшіңіз.

Дауыл, боран, құйын кезінде қалай әрекет ету керек

Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз.

Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз.

Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз.

Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз.

Құйынның жақындауы туралы дабыл түскен кезде дереу ық жерге, үй жертөлесіне немесе қоймажайына түсу керек, немесе төсектің, басқа да жиһаздың астына кіру қажет. Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса, жол шетіне, шұңқырға, орларға, тар сайларға тығылып, басыңызды киіммен немесе тоғай бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз. Автомобильде қалмаңыз, шығып, жоғарыда көрсетілгендей тығылыңыз.

БОРАН, БҰРҚАСЫН

Егер боран сіз жолда келе жатқанда басталса:

қардың өзінен баспана жасап алыңыз.

Бұл үшін:

ағаштардың иіліп тұрған бұтақтарының астындағы табиғи қуыстарды пайдаланыңыз немесе күртік қардан шағын үңгір қазып алыңыз;

үңгіріңіздің төбесінен әр адамға бір бірден желдеткіш тесік жасаңыз, егер қар жаууын тоқтатпаса оны әлсін-әлсін тазалап отырыңыз;

үңгірде өз аяғыңыздың астын тереңдетіп қойыңыз: циркуляция кезінде онда суық ауа кетеді.

ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса шырақ жағып қойыңыз, бұл үңгірдегі ауаны жылытады.

Қардан жасалған баспананы паналаған кезде:

баспанаңыздың орналасқан жерін белгілеп қойыңыз;

бір-бірлеріңізге денелеріңізді тигізіп, жақын отырыңыздар;

барлық түймелеріңізді, жылжыма жапқыштарыңызды жауып, жең мен балақтағы манжеттерді тартып, капюшоныңызды киіп алыңыз;

су болған киімдеріңізді сығыңыз;

ыстық шай немесе кофе ішіңіз;

аяқтарыңызды, басыңызды барынша жылы ұстаңыз;

қант және құрамында майы бар азық-түліктерді жеңіз;

астыңызға жылу оқшаулағыш төсеніш төсеп отырыңыз;

қолыңызды сілтеп және басқадай қимылдар жасап, бұлшық еттеріңізді жылытыңыз.

Қардан жасалған баспанада түнеген кезде мыналарды істеуге болмайды:

алкогольді ішімдіктер ішуге;

ашық отты қараусыз қалдыруға;

бәлендей қажеттігі болмаса түнде баспанаңызды қайтадан салуға немесе оны тастап шгығуға;

Егер боран сізді жолда автомобильде тап басса:

машинаның жалюздерін бекітіп, автомобильдің двигателін радиатор жағынан жауып тастаңыз;

мүмкіндігінше автомобильдің двигателін жел жаққа қаратып қойыңыз;

қардың астында көміліп қалмау үшін әлсін-әлсін автомобильдің маңындағы қарды тазалап тұрыңыз;

кабинаға машинаның шығарып жатқан газдарының кіруіне жол бермеңіз, түтін шығаратын құбырды қар бітеп тастамауын қадағалаңыз.

Егер жолда автомобиліңіз өшіп қалса

байбалам салмаңыз, жағдайды бағалаңыз, бағдарды, тұрған орныңызды, ең жақын елді мекенге дейінгі арақашықтықты, тәуліктің мезгілін шамалаңыз;

НАЙЗАҒАЙ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жиі жағдайда найзағай ашық жерлерге немесе жеке тұрған ағашқа түседі. Ғимаратқа түсуі біршама сирек, ал орманға түсуі одан да сирегірек. Сондықтан найзағайлы қара бұлттар қаптап келе жатқанда алдын ала тоқтап, қауіпсіз орын тауып алған ләзім.

Тұрғын үйлер бар жерде үйге кіріп паналаңыз немесе автомобильге жасырыныңыз. Және де бұл орайда желорай соқпау үшін есік пен терезелерді мықтап бекітіп қойыңыз, теледидар, компьютер, жылытқыш секілді барлық электр құралдарын сөндіріп, жарықты өшіріп қойыңыз. Шұғыл қажеттілік болмаса телефонды да пайдаланбаңыз.

Егер ауылдық жерде болсаңыз, онда терезелерді, есікті, түтіндікті және желдеткіш тесіктерді жабыңыз. Пеш жақпаңыз, өйткені пеш мұржасынан шыққан жоғарғы температуралы газдардың кедергісі төмен болады.

Егер көшеде келе жатсаңыз, найзағай аймағында жүгіруге немесе шалт қимылдауға болмайды. Бойыңыздағы алтын тізбек, сақина, сырға секілді барлық металл әшекейлерді шешіп тастаңыз. Электр берілісі бағандарына немесе биік ағаштарға жақындамаңыз. Металл қоршаудың, болат құбырлардың, рельстердің жанына бармаңыз.Сондай-ақ электр берілісі сымдарына жақындамаңыз. Ауыл шаруашылығы техникаларына, мотоцикл, велосипед секілді шағын көлік құралдарына жуымаңыз.

Егер сіз найзағай кезінде суға түсіп жүрсеңіз немесе қайықта отырсаңыз дереу жағалауға шығыңыз, өйткені су электр тогын өткізгіш болып табылады.

Орманда жүрген болсаңыз, бұтақтары мол аласа ағаштың астына жасырыныңыз. Найзағай жиі жағдайда еменге, терекке, шегіршінге, сирегірек шырша мен қарағайға, анда-санда ғана қайың мен үйеңкіге түседі. Найзағай кезінде тоғай шетінде, үлкен алаңқайларда, су ағып жатқан жерлерде тұрмаған абзал.

Тауда жүрсеңіз, найзағай жақындап келе жатқанда биіктен, жотадан, шоқыдан, шыңнан етекке түсу керек. Жартастарға, жалама қабырғаларға сүйенбеңіз. Асты қуыс жартастардың астына жасырынбаңыз, одан да үңгірге жасырынып, қабырғадан 2 метрдей алыстау отырыңыз.

Жапан түзде, ашық жерде найзағайдан құрғақ шұңқырлар мен қанауларға, жыраларға жасырыныңыз. Егер оларға су тола бастаса тезірек кетіп қалыңыз. Және де құмдақ және тастақ топырақтың балшықтан гөрі қауіпсіздеу екені есіңізде болсын.

ҚЫСҚЫ УАҚЫТТА ҮСІК ШАЛУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Үсік шалу– төмен температураның әсерінен ағзаның кез –келген жерінің бүлінуі. Әдетте үсік шалу суық қыс мерзімінде қоршаған ортаның температурасы 100С-200С төмендеген жағдайда туындайды.

Үсік шалудың белгілері:

  • Тері реңі ақшыл-көк;
  • Темературалық, тактильдік (қолмен ұстағанды сезу) және ауырсыну сезімі болмайды;
  • Жылынғанда қатты ауыру, қызару және жұмсақ бұлшық еттерінің ісінуі пайда болады;
  • Аса терең зақымданғанда 12-14 сағаттан кейін қанға толы көпіршіктер пайда болуы мүмкін.

Үсік шалу дәрежесі:

  • І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей-кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір апта соңында тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Бұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып соңынан ұйып қалуы. Содан кейін тері қышуы мен ауырсыну пайда болады, олар әлсін-әлсін бірақ анық болады. І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
  • ІІ дәрежелі үсік шалу, әдетте, суықтың ұзақ уақытта әсер етуінен туындайды. Алғашқы уақытта тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ, бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежелерінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі, алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Тері қабатының толық жазылып шығуы 1-2 аптаға созылады, зақымдалған жерде тыртықтар қалмайды. ІІ дәрежелі үсік шалғанда жылытқаннан кейін ауырсыну І дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады, тері күйіп, қышу мазалайды.
  • ІІІ дәрежелі үсік шалу- суықтың әсер ету уақыты ұзарады және төмен температураның жұмсақ етті терең зақымдайды. Алғашқы уақытта пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементтері өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп тыртық пайда болады. Түскен тырнақтар өспейді, ал өскен жағдайда деформацияға ұшырайды. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады. ІІІ дәрежелі үсік шалғанда ауырсыну ІІ дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады.
  • ІV дәрежелі үсік шалу- суықтың әсер ету уақыты өте ұзақ және төмен
  • жұмсақ етті өте терең зақымдайды. Бұл дәрежеде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаттары өледі және сүйек пен буындардың зақымдануы жиі кездеседі. Зақымдалған қол-аяқтар ерекше көк түсті, кей-кезде мрамор сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. Ауаның төмен температурасында ұзақ болу үсікке шалдырып қоймай, ағзаның толық сууына әкелуі мүмкін.

Үсік шалған кездегі алғашқы көмек

Алғашқы көмек дегеніміз- тоңуды тоқтату, қол-аяқтарды жылыту, суықтан зақымдалған учаскелерде қан айналуды қалпына келтіру және ифекцияның дамуына жол бермеу. Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.

І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.

ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғанда тез жылыту, массаж немесе уқалау жасаудың қажеті жоқ. Зақымдалған жерге жылу шығармайтын дәке таңу қажет (қабатталған мата, қалың мақта қабаты, тағы да мата, үстінен клеенка немесе резеңке мата). Зардап шеккендерге ыстық тамақ, ыстық шай, 1-аспирин,1- анальгин және 2 таблекта но-шпа дәрісі беріледі.

ҚАТТЫ ЫСТЫҚ

Қатты ыстық(аптап) – бірнеше күн бойы ауаның орташа плюстік температурасы 10 немесе одан да жоғары градусқа жоғарылауымен сипатталады.

Қауіп адам денесінің қатты қызуы, яғни дене қызуының 37,1 градус Целсийден жоғарылауында немесе жылудың бұзылуы-дене қызуының 38,8 градус Цельсийге жуықтауында болып табылады. Жылу қауіпті жағдай жылу өтуге немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін ұзақ немесе қатты қыздыру кезінде пайда болады. Қатты қызудың белгілері: терінің қызаруы, сілемейлі қабықтың құрғақтығы, қатты шөлдеу болып табылады. Ары қарай естен танып, жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуы мүмкін.