• Special version
  • Mobile version

You are here

About approval of the State program of infrastructural development of “Nurly Zhol” for YY2015-2019

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

2. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама);

2) осы қаулының қосымшасына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар:

1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты игеру жөніндегі ақпаратты және тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөнінде ақпарат берсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Б. Сағынтаев