• Special version
  • Mobile version

You are here

PRESS RELEASE on the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 179 dated April 11, 2019

«Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 179 қаулысы туралы

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019 жылғы 11 сәуірде «Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесін бекіту туралы» қаулысын қабылдады.

Қаулымен Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының және өкілдіктерінің тізбесі бекітілді.

Тізбеге шетелдік ұйымдардың 25 филиалы мен өкілдігі кіреді.

Бұл тізбе осыған дейін шетелдік инвесторлармен жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған.

Салық заңнамасына сәйкес қаржылық емес ұйымдардың тұрақты мекемелері болып табылатын осындай ұйымдардың басқа да филиалдары резиденттер ретінде танылады.

Қаулы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.