• Special version
  • Mobile version

You are here

On amendments in certain Chairman's decrees of Agency of the Republic of Kazakhstan on Regulation of Natural Monopolies

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8711 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«1. Осы Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Кағидалар) қызметтердің реттеліп көрсетілетін және реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер есебінің, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметалар әзірлеудің және тарифтер есептеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер немесе мұнай тасымалдаушы ұйымдар) бөлек есепке алуын жүргізу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бөлек есепке алу реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы ақпаратты жинау мен қорыту жүйесін, сондай-ақ мұнай тасымалдаушы ұйымдардың табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) кірістер, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) кезең-кезеңмен жасауын және ұсынуын білдіреді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мұнай тасымалдаушы ұйымдарының бөлек есеп жүргізуі реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес бөлінуін қамтамасыз етуге тиіс.»;

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар табиғи монополиялар туралы заңнамаға және «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Кірістерді, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүргізу реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша қызметтің әрбір бағытының шеңберінде жүргізіледі.»;

«Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 231-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8712 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) «Егемен Қазақстан» газетінде  жарияланған):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«1. Осы Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифтер қалыптастыру мақсаты үшін бөлек есепке алуды жүргізудің тәртібі мен негізгі қағидаттарын айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бөлек есепке алу реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызмет  бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы ақпаратты жинау мен қорыту жүйесін, сондай-ақ газ тасымалдаушы және (немесе) газ таратушы ұйымдардың табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) кірістер, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) кезең-кезеңмен жасауын және ұсынуын білдіреді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Газ тасымалдаушы және (немесе) газ таратушы ұйымдарының бөлек есепті жүргізуі кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша бөлуді қамтамасыз етеді.»;

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар табиғи монополиялар туралы заңнамаға және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Газ тасымалдаушы және (немесе) газ таратушы ұйымдардың табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтің басқа да түрлерін (тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсетуден басқа) жүзеге асыруы кезінде газ тасымалдаушы және (немесе) газ таратушы ұйымдар осындай қызмет түрлеріне сәйкес келетін қызмет көрсету процестерінің тобын бөледі және олар бойынша бөлек есепті  уәкілетті органның осындай қызмет түрлері бойынша бөлек есеп жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша қызметтің әрбір бағытының шеңберінде жүргізіледі.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                   Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

________________ Қ. Бозымбаев

2018 жылғы «5» мамырдағы