• Special version
  • Mobile version

You are here

Ұлттық экономика министрі Р.Дәленовтің 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша сөйлейтін сөзі

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталды.

Бұл жалпы ішкі өнімнің 3,8% деңгейінде өсуі, 89 млн. тонна көлемінде мұнай өндіру.

Мұнайдын әлемдік бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4,0-6,0% шегінде сақталған.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы параметрлерінің сақталу факторлары:

- сыртқы нарықтар бойынша болжамның сақталуы;

- ағымдағы жылғы тоғыз айдағы көрсеткіштер динамикасы;

- ағымдағы жылғы наурыз айындағы түзету.

Республикалық бюджет кірістерін 95 млрд. теңгеге мыналардың есебінен ұлғайту ұсынылады:

- салықтық түсімдерді 12,0 млрд. теңгеге;

- салықтық емес түсімдерді 83,0 млрд. теңгеге.

Салықтық емес түсімдер 83,0 млрд. теңгеге мыналардың есебінен ұлғаяды:

дивиденттер түсімін 50 млрд. теңгеге, 66 млрд. теңгеге дейін ұлғайту;

түсімдерді 33 млрд. теңге сомаға нақты түсімдер.

Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2019 жылы 7 трлн. 81 млрд.теңгені құрайды.

Түсімдер түрлері бойынша кірістер құрылымы сақталады.

Көлемді түсімдерді қосылған құн салығы (2,8 трлн. теңге), корпоративтік табыс салығы (2,0 трлн. теңге), халықаралық саудаға салынатын салықтар (1,5 трлн. теңге) құрайды.

Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген 1 трлн. 365 млрд. теңге деңгейінде сақталады. Жалпы ішкі өнімге қатысты бұл 2,1% процентті құрайды.

Мұнай емес тапшылық, яғни мұнай кірістерін қоспағанда,  жалпы ішкі өнімге қатысты 8,5% процентті немесе 5,5 трлн. теңгені құрайды.

Мұнай емес тапшылықтың параметрлері белгіленген фискалдық қағидаларға сәйкес келеді.

Республикалық бюджеттің параметрлері нақтылауды ескере отырып, мынадай болады.

Түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд. теңгеге өсіп, 10,7 трлн. теңгені құрайды.

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер өспейді.

Шығыстар 95 млрд. теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді.

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн. теңгеден асады.

Осылайша, түсімдер 10,7 трлн. теңгені, шығыстар  12  трлн. теңгені, тапшылық 1,4 трлн. теңгені құрайды.

Назарларыңызға рахмет!