• Special version
  • Mobile version

You are here

«Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты баяндама

Хельсинки қаласында 2018 жылғы 16 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Негіздемелік келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы ұсынылады.

Келісім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік инвестициялық банктің қызметін ашуға мүмкіндік береді.

Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылды және Скандинавия мен Балтық елдері мүше болып табылатын көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Хельсинк қаласында орналасқан.

Солтүстік инвестициялық банктің жарғылық капиталы 6 млрд. 142  млн еуроны құрайды, ол мүше елдердің төлемдерінен қалыптасады.

Солтүстік инвестициялық банктің жалпы кредиттік портфелі 2018 жылы 19,1  млрд.еуроны құрады. Қарыздар 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Солтүстік инвестициялық банктің стратегиясына сәйкес кредиттік портфельдің шамамен 20% оның мүшелері болып табылмайтын елдерге беріледі.

Солтүстік инвестициялық банк қаржыландыруының негізгі бағыттары энергетика, «жасыл экономика», телекоммуникация, көлік, өнеркәсіптің түрлі салалары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты секторлар және шағын және орта бизнес болып табылады.

Келісімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген нормалар, атап айтқанда валютаның айырбасталуы және қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ Солтүстік инвестициялық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату жөніндегі нормалар белгіленеді.

Бұл халықаралық ұйымдардың стандартты шарттары.

Келісім мүшелік жарналар және бюджеттен басқа да төлемдерді талап етпейді.

Келісімді ратификациялау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.