• Special version
  • Mobile version

You are here

On amendments in the order of Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan from March 3, 2018 № 92

«Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16626 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

24 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Біліктілікке қойылатын талаптар:

білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес,  жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.»;

27 және 28 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Біліктілікке қойылатын талаптар:

білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес,  жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.

28. Тиісті санатын айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

жоғары санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша бірінші санатты нұсқаушы лауазымындағы үш жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі;

бірінші санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша екінші санатты нұсқаушы лауазымындағы үш жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі;

екінші санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша санаты жоқ нұсқаушы лауазымындағы бір жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                  Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

________________ М. Әбілқасымова

2018 жылғы «____»_____________