• Special version
  • Mobile version

You are here

Ұлттық экономика министрінің халық алдында есеп беруіне арналған баяндамасы 2019 жылғы 19 маусым

Құрметті кездесуге қатысушылар!

***

Сіздерді жыл сайынғы есеп беру кездесуде қарсы алуға қуаныштымын.

***

Бүгін мен Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беремін.

Мен мұны маңызды іс-шара деп санаймын. Мұндай іс-шарада біз не істедік, не істеп жатырмыз және болашаққа жоспарымыз туралы айтып бере аламыз.

Сонымен қатар, мен сіздерді толғандыратын сұрақтарға жауап бере аламын. Өз баяндамамда мен 2018 жылғы экономикалық қорытындыларға қысқаша тоқталамын.

Сондай-ақ, ең маңызды 3 бағыт туралы айтамын:

1) елдегі кәсіпкерлікті дамыту туралы.

2) бағалар мен тарифтер туралы.

3) өңірлерді дамыту туралы.

Содан кейін, министрлік қызметінің басқа бағыттары бойынша біз не істедік, не істеп жатырмыз және болашақта не істейтініміз туралы қысқаша баяндаймын.

  1. Экономикалық қорытындылар

2018 жылы экономикалық өсу 4,1% (төрт те бір процентті) құрады. Ол өткен жылдың деңгейін қайталады (4,1% 2017 жыл). Мұндай өсуді біз тұрақты деп атаймыз. Өйткені жалпы ішкі өнімнің өсуі 2015 жылы 1,2% (бір де екі процент) 2016 жылы 1,1% (бірде бір бір процент) болған.

Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсуі 4,0% (төрт процентті) құрады. (2017 жылдың 5 айы-3,9%).

Негізгі капиталға инвестиция 2017 жылғы 5,8%-тен 2018 жылы 17,2%-ке өсті (а.ж. 5 айда – 7,8%).

Жағдайды жақсарту мен экономиканы тұрақтандыру бағаның бірқалыпты өсуіне ықпал етті. Инфляция 2017 жылғы 7,1%-тен 2018 жылы 5,3%-ке бәсеңдеді. Ол жоспарлы дәлізде.

Қазақстандық экспорт 12,5 млрд. АҚШ долл.-на 61 млрд. АҚШ долл.-на артты. Шикі мұнай экспорты 37,8 млрд. АҚШ долл. Сонымен бірге, өңделген тауарлар экспорты 15,7 млрд. АҚШ долл.-на артты.

Мемлекеттік қаражаттың теңгерімділігі сақталды. 2018 гжылы республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ 1,2%-іне азайды.  Бұл 2007 жылдан бергі төменгі деңгей.  

Өткен жылғы өнеркәсіп өндірісі көлемі – 27,6 трлн. теңге. Бұл 2017 жылға қарағанда, 4,9 трлн. теңгеге жоғары (4,1%).

Министрліктің жекелеген нәтижелері:

2018 жылы Министрлік бюджет рәсімдерін жеңілдету жұмыстарын жүргізді. Қортындысында республикалық бюджет 99,99%-ке игерілді.

Салық заңнамасын 100 млрд.теңгеге жетілдірудің нәтижесінде салық жеңілдігі алынып тасталды және жалақыс аз жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есе азайтылды.

МЖӘ механизмдерін жақсарту есебінен өткен 2 жылда 1,36 трлн. теңгеге 500 МЖӘ шарты жасалды. Салыстырар болсақ, 2005-2016 жылдары 60,8 млрд. теңгеге 21 шарт жасалды. Бұл елеулі жетістік.

Электрондық сауда шарттары жақсартылуда. Өткен жылы оның бөлшек саудадағы үлесі 1,9%-тен 2,9%-ке немесе 92 млрд. теңгеге ұлғайды.

Нарық бәсекелестігін дамыту мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуы дамыған елдердің 15%-тік көрсеткішіне дейін төмендеді. 2017 жылы мемлекеттің экономикаға қатысы 17,3%-ке азайды.

Біздің экономикадағы көрсеткіштеріміз Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін инвестициялық тұрақтылық деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. Бұл еліміздің инвесторлар үшін тартымдылығын айғақтайды. Ұлттық экономика министрлігі S&P, Fitch, Moody’s тәрізді үш ең беделді халықаралық рейтинг агенттігімен жұмысты үйлестіруге жауапты. Министрлік рейтингті сақтау жұмыстарын жүргізеді. Біздің тарапымыздан 11 конференция ұйымдастырылып, Үкіметпен және ҚРҰБ-мен 17, ХҚҰ-мен 8, Елшіліктермен 6, квазимемлекеттік саламен 2, жеке саламен 8, үкіметтік емес ұйымдармен 5 кездесу өткізілді.

Министрлік бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Өткен жылы:

  • БЖК-2020 шеңберінде 3,1 мың жобаға қолдау жасалып,   22 мың адам кәсіпкерлікке оқытылды;
  • «Еңбек» бағдарламасының 2-бағыты бойынша (қалаларда) 1,3 мыңнан аса шағын кредит және ол бойынша 484 мемлекеттік кепілдік берілді. 2018 жылы жаңа құрал - жаңа бизнес-иеяларды дамытуға 100 АЕК мөлшерінде қайтарылмайтын мемлекеттік грант іске қосылды. Ол бойынша 3,9 мың адам өз бизнесін бастады;
  • Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ауыл мен қаланы дамытудың 11 жобасы, сумен жабдықтау бойынша  331 инвестжоба іске асырылды.
  1. Кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлікті қолдау мен оны кеңейтуге жәрдем беру үшін БЖК-2020 бағдарламасы іске асырылуда.

Өткен 3 жылда БЖК шеңберінде 247,1 млрд. теңге бөлінді.  Нәтижесінде 13 мың ШОБ жобасы қаржылай қолдауға ие болды. Бағдарламаның қатысушылары жыл сайын:

  • 175 млрд. теңге салық төлейді;
  • 10 мың жұмыс орнын құрады;
  • 3,3 трлн. теңгеге өнім өндіріледі.

Сондай-ақ тұрақты негізде жылына 20 мың адам оқытылып, бизнес әлеуетін арттыру тренингі өткізіледі. 

Кредиттік портфель сомасы 3 жылда 1,1 трлн. теңге. Бүгінде оның көлемі 37 трлн. теңге.

2019 жылғы 1 тоқсанда 715 жобаға қолдау көрсетіліп, ол бойынша 11,5 млрд. теңге төленді.

Біздің бұл мақсаттағы мақсатымыз – ШОБ-тың экономикадағы үлесін 2025 жылы 35%-ке, 2050 жылға қарай 50%-ке ұлғайту.

А.ж. тамызда жаңа Бизнестің жол картасы-2025 қабылданады. БЖК-2025-те қаржылық қолдау құралдары жақсартылады.

Іріктеуге еңбек өнімділігі және бәсекеге қабілеттілігі зор жобалар алынады. Тиімділігі төмен кәсіпорынға қолдау жасалмайды. Бұл бюджет қаражатының экономикалық нәтижелілігін арттырады.

Қаржысыз қолдауға ИТ-сервис пен бизнес үшін жаңа цифрлық шешімді қолдану бойынша мамандандырылған курстар ие болады.

Сонымен қатар, жаңа БЖК-да айналым қаражатын кредиттеу мөлшерін көбейту көзделуде. Ол 60-тан 360 млн.теңгеге дейін. Кредиттің өзі 20-дан 60 млн. теңгеге, кредиттерді кепілдендіру 85%-ке дейін.

Сондай-ақ микроқаржылық ұйымдарды Бағдарламаға банктермен қатар қатыстыру жоспарлануда. Бүгінде микрокредиттеу микро және шағын кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландырудың негізгі көзі.

Франшизалар алу мен қайта қаржыландыру кредиттері көбейеді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар көлемін 3 млн.теңгеден 5 млн. теңгеге дейін көбейтіледі.

«БЖК-2025» шеңберінде 30 мың жаңа жұмыс орны құрылып, салық түсімі 1,3 трлн. теңгеге көбейеді.

Еліміздегі бизнес жүргізу жеңілдігін жақсарту жұмысы Doing Business халықаралық рейтингі арқылы бағаланады. Оның қортындысы бойына, Қазақстан 8 позицияға көтеріліп, 28 орынға ие болды. Үздік индикаторлар – миноритарлық инвесторларды қорғау, келісім шарттарды орындау, меншікті тіркеу.  

Сонымен қатар, кері бағыттар да бар. Ол элекрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, кредит алу, халықаралық сауда.

Қазақстанның кәсіпкерлікті дамыту позициясын жасқарту бойынша Министрлік белсенді жұмыс жүргізеді. Квазиммелекеттік сала субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі «YellowPages» қағидатына сәйкес қысқартылуда. Кәсіпорындарды кең көлемді жекешелендіру орындалуда.  Мемлекеттік функциялар бәсекелі ортаға берілуде. Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мақсатында заңнамалық түзетулердің 8 пакеті әзірленді.

Инвентарлау қортындысы бойынша квазимемлекеттік саладағы рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін жыл сайын 5%-тен төмен қысқарту жоспарлануда. Сондай-ақ квазимемлекеттік сала ұйымдары мен олардың әкімшілік персоналын қысқарту жүргізіледі.

Жекешелендіру және экономиканы мемлекет иелігіненалу мақсатында 495 млрд. теңгеге 492 нысан сатылып, 282 нысан тартылды.

Биыл 102 нысан, 2020 жылы 22 нысан сатылады.  

Бұл ретте экономика саласында 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жаңа мемлекеттік компания құруға мораторий жарияланды. Бұған әлеуметтік және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласы жатпайды.

Мұның барлығы мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін күшейтуге және мемлекеттің бизнеске қатысуын азайтуға, мемлекеттік органдардың штат саны мен шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, биыл мемлекеттк функцияларды бәсекелі ортаға сапалы және жүйелі беруді қамтитын заң қабылданды.  

Заң арқылы азаматтардың өзін өзі реттеуді дамыту жолымен шешім қабылдау процесіне қатысу және мемлекетке тән емес функциялардың бәсекелі ортаға берілу мүмкіндігін арттырудың құқықтық негізі салынып отыр.

Бұл бойынша ағымдағы жылы бәсекелі ортаға 50 мемлекеттік функция беріледі.

Заңнамалық түзетулердің 8 пакеті дайын. Өзгерістер кәсіпорындарды электрондық тіркеу жүйесін құру мен бастапқы құрылыс нысандарына техникалық төлқұжатты жоюға арналып отыр.

  1. Инфляция

2018 жылы баға индексі 5,3% деңгейінде.

Азық-түлік 5,1%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,4%-ке қымбаттады.

Бұл ретте жалпы инфляция дегеніміз еліміздегі 510 тауар мен көрсетілетін қызмет бағасының орташа өсу көрсеткіші екенін ескеру қажет. Кейбір тауар бағасының өзгеруі оның тұтыну себетіндегі үлесіне байланысты және ол үнемі инфляция көрсеткішімен дәл келе бермейді. Сондай-ақ әр өңірдегі бағаның өсуі де әртүрлі.

Табиғи монополия субъектілерінің қызмет тарифіне қатысты Министрлік өткен жылы коммуналдық қызмет тарифінің орташа жылдық өсуін 2017 жылғы 8,6%-тен 2,45%-ке дейін төмендетуге қол жеткізді. Мәселен, ыстық судың 2017 жылы  10,9%-тен 2018 жылы 2,2%-ке, электр энергиясы 5,0%-тен 1,1%-ке, газ – 11,4%-тен 2,7%-ке, жылу 9,9%-тен 2,6%-ке азайды.

Ағымдағы жылы тариф өсуі орта есеппен мүлде 2,4%-ке азайды. Мәселен, сумен жабдықтау саласында 8%, су тарту 6,6%, жылу 12,1%, газбен жабдықтау 8,8%, электрмн жабдықтау 7,7%.

А.ж. 5 айда табиғи монополия және жер ресурстарын қорғау субъектілеріне 87 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Бүгінде 32 субъект 71,4 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы 39 ұйғарым енгізілді.

Біздің министрлік халықпен кері байланыс орнатуға көздейді. Азаматтардан келетін өтініштер мен шағымдарға талдау мен мониторинг жасалады. Биылғы жыл басынан бері менің жеке блогыма ТКШ мәселесі бойынша 457 өтініш келді. Барлық өтінішке жауап қайтарылды. Сондай-ақ 303 өтініш бойынша нысанға бару жолымен тексеру жүргізіліп, 199-ы бойынша жағдай түзетілді.  

Баға өсімін тежеу және баға келісімін болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақты мониторинг пен талдау жасалады.

ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың баламалы шаралары енгізілді, олар:

  • ӘКК арқылы тұрақтандыру қорларын құру;
  • Сауда желілерінің әлеуметтік азық-түлік тауарларын нарық бағасынан төмен сатуы туралы міндеттеме;
  • әкімдіктердің әлеуметтік азық-түлік тауарларына шекті ұйғарынды баға белгілеуі;
  • әрбір әкімдікте шекті сауда үстемақыларын келісу және тағы да басқалар.

Бағаны тежеудің тиімді тәсілі КТО (көтерме-тарату орталықтары) құрылысы.

Бұл орталықтар азық-түлікті сатып алу, сақтау, орау, сату, тасымалдау боынша кең көлемде қызмет көрсетеді.

КТО көпатқарымдылығы халықты қолайлы бағада ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың жұмысы делдалдарсыз жүзеге асырылады.

  1. Өңірлерді дамыту

Еліміздегі өңірлік саясат халықтың тұрып жатқан жеріне қарамастан бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын артыруға бағытталған.

Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға дейін іске асырудың қортындысы бойынша:

  • урбандалу деңгейі 58,2%-ке жетті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,8%-ке артық.
  • 2018 жылы қалаларда орталық сумен жабдықтау 94,5%, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,7 п.т. артық.

Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу 59,9%, бұл 2017 жылмен салыстырғанда –2,5 п.т. артық.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд.теңгеге бюджеттік кредит берілді.

2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған  1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда.

ЖӨБ бюджетінің басты ерекшелігі жергілікті мәселелерді шешуге 7,6 млн. азаматтың қатысуы.

ЖӨБ органдарының тұрақты дамуы мен дербестігін қамтамасыз ету үшін қосымша салық және басқа да түсімдерді беру арқылы ЖӨБ-тің табыс көзін арттыру, әкімдер мен олардың әкімшілік қызметкерлерін оқыту жұмысы жүргізіледі.

Ағымдағы жылы Министрлік өңірлік даму бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжат әзірледі.

Елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа болжамдық схемасы жасалады.

Болжамдық схема өңірлерді дамыту стратегиясын айқындайды. Оның шеңберінде өңірлерді дамытудың 2030 жылға дейінгі демографиялық болжамы әзірленеді.

Болжамдық схемада назар басқарылмалы урбандалу негізіндегі өсу нүктелерін дамытуға аударылады. Өңірлердегі өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің өңірлік стандарттары белгіленеді.

Бұл арқылы бюджеттік ресурстарды тек басты бағыт пен өсу нүктелері бойынша шоғырландыруға мүмкіндік туады. Нәтижесінде экономикалық белсенділік артып, интеграциялану есебінен қалған аумақтардың әлеуеті артады.

Болжамдық схема мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттарды орындаудың негізі. Бұл бірінші кезекте, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы.

Ол халықтың тұрмыс сапасын қалалық аудандарда, моно- және шағын қалалар мен тірек ауылдардағы инфрақұрылымды дамыту арқылы арттыруға бағытталады. .

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент секілді ірі қалалардың және облыс орталықтарының инфрақұрылымы жақын орналасқан ауылдармен бірге дамиды.

Өңірлерді абаттандыру, халықты ауыз сумен және су тарту қызметімен тиімді және үнемді қамтамасыз ету міндеті шешіліп, жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ахуалы жақсартылады.

Өңірлерді 2025 жылға дейінгі дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қортындысы бойынша орталық сумен жабдықтау жүйесіне: қалаларда 97%, ауылдарда 62%-ке дейін қол жеткізу артады. Су тарту қалада 97%; ауылда 13%. 4385 шақырым сумен жабдықтау және 616 шақырым су тарту желісі салынады.

Ағымдағы жылы аумақтарды дамыту бағдарламасының форматы өзгертіліп, жеңілдетіледі.

Ірі қалаларды дамытудың 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімдік стратегиясы мен Шымкент және Семей қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары әзірленеді.

Бұл жоспарларды жүзеге асыру халықтың әлеуетін тұрған жеріне қарамастан әлеуметтік және экономикалық игіліктерге қол жеткізуінің есебінен арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның қабылданған шаралары 2025 жылға қарай еліміздің урбандалу деңгейін 62%-ке арттыруға және өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы ІӨӨ алшақтығын 2,8 есеге азайтуға мүмкіндік береді.  

Бүгіннің өзінде әлем халқының 50%-і қалада тұрады. Бұл ретте ЖІӨ 55%-і халық саны 500 мыңнан асатын ірі қалаларда қалыптасады.

Урбандалу деңгейінің 1%-ке артуы ЖІӨ-нің 0,12%-ке ұлғаюына алып келуі мүмкін. Қала екі есе өскен сайын, оның өнімділігі 15%-ке артады. Ірі қалалар инвестициялар мен инновациялар үшін тартымды болмақ. Ірі қалалардың маңында ауыл шаруашылығы дамиды.

Ауылдық аумақтарды дамыту өңірлер үшін аса маңызды. Осы мақсатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылады.

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша келешегі зор ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу, салу және қайта құру мақсатты түрде орындалмақ.

Жоба кластерлік тәсіл арқылы іске асырылады.

Кластерлік тәсіл:

  • Тірек ауылдарды іріктеп, жақын орналасқан серік-ауылдарды барынша қамтуға;
  • Бюджет қаражатын ауылдық аумақтарды дамытуға тиімді түрде бағыттауға;
  • 2025 жылға дейін 6,5 млн. ауыл тұрғынын жақсартылған инфрақұрылыммен және игіліктермен қамтуға мүмкіндік береді.
  1. ҰЭМ қызметінің басқа да мәселелері:

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫ

2018 жылы тиімді салық реформасы жүргізілді. Жаңа Салық кодексі күшіне енді. Оның жаңалығы өндіріске, геологиялық барлауға, мұнай операцияларына инвестиция тартуға арналуында. Шетелдік табыс көздеріне бақылау енгізілді. ШОБ-қа салық салу шарты жақсартылып, әкімшілендіру рәсімі жеңілдетілді.

Салық төлеушінің адалдығы қағидаты енгізілді.  

 

ШОБ дамуы үшін арнайы салық тәртібі сақталып, оны қолдану шарты жақсартылды.

Патентте саудадан басқа мөлшерлеме 2-ден 1%-ке азайтылды. Олар үшін 2%-тік мөлшерлеме сақталып қалды.  сохранена. Егер төлемді карточка арқылы қабылдаса, мөлшерлеме 2% емес, 1%.

Инвестицияны ынталандыру мақсатында геологиялық барлаудағы салықтың жаңа тәсілдері көзделген.

Теңіз және терең кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізілді. Ол жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін ауыстырады және қаржылық көрсеткіштерге тәуелді болады.

Қатты пайдалы қазбалар үшін австралиялық тәжірибе негізінде жалдық төлем механизмі енгізілді.

Жаңғырту және қайта құру жобаларын ынталандыру мақсатында КТС жеңілдігі енгізілді. Егер инвестиция 5 млн. АЕК-тен төмен болмаса, онда жеңілдік 3 жылдан аса мерзім бойы әрекет етеді.

Сондай-ақ, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілерді ынталандыру көзделген.

Салық төлеушінің адалдығына негізделген үш бағытты әкімшілендіру енгізілді.

Жоспардан тыс салықтық тексеру негіздемесі 56%-ке қысқартылды.

Сонымен бір уақытта жаңа Салық кодексінде қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігінде туындайтын мәселелерді шешу де көрініс тапты.

Мәселен, жалақысы аз жұмысшылардың салық жүктемесі азайтылды.

Тұрғылықты жерге тіркеу үшін алынатын мемлекеттік баж шегерілді.

Жетім балаларды асырап алушылар табыс салығынан жылына 2,2 млн теңге шегінде босатылды.

Мүгедек баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік беріледі.

700 мың теңге шегіндегі жеке қосалқы шаруашылық табысына табыс салығы салынбайды.

Мемлекеттік нөмір телнұсқасына мемлекеттік баж оны жоғалтқан жағдайда 2 есе азайтылды.

Автомобиль иелері үшін тағы бір жаңалық – автомобильді айдап кеткен жағдайда меншік иесі көлік салығын төлемейді. Есептен алынған-алынбағанына қарамайды. Бұрын екі, одан да көп жыл өтсе де, есептен алынбайынша, салық төлене беретін.

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК

Экономиканы және бәсекелестікті дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тереңдетілуде. Бұл дегеніміз бюджет жүктемесінің азайтылуы мен инвестиция тарту. Мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығы. Халыққа көрсетілетін қызметтің сапалылығы мен мемлекеттің қатысуының төмендеуі.

Бюджеттік шектелер жағдайында МЖӘ нысандар, тауарлар, қызметтерге бірден қол жеткізіп, кейінге қалдырылған төлем арқылы жүзеге асырылады.  

Мәселен, 320 орынға арналған балабақша құрылысын мысалға келтірелік. Бюджеттік инвестициялық жоба ретінде мемлекеттік бюджет шығыны бір жыл ішінде 740 млн. теңге.

Ал МЖӘ механизмі арқылы іске асырылған жағдайда, нысан инвестордың есебінен салынады. Іске қосылған соң, мемлекет жеке инвесторға салынған инвестицияны бірнеше жыл бойы өтейді. Яғни, 5 жыл ішінде 148 млн.теңге.

МЖӘ бүгінде-ақ халықтың өмірін жақсартуға мүмкіндік беруде.

Жалпы 2005 жылдан бері МЖӘ механизмін қолдану арқылы 442 нысан салынды. Білім саласында 207 балабақша, 29 мектеп пен 24 колледж іске қосылды. Денсаулық сақтау саласында 7 емхана мен аурухана, 51 ФАП, дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем стансасы, 8 медициналық зертхана салынды. 9 дене-сауықтыру кешені, 22 БЖМ, мұз сарайы мен теннис орталығы тұрғызылып, 4 тұрғын үй мен 4 әлеуметтік орталық іске қосылды.

ІШКІ САУДА

Ішкі сауданың ЖІӨ құрылымындағы үлесі тұрақты 2-орында. Ол 16,8%.

Сауда саласында Қазақстанның 1/3 ШОБ-ы жұмыс істейді. Онда 1,5 млн. адам еңбек етсе, бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде.

2018 жылдың қортындысында 17 базар заманауи форматқа көшіріліп, 26 сауда нысаны іске қосылды.

Бүгінде Министрліктің негізгі жұмыс бағдары азық-түлік бағасын тежеуге және электроындық сауданы дамытуға арналып отыр. Бағаны тежеу үшін мыналар көзделуде:

- әкімдіктердің әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға күрт өсуі кезінде шекті баға белгілеу мүмкіндігін енгізуі;

- сауда желілерінің әлеуметтік тауар үшін төлемақы өндіруіне тыйым салуын белгілеу;

- ӘМАТ-қа шекті сауда үстемақысын белгілеу;

- қазақстандық азық-түлік тауарлары үшін выделение 30%-тік сөре кеңістігін бөлу.

Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2030 жылға дейін ЖТС және КТС жойылды.

Экспорттық тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдетілді. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау институты күшейтілуде. Электрондық саудадағы сатып алушы кәдімгі саудадағыдай қорғалған.

БЮДЖЕТТІК-САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

Тиімді бюджеттік-салықтық саясат жүргізіледі. Ол мемлекеттік қаржыны иекемді және қолайлы салықтық ортада қолдауға бағытталған.

2020-2022 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік шығындар, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызмет түрлері қайта бөлініп, оңтайландырылады. Құрылыс шығындарының, мемлекеттік сараптама өткізуді қоса алғанда, тиімділігі күшейтіледі.

Бюджеттік қатынастар саясаты өңірлік экономиканы дамыту мен ЖАО қаржылық дербестігін кеңейтуге бағытталады.

2020 жылдан бастап, жергілікті бюджеттерге ШОБ КТС түсімдері қосымша беріледі. Бұл 400 млрд. теңге қосымша жергілікті табыс.

Бұл ЖАО-ның бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі дербестігі мен жауаптылығын күшейтеді. ШОБ дамуына әсер етіп, кәсіпорындар санын көбейтеді. Өндірісті ұлғайтып, өңірдегі салық базасын үстемелейді. Жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу үшін тұрғындар да бел шешіп кіріседі.

Сондай-ақ биыл өңірлерде 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер белгіленді. Трансферттер бойынша өңірлердегі әлеуметтік нысандардың дамуына, құрылысы мен инфрақұрылымға көбірек мүмкіндік беріледі.

Бюджет процестерін реформалау жұмысы жалғастырылады. Ондағы басты мақсат – бөлінген бюджет қаржысының әрбір теңгесінің тиімді болуы.

Салық саясаты бойынша негізгі жұмыстар орындалды. Оны алдағы жетілдіру ақшасыз төлемді ынталандыруға, салық салу базасын кеңейтуге, халық пен бизнестің салық төлеу рәсімдерін жеңілдетуге арналады.

Қазіргі уақытта ақшасыз төлемге белсенді түрде ауысу жүргізілуде. Ақшасыз айналым көлеңкелі экономиканы азайтудың, бизнес табысының айқынжылығы мен адал бәсекелестікті арттырудың құралы.

Жаңа инвестицияларды тарту, сондай-ақ жаңа өндірісті дамытуды ынталандыру мақсатымен инвестициялық салық кредиті енгізіледі.

Кредит КТС бойынша және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. Ол процентсіз, алайда, инвестициялық бағдарлама орындалмаған жағдайда өсімпұл алынады.

Салық салу базасын кеңейту өзекті болуда.

Сондай-ақ, салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салықты және әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге мәжбүр. Бұл ретте салық сомасы аз, ал әкімшілік шығын едәуір.

Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады.

Көлік салығын төлеу мерзімін өзгерту көзделуде. Қазірде салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап, салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарлануда (яғни, бізде нақты 15 ай бар). Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы.  

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – адал салық төлеушінің мүддесін қорғау.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Инвестиция тартудың кешенді экожүйесін құру үшін Министрлікке берілген құзырет шеңберінде инвестиция тартудың тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыруға назар аударылады. Бұл жерде тек шетелдік қана емес, отандық инвестицияға да назар аударылады.  

Министрліктің жанында инвестициялық заңнама мен климатты жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Инвестициялық Штаб жұмыс істейді.

Оның шеңберінде мынадай заңанамалық өзгерістер орын алуы тиіс:

  • инвесторларға экономиканың басым салаларындағы ірі жобалар бойынша тұрақты жағдай туғызу;
  • инвестициялық салық кредиті;
  • салықтық заңбұзушылықтарды қылмыс деп танымау;
  • көші-қон, еңбек, кеден, қылмыстық заңнаманы жетілдіру.

Премьер-Министрдің төрағалығымен Инвестиция тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған.

Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы біздің Министрлік.

Бұдан басқа, МЖӘ негізінде «Бірыңғай терезе» енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл инвесторларға денсаулық сақтау, ТКШ, туризм секілді қызықты салалардағы жобаларды табуға көмектеседі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

Халықаралық сауданы дамыту экономикалық белсенділіктің маңызды бөлігі.

Экспортты жылжыту шеңберінде экспортты қаржылай және қаржысыз қолдау шаралары қабылданады.

ЕАЭО елдерімен саудадағы экономикалық мүдделерді қоорғау бойынша 26 кедергі жойылды.

Предотвращены 5 антидепминговых мер в отношении Казахстана со стороны иностранных государств. Сняты риски по транзиту казахстанского угля и сжиженного газа.

Қазақстанға қатысты шетелдік мемлекеттер тарапынан 5 демпингке қарсы шара еңсерілді. Экспорттаушылардың рәсімдерін жеңілдету үшін «Бірыңғай терезе» енгізіліп, қызметтер автоматтандырылды.

Экспорт географиясын кеңейту үшін «Жақын орта» елдеріне отандық тауар жеткізу мәселесі пысықталуда. Біздің бағалауымызша, 2022 жылға қарай, өзіміз өндіретін/өндіре алатын, жақын елдер басқа мемлекеттерден импорттайтын тауарлар бойынша 8,1 млрд. АҚШ долл.-на экспортты арттыру мүмкін болады.  

Үндістан, Египет, Израиль және Сингапурмен сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер жасалды.

Бұдан басқа, ТМД шеңберінде Қызмет көрсетулердің еркін сауда туралы келісімінің жобасы талқыланады. 

***

Сіздермен тиімді және жедел кері байланыс орнату үшін еgov-та  «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталы жұмыс істейді. Сіздердің әрқайсыларыңыз сол жерде әзірленіп жатқан заңнамалық актілермен танысып, өз пікірлеріңізді бере аласыздар.

«Ашық диалог» порталында интернет-конференциялар мен сауалнама жүргізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, бұлар онлайн тәртіпте пайдаланушылардың дәлелді жауап алуына оңтайлы. Біз үшін кері байланыс және сындарлы ұсыныс алаңы.

Бұдан басқа, Министрлікте «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Ол жерде сіздер сыбайлас жемқорлық мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлай аласыздар.

Сондай-ақ, Министрлік сайтында біз «Идеялар жәшігін» іске қостық. Әрбір ынта білдірген адам ол жерге экономикамыздың дамуы туралы өз ұсынысын тастай алады. Барлық түскен сауалдарды Министрліктегі сарапшылар командасы қарайды.

Мен үшін сіздердің сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыздың барлығы маңызды. Сіздер біздің ведомствоның ресми сайты арқылы блогқа да, еgov арқылы да, әлеуметтік желілер арқылы да хат жаза аласыздар.

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Ағымдағы жылғы біздің Министрліктің жұмысының негізгі бағыты – кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тартуды ынталандыру, мемлекеттік шығындар мен салықтық-бюджетік саясаттың тиімділігін арттыру.

МЖӘ дамыту, бәсекелстік, экономикаға мемлекеттің қатысуы жеке кәсіпкерлікті жандандыруға ықпал етеді.

Маңызды міндеттердің бірі өңірлерді дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік меншікті жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Қойылған міндеттерді табысты іске асыру тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, макроэкономикалық тұрақтылыққа ықпал етеді.

Назарларыңызға рахмет!