• Special version
  • Mobile version

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрыққа БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрыққа

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысына сәйкес әзірленді.

Бұйрықта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы және Түркістан облыстарының Статистика департаменттері үшін арнайы көлік құралдарының нормативтерін Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 653 «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы», 2018 жылғы 5 маусымдағы № 698 «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы жарлықтарымен сәйкестікке келтіру мақсатында 1 бірлікке ұлғайту көзделеді.

Аталған норматив статистикалық есептілік деректерінің анықтығын қамтамасыз ететін шаруашылық бойынша есепке алуды бақылауды жүзеге асыру бойынша қажетті нәтижелерге қол жеткізуді, халық санағын өткізу кезеңінде санақ құралдарын таратуды, респонденттерден алынған ақпаратты жинауды және межелі жерге дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде шығыстарды жүзеге асыруды көздейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.