• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval Comprehensive measures plan to improve marker raiting "Doing Business" of the World Bank for 2018

1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2018 жылға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):

1)  Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жыл сайын 5 сәуірге және 5 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 15 сәуірге және 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

Премьер-Министр                                                              Б. Сағынтаев