• Special version
  • Mobile version

You are here

ВАК отырысы

Ағымдағы жылғы 26 қарашада  сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  отырысында ҚР ҰЭМ әзірлеушісі болып табылатын Заң жобаларының тұжырымдалары қаралады:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.

Журналистерді тіркеуді  ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі жүргізеді.