• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval of the System of regional standards for settlements

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 36-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі бекітілсін.

2. Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                           Білім және ғылым министрі

_________________КШәмшидинова

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

________________ Е. Біртанов

Қазақстан Республикасының

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму министрі

______________ РСкляр

 

Қазақстан Республикасының    Мәдениет және спорт министрі

 

________________ А. Мұхамедиұлы

 

Қазақстан Республикасының                Ұлттық экономика министрі

 

___________________ РДәленов

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

________________ АЖұмағалиев

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

2019 жылғы 23 сәуірдегі

№ 164,

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

2019 жылғы 25 cәуірдегі

№ ҚР ДСМ-50,

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің

2019 жылғы 23 сәуірдегі

№ 243,

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

2019 жылғы 22 сәуірдегі

№ 113,

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

2019 жылғы 20 сәуірдегі

№ 29,

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

         2019 жылғы 25 сәуірдегі

№ 56/НҚ

бірлескен бұйрығымен

 бекітілген

Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 36-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Жүйе Қазақстан Республикасының елді мекендерінде мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі, көліктік, мәдени-демалыс, спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі көрсеткіштерін (бұдан әрі – Халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері) айқындайды.

Жүйені қабылдаудың мақсаты елді мекендердің типі (қала, ауыл) мен мөлшеріне (халық санына) қарай халықтың объектілер мен көрсетілетін қызметтерге (игіліктерге) қол жеткізуінің ең төменгі міндетті деңгейін қамтамасыз ету.

3.  Осы Жүйеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар – Қазақстан Республикасының қалалық және ауылдық елді мекендерінің халқының өмір сүру сапасын сипаттайтын объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілу жөніндегі өлшемшарттар мен талаптар (ең төменгі жағдайлар) жиынтығы;

2) жоспарлау секторы – халқының саны шамамен 10 мың, шартты түрде бөлу нәтижелері бойынша халықтың өмір сүруінің бірінші кезектегі ең төменгі жағдайларын жасауға арналған есептеу нормалары ескерілген, объектілер мен көрсетілетін қызметтер (игіліктер) тізбесі бар қаланың бір бөлігі;

3) «көпорталықтылық» қағидаты – қала аумағын жоспарлау кезінде мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді (игіліктерді) қаланың қандай да бір бөлігіндегі халыққа неғұрлым жақын орналасқан бірнеше орталықтан (орыннан) алу мүмкіндігін ескеретін қағидат;

4) қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ орналастырылуы мен қызметi арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей ықпалы жоқ инженерлiк және көлiктік инфрақұрылымдардың жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектілерді орналастыруға арналған елдi мекен аумағының бiр бөлiгi.

4. Жүйе мыналарға арналған:

орталық атқарушы органдарға – елдің әлеуметтік-экономикалық, өңірлік дамуын жоспарлау кезінде,

жергілікті атқарушы органдарға – өңірлік проблемаларды шешу және нақты елді мекендерде өмір сүру сапасын арттыру мақсатында.

5. Жүйені қолдану:

елді мекендерді объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етудің бірыңғай және тұтас тәсілін ұстануға;

халықтың өмір сүруінің барынша жайлы және қауіпсіз ортасын қамтамасыз етуге;

қалалық аумақты жоспарлау кезінде «көпорталықтылық» қағидатын сақтауға;

елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлаудың оңтайлы жоспарларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды.

6. Жүйе мыналарға арналған:

1) ауылдық округтердің орталықтары, оның ішінде тірек ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ);

2) аудан орталықтары, халық саны 50 мың адамнан аспайтын аудан орталықтары болып табылмайтын аудандық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары болып табылмайтын облыстық маңызы бар қалалар;

3) халық саны 50 мың адамнан асатын облыс орталықтары болып табылмайтын облыстық маңызы бар қалалар;

4) облыс орталықтары, Семей қаласы; 

5) республикалық маңызы бар қалалар, астана.

7. Халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері қалалық және ауылдық елді мекендер үшін әртүрлі болады.

2-тарау. Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар

8. Қалалық елді мекендер үшін негізгі міндет халықтың объектілер мен көрсетілетін қызметтерге (игіліктерге) «20 минутта қадамдап жетуі» болып табылады.

Жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету үшін қаланың қоныстану аумағын әрқайсысында шамамен 10 мың адам болатын жоспарлау секторларына бөлу қажет.

Бұл ретте әрбір жоспарлау секторында осы Жүйеге 1-қосымшаға сәйкес қалалық елді мекендерге арналған объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі көзделеді. Мемлекеттік емес заңды және (немесе) жеке тұлғалар ұсынатын жекелеген объектілер мен көрсетілетін қызметтер (игіліктер) бірнеше жоспарлау секторына есептелуі мүмкін.

Астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталығы аумағында  осы Жүйеге 1-қосымшада көрсетілген объектілер мен көрсетілетін қызметтер (игіліктер) тізбесінен басқа, республикалық және өңіраралық (облыстық) ауқымдағы ұйымдар – жоғары оқу орындары, халықаралық оқу орындарының филиалдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, көп бейінді медициналық орталықтар, өзге де мәдениет және спорт объектілері жұмыс істеуі мүмкін.

Халық саны 50 мың адамнан асатын облыс орталығы болып табылмайтын облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың аумағында осы Жүйеге 1-қосымшада көрсетілген объектілер мен көрсетілетін қызметтер (игіліктер) тізбесінен басқа жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, өзге де медициналық ұйымдар, мәдениет және спорт объектілері жұмыс істеуі мүмкін.

Халық саны 50 мың адамнан аз облыс орталығы болып табылмайтын облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың аумағында осы Жүйеге 1-қосымшада көрсетілген объектілер мен көрсетілетін қызметтер (игіліктер) тізбесінен басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, өзге де медициналық ұйымдар, мәдениет және спорт объектілері жұмыс істеуі мүмкін.

9. Ауылдық елді мекендер үшін өмір сүру сапасынын көрсеткіштері осы Жүйеге 2-қосымшаға сәйкес ауылдық елді мекендерге арналған объектілер мен қызметтердің (игіліктердің) тізбесінде көрсетілген.

 

Елді мекендерге арналған

өңірлік стандарттар жүйесіне

1-қосымша

Қалалық елді мекендерге арналған объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі

Объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) атауы

Объектілердің қуаты

1

Жалпы білім беретін мектептер

1300 оқушы орны

2

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

480 орын

3

Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері

халық санына қарай

4

Әр түрлі жастағы балалардың бос уақытын өткізуге, дамуына және демалуына бағытталған қосымша білім беру ұйымдары

200 оқушы орны

5

Қоғамдық орталықтар (Коммьюнити орталығы) – халықтың бос уақытын өткізуге арналған үй-жайлар, қызығушылықтар бойынша клубтар, отбасылық және балалар клубтары, тұрғындар жиналысын өткізуге арналған үй-жайлар

жалпы ауданы 300 м2

6

Ойындар мен демалуға арналған алаңдар

жалпы ауданы 7000 м2

7

Байланыс бөлімшелері

халық санына қарай

8

Байланыс қызметтерінің қолжетімділігі:

телефон байланысы

интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік

қуатына қарамастан

9

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімі

халықтың қажеттілігіне сәйкес

10

Кітапханалар*

20 мың сақтау бірлігі

11

Велосипед инфрақұрылымы (велосипед жолдарын, жалға беру пункттерін, велотұрақтарды қамтитын)

халықтың қажеттілігіне сәйкес

12

Қоғамдық көліктің аялдама павильондары және оларға жаяу жету мүмкіндігі

халықтың қажеттілігіне сәйкес

13

Автотұрақтар (қоғамдық)

қуатына қарамастан      

14

Паркингтер

қуатына қарамастан

15

Гүлзарлар/бульварлар/тұрғындар демалатын бақтар («жасыл кеңістіктер»)

1,25 га, бірақ қаланың қоныстану аумағы ауданының 10%-нан кем емес

16

Спорт залдары

80 м2  (1 мың адамға)

17

Кинотеатрлар*

100 орын

18

Қонақ үйлер

100 орын

19

Дәріханалар

халықтың қажеттілігіне сәйкес

20

Азық-түлік тауарларының дүкендері

сауда алаңы 1000 м2

21

Өнеркәсіптік тауарлардың дүкендері

сауда алаңы 1800 м2

22

Көше саудасын жүргізуге арналған сауда (көкөніс, гүл, газет) павильондары

қуатына қарамастан

23

Фудмаркеттер (жаңа піскен жемістер, көкөністер, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін сатып алуға болатын шағын жабық базарлар)

сауда алаңы 1000 м2

24

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары

100 орын

25

Аспаздық дүкендер

сауда алаңы 60 м2

26

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары

10 жұмыс орны

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау

аусымына 100 кг киім-кешек

28

Қоғамдық моншалар

50 орын

29

Банк бөлімшелері

10-30 мың адам

30

Заң консультациялары/нотариус

1 объект

31

Діни объектілер

халықтың қажеттілігіне сәйкес

32

Үй жануарларын серуендетуге және жаттықтыруға арналған алаңдар

жалпы алаңы 400-600 м2

33

Ашық қолжетімді Wi-Fi аймағы (қоғамдық көліктерде, сауда отралықтарында, аялдамаларда тегін, сымсыз интернетпен қамтамасыз ететін орындар)

халықтың қажеттілігіне сәйкес

34

Қоғамдық дәретханалар

10 аспап

35

АМҚС, АГҚС

қуатына қарамастан

36

ТҚКС, автомобиль жуу орындары

қуатына қарамастан

37

Автостанция **

тәулігіне 100-ден 500-ге дейін жолаушы жөнелту

38

Автовокзал***

тәулігіне 500-ден астам жолаушы жөнелту

39

Орталықтандырылған сумен жабдықтау

қуатына қарамастан

40

Газбен жабдықтау

жергілікті жағдайларға қарай

41

Электрмен жабдықтау

қуатына қарамастан

Ескертпе:

* 10 жоспарлы секторға дейін есептегенде 1 объект;

** 300 мыңнан бастап 500 мың адамға дейінгі халық санына есептегенде 1 объект;

*** 500 мың адамнан астам халық санына есептегенде 1 объект.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АМҚС – автомобильге май құю станциясы;

АГҚС – автомобильге газ құю станциясы;

ТҚКС – техникалық қызмет көрсету станциясы.

 

 

 

Елді мекендерге арналған

өңірлік стандарттар жүйесіне

2-қосымша

Ауылдық елді мекендерге арналған объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі

Объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) атауы

Аудан орталықтары

1

мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін мектептер

2

жатақханасы бар колледж

3

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

4

әртүрлі жастағы балалардың бос уақытын өткізуге, дамуына және демалуына бағытталған қосымша білім беру ұйымдары

5

амбулаториялық-емханалық, стационарлық және жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері

6

мәдени-демалыс ұйымы

7

кітапхана

8

кинотеатр

(халық саны 3000 адамнан астам болған жағдайда 1 000 адамға есептегенде 35 орыннан тұратын 1 кинотеатр; халық саны 1000 адамнан аз болған кезде жылжымалы мәдени-демалыс кешені)

9

спорт алаңдары

10

облыс орталығына дейін қатты жабынды жол

11

электрмен жабдықтау

12

орталықтандырылған сумен жабдықтау

13

газбен жабдықтау

14

байланыс қызметтерінің қолжетімділігі:

телефон байланысы

интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік

15

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімі

16

кәсіпкерлікті қолдау орталығы

17

екінші деңгейдегі банктердің филиалдары, сондай-ақ банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

18

пошта бөлімшесі

19

автомобильге май құю станциясы

20

нотариус

21

дәріханалар

22

қоғамдық монша

23

азық-түлік тауарлары дүкені

24

өнеркәсіптік тауарлар дүкені

25

өндірістік инфрақұрылым объектілері

26

автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункті

(жолаушыларға қызмет көрсету пункті автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде ұйымдастырылады)

Ауылдық округтердің орталықтары

1

жалпы білім беретін мектеп (шағын жинақталған емес) жақын маңдағы ауылдардан балаларды тасымалдаумен

2

мектепке дейінгі білім беру ұйымы

3

амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері

4

стационарлық мәдени-демалыс кешені

5

кітапхана

(халық саны 1000 адамнан аз болған кезде аудан орталығының кітапханасы деңгейінде әдебиеттер берудің жылжымалы пункті)

6

спорт алаңдары

7

аудан орталығына дейін қатты жабынды жол

8

электрмен жабдықтау

9

орталықтандырылған сумен жабдықтау

10

газбен жабдықтау

11

байланыс қызметтерінің қолжетімділігі:

телефон байланысы

интернет желісіне қолжетімділік

12

пошта бөлімшесі (халық саны кемінде 2000 адам болган кезде)

13

кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары

14

дәріханалар

15

азық-түлік тауарлары дүкені

16

өндірістік инфрақұрылым объектілері

17

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мамандарының шығуы

18

әкімдік ғимаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы (халықтың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуы үшін)

19

автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункті

(жолаушыларға қызмет көрсету пункті автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде ұйымдастырылады)

Қалған ауылдық елді мекендер

1

бастауыш мектеп немесе негізгі орта мектеп және (немесе) білім алушыларды жақын мектепке дейін және кері тегін жеткізу

2

мектепке дейінгі білім беру ұйымы

3

амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері

4

дәріханалар

5

электрмен жабдықтау

6

орталықтандырылған сумен жабдықтау

(су тазартудың кешенді блок-модулі немесе халық саны 200 адамнан аз болған кезде су тарату пункттері)

7

байланыс қызметтерінің қолжетімділігі:

телефон байланысы

спутниктік байланыс арқылы интернет желісіне қол жеткізу

8

ауылдық округ орталығына дейін қатты жабынды жол (жергілікті жағдайларға байланысты)

9

автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункті

(жолаушыларға қызмет көрсету пункті автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде ұйымдастырылады)