• Special version
  • Mobile version

You are here

On amendments in the rder of Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan from December 29, 2014 № 175 "On approval the Rules to offer equal conditions access to controlled services (goods, works) in natural monopolies sphere"

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында:

5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6, 5-7, 5-8 және 5-9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу мынадай:

1) техникалық шарттарды беру туралы өтініш беру;

2) табиғи монополия субъектісінің ұсынылатын өтінішті және қоса берілетін құжаттардың толықтығын қарау;

3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру туралы тұтынушының өтінішін қарау;

4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру;

5) жұмысқа өтініш берушінің техникалық шарттарға сәйкес жұмыс жүргізу;

6) көрсетілетін қызметке қосылу кезеңдерінен тұрады.

5-2. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкімет» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы, мемлекеттік корпорация арқылы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосуға өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру кезінде тұтынушыдан қызметтерді көрсету ақысы алынады.

Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беру кезінде төлем тұтынушыдан Мемлекеттік корпорация пайдасына алынады.

Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беру кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері тұтынушының тұлғасын сәйкестендіруді жүзеге асырады және өтінішке осы Қағидалардың 16-тармағының 1) тармақшасында,          17-тармағының 1) тармақшасында, 75-тармағының 1) тармақшасында,                   92-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар туралы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоса береді.

Өтінішті тұтынушының өкілі берген кезде тұтынушының өкілі оның өкілеттілігін растайтын құжатты ұсынады.

Өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген кезде тұтынушы осы Қағидалардың 16,17,75,92-тармақтарында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

Уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияның техникалық шарттарды беруді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілері туралы өзекті ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді.

5-3. Осы Қағидалардың 16, 17, 75 және 92-тармақтарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы  арқылы берілген техникалық шарттарды беру туралы өтінішті табиғи монополия субъектісі тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда екі жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

Техникалық шарттарды беру туралы өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда тұтынушы Қағидалардың 16, 17, 75 және 92-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады және тұтынушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат еберді.

Табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды осы Қағидалардың 16, 17, 75 және 92 тармақтарына сәйкес беру туралы өтініш тұтынушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда екі жұмыс күннің ішінде қайтарады.

5-4. Өтінішті қарауға қабылдаған жағдайда техникалық шарттарды беру туралы өтінішті табиғи монополиялар субъектісі бес жұмыс күннің ішінде келесі шешімдердің бірін қабылдаумен қарайды:

1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттар беру;

2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

Осы талап Қағидалардың 5-12 тармағына сәйкес құрылыс объектілеріне техникалық шарттарды беру жағдайында қолданылмайды.

Техникалық шарттарды беру туралы өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда өтінішті қабылдау күні және табиғи монополия субъектісін қызметке қосуға арналған нәтиже беру күні табиғи монополиялар субъектісінің техникалық шарттарды беру туралы өтінішін қарау мерзіміне кәрмейді.

Техникалық шарттарды беру туралы өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда табиғи монополиялар субъектісінің өтінішті қарау мерзімі табиғи монополия субъектісіне өтініш келіп түскен күннен басталады және Мемлекеттік корпорацияның нәтиже беру күнін қамтымайды.

5-5. Мынадай жағдайларда:

1) талап етілетін көрсетілетін қызмет көлемін ұсынуға қажетті бос техникалық қуаттың болмауы;

2) көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті желілердің немесе өзге мүліктің болмауы кезінде техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.

5-6. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі:

1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтің бос техникалық қуатының тапшылығын есептеумен немесе қызметті көрсетуге қажетті өзге мүліктің не желілердің болмауы туралы уәжделген ынталандыруды ұсынады;

2) бас тартумен бірге техникалық шарттарды беруден бас тарту шешімінің көшірмесін, уәжделген негіздемені және бас тарту негізділігін растайтын ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

5-7. Уәкілетті орган техникалық шарттарды беруден бас тартуды алумен байланысты:

1) жеті жұмыс күннен кешіктірмей өтініш берушіге техникалық шарттарды беруден бас тарту негізділігін растау немесе табиғи монополия субъектісінің қызметіне тексеруді бастау үшін уәкілетті органға шағым беру қажеттілігі туралы хат жібереді; 

2) табиғи монополия субъектісінің талап етілетін көрсетілетін қызмет көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуаттың немесе желілердің не өзге мүліктің болмауы фактісі анықталған жағдайда табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны орындау қорытындылары бойынша қызметке қосылу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін өзгерісіне бастамашылық етеді.

5-8. Көрсетілетін қызметке қол жеткізуді ұсынған кезде табиғи монополия субъектісіне:

1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін ақы алуға;

2) реттелетін көрсетілетін қызметті көрсетуге жатпайтын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттарын және өзге құжаттарын ұсынуын талап етуге;

3) өтініш берушіге көрсетілетін қызметке қосылған кезде қол жеткізудің техникалық шарттарын сақтаудан басқа өзге талаптар қоюға;

4) көрсетілетін қызметтерге тең емес қол жеткізу шарттарын жасауға;

5) көрсетілетін қызметке қол жеткізудің техникалық шарттарына сәйкес жұмыс жасайтын нарық субъектілерінің қызметін шектеуге;

6) техникалық шарттарға сәйкес жұмыстар жобасын келісуді талап етуге тыйым салынады.

5-9. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталуы туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексереді. Орындалған жұмыстардың техникалық шарттарға сәйкес келуі кезінде табиғи монополиялар субъектісінің қызметіне қосылу бір жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылады.»;

5-11, 5-12 және 5-13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5-11. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін табиғи монополиялар субъектісінің техникалық шарттарды беруге арналған өтінімі сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі, ол жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректер қалыптастырады.

5-12. Табиғи монополия субъектілері сәулет және қала құрылыс органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттарды беруді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес электрондық үлгіде:

1) техникалық күрделі емес объектілер үшін – екі жұмыс күннің ішінде;

2) техникалық күрделі объектілер үшін – бес жұмыс күннің ішінде жүзеге асырады.

5-13. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі.»;

10-1-тармақ алып тасталсын;

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:

1) жеке тұлға үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастауы туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлға үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

2) жылжымайтын мүлік объектісіне арналған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жердегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық ресімделген көшірмесі не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалдық ресімделген келісімі (құрылысы аяқталған объектінің көрсетілетін қызметтеріне қосылған жағдайда);

3) жер учаскесіне арналған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

4) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) арналған техникалық паспорттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үй ішіндегі) желілерді реконструкциялауға арналған газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

5) пайдаланылатын ұйымдарға сәйкес келісілген 1:500 масштабтағы құрылыс учаскесінің топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникациялармен және құрылыстармен);

6) техникалық сипаттамаларды көрсете отырып газ тұтыну жабдықтарына арналған техникалық паспорттың көшірмесі;

7) объектінің орналасу схемасы;

8) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ пісіруге, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға табиғи газды пайдаланудың гидравликалық есептері.

Тұтынушы газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке осы тармақтың 1) – 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсынады.»;

86, 89, 94 және 96-тармақтар алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                        Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

______________Ө. Шөкеев

«____» ____________ 2018 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

___________________ Д. Абаев

 «___» ___________ 2018 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

________________ Ж. Қасымбек

«____» __________ 2018 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

____________ Қ. Бозымбаев

«____» ___________ 2018 жыл