• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval assessment criteria of risk and checklist in state statistics

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12921 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес;

2) мемлекеттік статистика саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Е. Досаев

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу комитетінің төрағасы

С. Айтпаева _______________

2015 жылғы 28 желтоқсан

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 795 бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау

өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) мемлекеттік статистика саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан РеспубликасыныңКәсіпкерлік Кодексіне, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) «Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін, міндетті нысандағы ведомстволық есептілік және тексеру парағын қалыптастыру әдістемесіне сәйкес әзірленген.

2. Осы Өлшемшарттарда Заңда айқындалған мағынадағы ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу кезіндегі ескертулер - Заңның 12-бабының5) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама (бұдан әрі - Әдіснама) талаптарының сақталмауына қатысты ескертулер;

2) елеулі бұзушылықтар - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) белгілеген тәртіпте және мерзімде әкімшілік деректердің өтеусіз негізде ұсынылмауымен;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомство әзірлеген ұлттық жіктеуіштердің қолданылмауымен;

әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің деректерімен, соның ішінде электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ЭӘШБЕА БҚ) деректер қорының ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорының (бұдан әрі - АШЖ ДҚ) (5-тен 15%-ға дейінгі), ЭӘШБЕА БҚ-ның тұрғын - үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрі - ТҚСТ) (5-тен 15%-ға дейінгі) деректерімен сәйкессіздігімен байланысты бұзушылықтар;

3) елеусіз бұзушылықтар - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7658 болып тіркелген) Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) талаптарының сақталмауымен;

әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын өзекті емес (жаңартылмаған) әкімшілік деректердің болуымен;

әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, соның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (5%-дан төмен), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (5%-дан төмен) деректерімен сәйкессіздігімен байланысты бұзушылықтар;

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың иесі туралы деректерді ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

5) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық - бұл субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзушылығына әкеп соқтырған іс-қимыл әрекеті немесе әрекетсіздігі;

6) мемлекеттік статистика саласындағы тәуекел - ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде дәйексіз деректерді пайдалану нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы;

7) мемлекеттік статистика саласындағы тексерілетін субъектілер (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) - әкімшілік дереккөздер, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру барысында есепке алу деректерін жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады;

8) өрескел бұзушылықтар - әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысан бойынша әкімшілік деректерді (бұдан әрі - әкімшілік нысан есебі) жинаумен, соның ішінде алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша;

көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемесін қолданумен, соның ішінде алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша;

дәйексіз әкімшілік деректерді ұсынумен;

әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, соның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (15%-дан жоғары), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (15%-дан жоғары) деректерімен сәйкессіздігімен;

алдыңғы тексерулердің негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің белгіленген талаптарының сақталмауымен (5 және одан артық ескерту бар болса) байланысты бұзушылықтар;

9) тәуекелдерді бағалау жүйесі - тексерулерді белгілеу мақсатында мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жүргізетін іс-шаралар кешені;

10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметінің нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

11) тексеру парағы - орындалмауы адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

12) уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы;

13) электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету - кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуді, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде жиынтық біріктірілген деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік статистика саласындағы іріктеп тексеруге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2. Субъективті өлшемшарттар

4. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

1) тексерілетін субъектілер бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, деректер қорын қалыптастыру;

2) Іріктеп тексерулер тізіміне жататын субъектілерді айқындау мақсатында деректер қорынан алынған ақпаратты талдау.

5. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:

1) ресми дереккөздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған деректерді мониторингілеу, талдау және салғастыру түріндегі бақылау нысандарының нәтижелері;

2) алдыңғы тексеру нәтижелері. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді.

Шаруашылық бойынша есепке алу деректерін нақтылау кезінде ақпараттарды салғастыру осы өлшемшарттардың10-тармағына сәйкес жүргізіледі.

6. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесі айқындалады.

Талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұдан бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

7. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеусіз.

8. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тексерілетін субъектіге тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші беріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.

Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесі көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

формула1

мұндағы:

формула2

Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

формула3

мұндағы:

формула4

Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші () 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

формула5

мұндағы:

формула6

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:

1) жоғары тәуекел дәрежесіне - 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі;

2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

Іріктеп тексеру жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен аспауы тиіс.

9. Іріктеп тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жүргізілген талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша жарты жылға қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Іріктеп тексерулер тізімдері тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

Комитет Іріктеп тексерулердің бекітілген тізімдерін құқықтық статистика бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық статистика органдарына жібереді.

10. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу жөніндегі іріктеп тексерулердің тізімдерін ведомство тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттар негізінде айқындалатын ЭӘШБЕА БҚ-ның және АЖБ ДБ және ТҚСТ деректерімен салғастырымдылығын мониторингілеу нәтижелері бойынша қалыптастырады. Салғастырымдылық келесі көрсеткіштер бойынша есепті кезең басталуының тиісті күніндегі жағдай бойынша жылына екі рет жүргізіледі:

мал басының саны бойынша (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа);

ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлер саны бойынша;

ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлердің жалпы алаңының мөлшері бойынша;

алдыңғы тексерулер негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталмауы.

11. Іріктеп тексерулердің тізімдері:

1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең көп көрсеткіштері бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылығы;

2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымды адамдарына түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

Мемлекеттік статистика

саласындағы тәуекелдер

дәрежесін бағалау

өлшемшарттарына қосымша

Субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Ресми дереккөздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарынан алынған деректерді мониторингілеу, талдау және салыстыру,түріндегі бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері

 

1

Келісілмеген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау

өрескел

2

Көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемесін қолдану

өрескел

3

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомство әзірлеген ұлттық жіктеуіштерді қолданбау

елеулі

4

Дәйексіз әкімшілік деректердің ұсынылуы

өрескел

5

Ведомство бекіткен тәртіпте және мерзімде әкімшілік деректердің өтеусіз негізде ұсынылмауы

елеулі

6

Әкімшілік есепке алу нысанына титульдық беттің мазмұнын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық талаптарының сақталмауы

елеусіз

7

Әкімшілік есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсініктемені қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық талаптарының сақталмауы

елеусіз

8

Әкімшілік есепке алу нысаны қолданысын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық талаптарының сақталмауы

елеусіз

9

Әкімшілік деректердің басқа ресми дереккөздердің деректерімен сәйкессіздігі

елеулі

10

Әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзекті болмауы (жаңартылмауы)

елеусіз

11

ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 15%-дан жоғары

өрескел

12

ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5-тен 15% дейінгі

елеулі

13

ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан төмен

елеусіз

14

ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 15%-дан жоғары

өрескел

15

ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы ауданы шаршы метрмен) 5-тен 15% дейінгі

елеулі

16

ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 5%-дан төмен

елеусіз

Алдыңғы тексерулер нәтижелері

(бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

 

17

Әкімшілік есепке алу нысандарын Комитетпен келісу бойынша талаптардың сақталуы

өрескел

18

Көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін Комитетпен келісу бойынша талаптардың сақталуы

өрескел

19

Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

20

Әкімшілік деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы

өрескел

21

Ведомство бекіткен тәртіпте және мерзімде әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

22

Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, әкімшілік есепке алу нысанындағы титульдық бет мазмұнының болуы

елеусіз

23

Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, әкімшілік есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсініктеменің бар болуы

елеусіз

24

Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, әкімшілік есепке алудың қолданымдылығы

елеусіз

25

Алдыңғы тексерулер негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы 5 және одан артық ескертулер орын алды

өрескел

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 795 бұйрығына

2-қосымша

Тексеру парағы

____________________________________________________________саласында

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139 баптарына

сәйкес) ____________________________________________________ қатысты

(тексерілетін субъектілердің (объектілердің))біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

_____________________________________________________________________

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган акт ________________________

_____________________________________________________________________

(№, күні)

Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________

_____________________________________________________________________

Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________

_____________________________________________________________________

Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Әкімшілік есепке алу нысандарын Комитетпен келісу бойынша талаптардың сақталуы

 

 

 

 

2

Көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін Комитетпен келісу бойынша талаптардың сақталуы

 

 

 

 

3

Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы

 

 

 

 

4

Әкімшілік деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы

 

 

 

 

5

Ведомство бекіткен тәртіпте және мерзімде әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну бойынша талаптардың сақталуы

 

 

 

 

6

Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, әкімшілік есепке алу нысанындағы титульдық бет мазмұнының болуы

 

 

 

 

7

Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, әкімшілік есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсініктеменің бар болуы

 

 

 

 

8

Әкімшілік есепке алу нысандарын келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, әкімшілік есепке алудың қолданымдылығы

 

 

 

 

9

Алдыңғы тексерулер негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарын сақтау, соның ішінде ЭӘШБЕА БҚ-ның мал саны деректерінің үй шаруашылықтарында оның нақты болуымен айырмашылықтардың жоқ болуы (жылқылар, ірі қара мал, ұсақ мүйізді мал, түйелер, шошқалар) және ЭӘШБЕА БҚ және ТҚСТ деректерінде айырмашылықтардың жоқ болуы (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен)

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________

(лауазымы) (қолы)

______________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Тексерілетін субъектінің басшысы_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

_____________

(қолы)