• Special version
  • Mobile version

You are here

ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Е. Дәленовтің МЖӘ дамыту мәселелері бойынша Үкімет отырысындағы баяндамасы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономика мен бәсекелестікті дамыту үшін қажет.

Бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді жұмысы, халыққа қызмет көрсетуді жақсарту, бюджетке жүктемені төмендету және инвестиция тарту.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің экономикаға әсері

Соңғы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы инвестиция тарту ұлғайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуіне 0,2% деңгейінде үлес қосты.

Ағымдағы жағдай

1 мамырдағы жағдай бойынша жобалардың жалпы саны 2,9 трлн.теңге сомасына 1285 жобаны құрайды. Оның ішінде 1,5 трлн.теңге сомасына 548 шарт жасалды.

Дайындық сатысында 1,4 трлн. тенге сомасына 737 жоба бар.

Ең көп жобалар саны білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларына тиесілі.

Республикалық деңгейде 25 жоба бар, оның ішінде 9 жоба бойынша шарт жасалған, конкурс сатысында 2 жоба және жоспарлау сатысында 14 жоба.

Жасалған шарттар саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, және Алматы қаласы бірінші-орында тұр.

Бұл слайдта 4 негізгі өлшемшарт бойынша аймақтардың рейтингісі көрсетілген.

1. Жасалған шарттардың саны бойынша.

2. Бюджеттен төлемсіз іске асырылатын жобалар бойынша.

3. Құзыреттілігі бойынша.

4. Инвесторлар үшін ақпараттың ашықтығы бойынша.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында жоғары рейтинг екенін атап өткен жөн. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында төмен көрсеткіш.

Экономиканы дамыту үшін саны емес, сапасы маңызды. Министрлік жобалардың 3 санаты бойынша талдау жүргізді.

I санатжекеше әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу.

II санат – инвестицияларды бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен ішінара өтеу.

III санат – бюджеттен қайтарусыз. Өтеу көрсетілетін қызметтер есебінен жүргізіледі.

Осылайша, бюджеттен ең төменгі өтеуді талап ететін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту қажет деп санаймыз. Бұл бюджетке түсетін жүктемені алады және инвестицияны көп тартады.

Бүгінде жобалар пулы біркелкі бөлінген. Сонымен қатар, толық өтелетін жобалар, ішінара өтелетін жобалар да бар. Бұл ретте, 946 млрд.теңге инвестиция тартылған 372 жоба бойынша бюджеттен өтеусіз және ішінара өтелетін жобалар бар.

Осылайша, бюджетке ең аз жүктеме түсетін инвестициялар тарту үшін бюджеттен өтеусіз (II-ІІІ санат) немесе барынша аз өтелетін жобаларға көңіл бөлу қажет деп санаймыз.

Мұндай нысандардың мысалдары салалар бойынша бөліністе осы слайдта көрсетілген. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, көлік және т. б.

Бюджеттік шектеулер және міндеттемелерді қабылдау лимиттері бар. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестицияларды барынша арттыруы тиіс. Қолданыстағы лимиттерді жобалардың барынша көп инвестициялар тартуға болатындай етіп пайдалану қажет. Егер бюджеттен барынша аз өтелетін жобаларға басымдық берсе, бұл мүмкін болады. Бұл көп инвестициялар береді, бюджетке түсетін жүктемені азайтады және кезеңді ұлғайтады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жандандыру үшін мынадай шаралар қолданылуда.

Біріншіден. Рәсімдерді оңайлату мақсатында заңнамалық түрде – «Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік» жаңа құралы көзделген. Енді мемлекеттік-жекешелік әріптестік рәсімдерін салалық мемлекеттік бағдарламаларда қарастыруға болады.

Бүгінде «Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік» Білім және ғылым министрлігінде қолданылуда.

«Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларын салу бойынша жобалар іске асырылуда.

Бұл тәжірибені денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, туризм және басқа салаларда қолдануға болады.

Екіншіден. Дайын жобалар фабрикасы

Инвесторларды тарту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан ақпараттың ашықтығы қажет.

Осыған байланысты жоспарланып отырған және іске асырылатын жобаларды инвесторлар үшін қолжетімді болу үшін бірыңғай форматта орналастыру ұсынылады.

Бұл әлеуетті инвесторлардың хабардарлығын арттырады.

Үшіншіден. Халықаралық сарапшылардың соңғы ұсынымдарын имплементациялау

Халықаралық сарапшылар қоғамдастығымен (Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі және Азия Даму Банкі) бірлесіп, валюталық тәуекелдерді төмендету, ірі жобалар үшін халықаралық төрелік ұсыну, консорциумдар үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жекеше әріптестің шығындарын өтеу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі заңнамалық түзетулер пысықталуда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестицияны көп тартудың көзі болып табылады. Бұған бюджетке ең аз жүктеме түсіретін сапалы жобаларды арттыру арқылы қол жеткізуге болады.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға инвестицияларды барынша тарту, бюджетке жүктемені төмендету, бәсекелестікті дамыту және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану жөніндегі жұмысты жандандыруы тиіс.