• Special version
  • Mobile version

You are here

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Қәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғ. Джолдыбаевтың баяндамасы. Брифинг СЦК, 27.05.16

Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына тапсыру арқылы азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді ескеретін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 97-қадамын іске асыру мақсатында «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң қабылданды.

Заң ауыртпалығы төмен және әлдеқайда тиімді бақылау нысанын енгізуге, мемлекеттік реттеудің келеңсіз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Заңмен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің жаңа институтының енгізіліп жатқанын атап кеткен маңызды. Заң кәсіпкерлер мен кәсіпқойларға саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелерін және талаптарды өз бетінше айқындауға мүмкіндік береді.

Заңға сәйкес өзін-өзі реттеу – бұл жеке және заңды тұлғалардың өз қызметін өз бетінше реттеуге бағытталған шаралар кешені.

Бұл ретте, Заңмен ерікті және міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеудің екі түрі анықталатынын атап кеткен жөн.

Ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеумен бірге әрекет етіп, өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне заңнамамен белгіленген талаптардан жоғары талап орнатады.

Міндетті өзін-өзі реттеу салалық заңдармен енгізіледі және мемлекеттік функцияларды іске асырумен немесе мемлекеттік органдармен орындалатын белгілі бір функцияларды бөлу қажеттілігімен байланысты.

Бұл ретте, функцияларды тапсыру нарықтың оған дайын болуына байланысты. Осы мақсатта міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен міндетті түрде реттеушілік әсерге талдау жүргізуі ескеріледі.

Жалпы, «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң негіздемелік болып келетінін және өзін-өзі реттеудің келесі негізгі белгілерін орнататынын атап кеткен жөн, олар мыналар:

1)            бекітілген салалық, ішкі ережелер мен стандарттар;

2)            өз мүшелерінің қызметін бақылау;

3)            ортақ мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету.

Жоғарыда аталған белгілер тұтынушылар алдында кәсіпкерлер тарапынан өзін-өзі реттеу ұйымының әр мүшесінің әрекетіне кепілдік болып келеді.

Бұл ретте, адал кәсіпкерлер ұйымның жозықсыз мүшелерін мүшеліктен алып тастауға мүдделі болады, бұл өз кезегінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің жағдайына оң әсер етеді.

Бұдан әрі өзін-өзі реттеу ұйымдары қызметінің ерекшелігі салалық заңнамада көрініс табады.

Заңның 23-бабына сәйкес барлық реттеу органдары 2017 жылғы мамырға дейін кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігімен қолданыстағы коммерциялық емес ұйымдар базасында міндетті өзін-өзі реттеу ұйымдарын құруға бағытталған шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс.

Бүгінде өзін-өзі реттеудің жеке элементтері аудиторлар, бағалаушылар, нотариустар мен басқа бірлестіктердің қолданыстағы тәжірибесінде кездеседі.

Аталған бірлестіктер мысалында қызмет саласына, олардың әрқайсысында корпоративтік басқарудың жеке элементтерінің болуына байланысты өзін-өзі реттеудің алуантүрлілігіне көз жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен Өзін-өзі реттеу ұйымдарының тізілімін енгізу қағидаларын бекітуді ескеретін «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданды.

Қағидалармен коммерциялық емес ұйымды өзін-өзі реттеу ұйымдарының тізбесіне қосу тәртібі орнатылады және оны енгізу тәртібі айқындалады.

Сондай-ақ, міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу ерекшелігін жан-жақты есепке алу мақсатында реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде Ұлттық экономика министрлігі нақты салада міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуден пайда болатын табыстар мен шығыстарды салыстыру мүмкіндігін бекітуге бағытталған реттеушілік әсерге талдау жүргізу рәсімін өткізудің қолданыстағы тәртібіне түзетулерді ескеретін Министрдің бұйрық жобасы әзірленген.

Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік органдар өкілдерімен бірігіп аудиторлық және бағалау қызметінде өзін-өзі реттеу институтын енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер жүргізілген.