• Special version
  • Mobile version

You are here

On additions in the order of Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan from March 20, 2015 № 245 "On approval public service standards in regulation of natural monopolies"

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 7-1) тармақшасындағы «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін» деген сөздер «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

«7-2) осы бұйрыққа 7-2-қосымшаға сәйкес «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                           Т. Сүлейменов