• Special version
  • Mobile version

You are here

News

13.09.2019 г.
В Нур-Султане рассмотрены поправки по вопросам налогообложения

Нұр-Сұлтан қаласында салық салу мәселелері бойынша түзетулер қаралды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік орган өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық климатты жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын кәсіпкерлік қоғамдастықпен талқылады.

Кездесуге Ұлттық экономика министрлігінің атынан вице-министр Мәди Такиев пен Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Әмрин қатысты.

Кездесу барысында салық салу, инвестициялық саясат, монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша өзгерістерді көздейтін түзетулер таныстырылды.

Кездесуге қатысушылар енгізілген түзетулерді талқылауды жалғастыруға келісті.