• Special version
  • Mobile version

You are here

Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша орындалуы

Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспардың іс-шаралары мемлекеттік қаржы мен бюджет тиімділігінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыруға және жеке сектордың ынтымақты жауапкершілігін кеңейтуге, бюджеттік инвестициялар бойынша тәсілдерді реформалауға, салық жүйесінің экономикалық қайтарымдылығын арттыруға, мемлекеттік борышты және квазимемлекеттік сектордың борышын қауіпсіз деңгейде ұстауға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалануға және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған.

Іс-шаралар жоспарында барлығы 37 іс-шара көзделген.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 28 іс-шара орындалған, екі іс-шара бойынша жұмыс жоспарлы түрде аяқталуға жақындады, жеті іс-шара жыл сайынғы негізде іске асырылуда.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде бюджетті атқару және бюджетті атқарудың бюджеттік есептілігін оңтайландыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігін арттыру бөлігінде бюджеттік заңнама жетілдірілді.

Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен іске асырылуын бағалаудың әдіснамалық тәсілдері қайта қаралды, ол бюджетті жоспарлау мен оның нақтылауы кезінде бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Макроэкономикалық болжамның нақтылануына және қаражаттың басым бағыттарға қайта бөлінуіне байланысты, бірнеше рет бюджеттік шығыстарды оңтайландыру жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы, автомобиль, темір жол көлігі және авиақатынасы бойынша көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді субсидиялаудан тұтынушыларды атаулы қолдауға көшу осы кезеңде өнімсіз деп танылды, ал тұрғын үй қатынастары мен әлеуметтік салада атаулы әдіс өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты энергия үнемдеуге ынталандыру және оған инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасалды.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі тиісті актілерге оларды іске асырудың барлық сатыларында жобалардың құнын көтеруге ынталандыруларды болдырмауды көздейтін өзгерістер енгізілді, сондай-ақ үлгілік әлеуметтік нысандар жобаларының құнын оңтайландыру мақсатында тексеру жүргізілді.

Квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік инвестициялардың инвестициялық саясатының келісімділігі квазимемлекеттік сектордың бюджеттік инвестициялардың бірыңғай салалық инвестициялық картасын қалыптастыру бөлігінде қамтамасыз етілді.

Концессиялық міндеттемелерді (республикалық бюджеттің кірісінен

20%) қабылдау бойынша шектеулер, сондай-ақ концессиялық міндеттемелердің есепке алу және мониторингілеу тәртібі регламенттелді.

Жаңа бюджет сыныптамасының кодын, Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыру бойынша Ұлттық есепке қосымша түрінде деректердің бірыңғай форматын енгізу жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мен олардың пайдаланылуы туралы толыққанды және дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ақпарат бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесінің сайтында, онлайн режимде қолжетімді.

Бюджет кодексіне 2017 жылғы қарашада енгізілген түзетулер мемлекеттік секторда есептеу әдісіне көшіру үшін құқықтық негіздеме жасады. Түзетулер «болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік» ұғымын, бюджеттер жобасының құрамында болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру және ұсыну жөніндегі баптарды, республикалық бюджет үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жүргізу мерзімін көздейді.

Республика өңірлерінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау мақсатында жеке табыс салығын есептеудің қолданыстағы тәртібі сақталған.

Қолданыстағы салықтық жеңілдіктерді тексерудің нәтижесі бойынша 200,0 млрд. теңгеге жеңілдіктер алынып тасталды.

Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасына Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері біріктірілді.

Бюджет кодексіне 2017 жылғы шілдеде және қарашада енгізілген түзетулер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын реттеумен байланысты мәселелерді шешу үшін құққықтық негіздеме жасады.

Квазимемлекеттік сектордың неғұрлым ірі субъектілері өз шешімдерімен меншікті борыш пен қаржылық орнықтылықты басқарудың өз саясатын бекітті.

Ұлттық қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді, сондай-ақ 2015-2016 жылдары облигациялық қарыздарды бөлу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің хаттамалық шешімдері қабылданды.

Ұлттық қордың активтерін тұрақтандыру және оның активтерін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы тіркелген кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық қорды пайдалану жөніндегі шектеулерді көздейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қабылданды.

Салалық заңнамаға жергілікті органдарға жылумен жабдықтау кәсіпорындары отынының құнын субсидиялау бойынша өкілеттік беруді көздейтін өзгерістер енгізілді.

2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен КТС түсімдерін беру мәселесі пысықталды. ШОБ-тан КТС беру жергілікті атқарушы органдарға өңірлік экономиканы дамытуға және жергілікті бюджеттің меншікті кірістерін арттыруға қосымша ынталандыру береді.

Жергілікті бюджеттердің бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары болжамын ұлғайтуды көздейтін «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 –  2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауы даму бюджеті шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаржыландыру салаларының аражігін ажыратуды қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта екі тармақ бойынша жұмыс жалғасуда және кезең-кезеңімен аяқталу сатысында.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру үшін заңнамалық негіздеме қамтамасыз етілді. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомстволары, олардың аумақтық органдары, Әділет министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаменті және астана аудандарының әділет басқармалары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысының әкімдіктері базасында  жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.

Жаңа еңбекақы төлеу жүйесін пилоттық сынақтан өткізу қорытындысы бойынша оны басқа мемлекеттік органдарға тарату туралы мәселе қаралатын болады.

Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп коммерциялық қызметтік бағдар және көрсетілген қызметтен алынған кірістер есебінен қаржыландыру мүмкіндігі тұрғысынан ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметін талдау бойынша жұмыс жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша бірқатар мемлекеттік мекемелер көрсетілген қызмет көлеміне байланысты қаржыландыруға ауыстырылған. Жол көлігі саласында 16 зертхананы біріктіру және «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған.