• Special version
  • Mobile version

You are here

2019 жылғы 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы»

2019 жылғы 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан  2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (№ 196-VI) қол қойылды.

Заңмен Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2019 жылы 2 450,0 млрд. теңгеден 2 700 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Кепілдендірілген трансферттің белгіленген мөлшері республикалық бюджеттің, оның ішінде, азаматтарды әлеуметтік қолдауды арттыруға бағытталған шығыстарды толық көлемде қаржыландыруға мүмкіндік береді.