• Special version
  • Mobile version

You are here

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі ҚР ӘЭД қорытындылары туралы отырысында сөйлейтін сөзі

2019 жылғы 14 мамыр

4 айдың қорытындысы келесі үрдістерді көрсетеді.

Негізгі серіктес елдерде экономикалық өсу жалғасуда. Алайда мұндай өсу өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда аз мәнге ие.

Тауар нарықтарында жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 4 айда мұнайдың орташа бағасы барреліне 65 доллардан асты, ал металл бағалары төмендеу үрдісін көрсетіп отыр.

Халықаралық саудадағы протекционизм күшейе түсуде.

Жаһандық трендтер осындай.

Қаңтар-сәуірде жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,0% дейін үдеді. Қаңтар-наурызда ол 3,8% құраған болатын. Серпін өңдеу өнеркәсібіндегі, қызмет көрсету саласындағы үдеумен, сондай-ақ құрылыс пен ауыл шаруашылығындағы тұрақты қарқындармен қамтамасыз етілген.

Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде. Жыл басынан бері ол 1,8%, жылдық мәнде – 4,9% құрады.

Инвестициялар серпіні жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түседі. Өсу 6,7% құрады. Ауыл шаруашылығында, құрылыста және өнеркәсіпте инвестициялар айтарлықтай өсті.

Халықаралық резервтер осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 86 млрд. долларды құрады.

ӨНЕРКӘСІП

Қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісі 2,9% өсті. Өсу өңдеу өнеркәсібіндегі озық қарқындар есебінен қамтамасыз етілді.

Кен өндіру өнеркәсібінде өсудің баяулауы жалғасуда. Өсу үш айдағы 4,8% қарағанда 2,6% құрады.

Мұндай үрдіске негізінен мұнай өндіру серпінінің теріс аймаққа ауысуы ықпал етті. Есепті кезеңде оның көлемі 1,1% қысқарды. Ал 1 тоқсанда 2,7% деңгейінде өсу болған. Төмендеу сәуір айында Қашаған кен орнында мұнай өндірудің қысқаруымен байланысты, ол жүргізіліп жатқан жоспарлы-алдын алу жұмыстары салдарынан болды.

Өңдеу өнеркәсібінде өсуге бағытталған тренд сақталып отыр. 4 айда шығарылым 3,5% дейін ұлғайды. 1 тоқсанда өсу 1,6% құраған болатын.

Өңдеу қарқынының артуына мұнайды қайта өңдеудегі, машина жасаудағы, сусындар өндірудегі өсіудің үдеуі, сондай-ақ фармацевтиканың плюстік аймаққа шығуы әсер етті.

Бұл ретте металлургия өнеркәсібінде жағдай жақсарып келеді. Теріс мән осы жылғы қаңтардағы (-12,5%) қаңтар-сәуірде (-1,5%) дейін қысқарды.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыстағы серпін тұрақты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4% өсті.

Бұл көп жағдайда өнеркәсіп объектілерінің, автомобиль жолдары, газ құбырлары, тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын ұстап тұр. Өндіріс көлемі 3,6% артты. Өсу мал шаруашылығының 3,7%  ұлғаюынының есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өткен жылғы деңгейде сақталды.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ

Өсудің жеделдеуі көрсетілетін қызметтер саласында байқалады. Есепті кезеңде ол 1 тоқсандағы 3,7% қарағанда 4,2% өсті. Іс жүзінде осы сектордың барлық салаларында серпіннің үдеуі байқалып отыр.

Сауда – көрсетілетін қызметтер сегментінде өсудің алдыңғы қатарында. Оның өсуі 7,3% деңгейінде тіркелді. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, автоқосалқы бөлшектерді, мұнай өнімдерін және жанар-жағар май сатуды арттырумен байланысты.

Көлік саласында 4,8% дейін үдеу тіркелді. Аталған салада әуе көлігінің жүк айналымы 1,9 есеге, автомобиль көлігінің жүк айналымы 9,7% өсті.

СЫРТҚЫ САУДА

Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд. долларды құрады.

Экспорт көлемі 13,3 млрд. долларды құрады. Мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсуі екі таңбалы санға жетті – 19,8%.

Импорт 2,7% төмендей отырып, 7,0 млрд. долларды құрады.

ӨҢІРЛЕР

Өнеркәсіп бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары теріс мән көрсетті. Бұл ретте Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында осы жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда құлдырау артты.

Ауыл шаруашылығы бойынша Манғыстау облысынан (-0,1%) басқа барлық өңірлерде оң үрдіс сақталуда.

Құрылыс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы артта қалған өңірлердің қатарында қалуда. Ақмола облысынан басқа, аталған өңірлерде теріс мән қысқарып келеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша артта қалған өңірлердің тізімін Маңғыстау облысы толықтырды. Қысқару қарқындары Шымкент және Нұр-сұлтан қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында сақталып отыр.

Өңірлік бөліністе төмен көрсеткіштердің ең көп саны бар өңірлер анықталды. Бұл:

- Манғыстау облысы – инвестициялар, құрылыс, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары бойынша;

- Нұр-Сұлтан қаласы – инвестициялар, құрылыс және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары бойынша;

- Шымкент қаласы – инвестициялар, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және құрылыс салалары бойынша.

Бұдан басқа, аталған өңірлерде инфляция деңгейі, оның ішінде азық-түлік тауарларына орташа республикалық мәннен жоғары тіркелді.

Сонымен қатар, бірқатар өңірлер бірден бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпінді көрсетіп отыр. Бұл Қостанай, Атырау, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Мәселен, Қостанай облысында инвестициялар, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салалары бойынша айтарлықтай өсу байқалады.

Атырау облысынан басқа қалған өңірлерде инфляция орташа республикалық мәннен төмен болып тіркелді.

Жалпы, осы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, көптеген көрсеткіштер бойынша жақсару байқалады.

Екінші тоқсанда бірқатар салалар бойынша экономикалық белсенділік күшейе түсуде. Сондықтан, осы тоқсанда мынадай аспектілерге баса назар аудару қажет.

Біріншіден, алдағы 2 ай инвестициялар мен құрылыс үшін шешуші болып табылады, өйткені осы кезеңде құрылыс секторында номиналды жалпы қосылған құн едәуір ұлғаяды.

Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді (туризмді) экспорттау үшін маусым ашылады.

Үшіншіден, ішкі сұранысты ынталандыру үшін бюджеттік инвестицияларды тез игеруді және мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асыру қажет.