• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval Methodology to identify monopoly high (low) price

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 486 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14552 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) «Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 302 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10719 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрінің

2018 жылғы 4 мамырдағы

№ 173 бұйрығымен

бекітілген

Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі

әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Әдістеме 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның ведомствосы мен уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) белгілейтін монополиялық жоғары (монополиялық төмен) бағаны анықтау кезінде қолданады.

2. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының Кодексі мен заңдарында айқындалатын ұғымдар, сондай-ақ мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

1) салыстырмалы тауар нарығы – тауарды сатып алу немесе сату мақсаттары негізге алына отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру шарттары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы;

2) тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;

3) уәкілетті орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) уәкілетті органның ведомствосы – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі.

3. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:

1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе;

2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы деп түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауардың бағасы монополиялық жоғары болып танылмайды.

4. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:

1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе;

2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.

Егер тауар бағасы осы тармақта көрсетілген өлшемшарттардың ең кемінде біріне сәйкес келмесе монополиялық төмен болып танылмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауардың бағасы монополиялық төмен болып танылмайды.

2-тарау. Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау

5. Нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі тергеп-тексеруді жүргізгенге дейін Кодекстің 90-6-бабының 11) тармақшасына сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.

6. Монополияға қарсы органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарға монополиялық жоғары бағаны белгілеуінен көрінетін, Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:

1) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардың бағасын Субъектінің тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан асатын етіп белгілеуіне;

2) тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының өсу қарқынының артуына;

3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының көтерілуіне;

4) өндіру немесе беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру көлемін негізсіз қысқартуға немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтатуға талдау жүргізеді.

7. Монополияға қарсы органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарға монополиялық төмен бағаны белгілеуінен көрінетін Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:

1) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардың бағасын Субъектінің тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан төмен етіп белгілеуіне;

2) тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының төмендеу қарқынының артуына талдау жүргізеді.

8. Нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарға монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеуінен көрінетін Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылықтардың белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы органның ведомствосы және (немесе) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде Субъектінің монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу жөніндегі әрекеттерін растайтын фактілердің болуы анықталады.

9. Монополиялық жоғары бағаны анықтау үшін монополияға қарсы органның ведомствосы тиісті тауар нарығындағы тауардың бәсекелес бағасын айқындайды.

Тауардың бәсекелес бағасы Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бәсекелестік жағдайдағы осы және салыстырмалы тауар нарығына арналған тауардың ең жоғары бағасы болып табылады. Бұл ретте, дербес жасаған әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы шартына сәйкес келетін нарық субъектілері ескеріледі.

Бәсекелестік бағаны айқындау кезінде тауардың сапалық параметрлері ескеріледі.

Нақ сол тауар нарығындағы бәсекелестік бағаны белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.

Салыстырмалы тауар нарығын анықтау Кодекстің 175-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады. Тергеп-тексеру объектісі тауарының бағасына Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайында қалыптасқан тауардың бағасымен салыстыру жүргізу монополияға қарсы орган басшысының немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

Салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және негізделген баға айқындалады.

Егер Субъект белгілеген баға бәсекелестік бағадан асып түсетін болса немесе бәсекелестік бағаны анықтау мүмкін болмаса, монополияға қарсы органның ведомствосы осындай тауарды өндіру мен өткізу қажеттілігін, шығыстар мен пайданы бағалау мақсатында Субъектінің шығыстары мен пайдасына талдау жүргізеді.

10. Монополиялық төмен бағаны анықтау үшін монополияға қарсы органның ведомствосы тиісті тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілейтін тауар бағасының деңгейін талдайды. Бағаларды талдау кезінде тауардың сапалық параметрлері ескеріледі.

Субъект белгілеген баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілеген бағадан жоғары болған жағдайда, онда Субъектінің бағасы монополиялық төмен болып табылмайды.

Егер Субъект белгілеген баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін, нарық субъектілері белгілейтін бағадан төмен болса, монополияға қарсы орган ведомствосы Субъектінің осындай тауарды өндіру және өткізудің нақты шығыстарына талдау жүргізеді және Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауарға Субъектінің төмен баға белгілеуінің мән-жайын анықтайды.

11. Монополиялық жоғары бағаны анықтау кезінде шешім қабылдау үшін монополияға қарсы органның ведомствосы мыналарға:

1) субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін;

2) тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпінін, сондай-ақ тауар бағасының серпінін (оның ішінде өндірістік және толық өзіндік өсу (төмендеу) қарқынын бағаның өсуі (төмендеуі) қарқынымен салыстыру);

3) өндірістік қуаттарды есепке ала отырып тауарды өндіру (өткізу) көлемінің серпінін;

4) нәтижесінде тауар бағасы тікелей немесе жанама қалыптастырылатын шарттарды;

5) бағалардың әртүрлі түрлерінің серпінін (мысалы, орташа өлшенген, тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін);

6) кезең және өндірістік өзіндік құнның шығыстарын, оның ішінде әкімшілік персоналдың жалақысының өсуі (төмендеуі) қарқынын өндірістік персоналдың жалақысының өсуі (төмендеуі) қарқынымен салыстыруды;

7) субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардан субъект алған пайданы;

8) субъектінің инвестициялық бағдарламасына;

9) кредиторлар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерін талдауды қолданады;

Монополиялық төмен бағаны анықтау кезінде шешім қабылдау үшін монополияға қарсы органның ведомствосы осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларын талдауды қолданады.

12. Монополиялық жоғары бағаны анықтау кезінде тауар өндірумен (өткізумен) байланысты қажетті шығындар мен пайда мыналар ескеріле отырып айқындалады:

1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларды және материалдық ресурстардың физикалық көлемін негізге ала отырып, тауардың бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларынан және жылдық нормаларынан шыға келе айқындалады;

2) еңбек жағдайлары үшін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар;

3) субъектінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын амортизациялық аударымдар;

4) қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар;

5) Субъектінің тауар өндіруіне (өткізуіне) тікелей қатысты басқа да шығыстар;

6) кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін пайда деңгейі.

Субъектінің тауардың бір бірлігіне қажетті шығындары мен пайдасын бағалау кезінде қажет болған кезде тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы басқа нарық субъектілерінің ұқсас шығындары мен пайдасын салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.

Монополиялық төмен бағаны анықтау кезінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларын ескере отырып, тауарды өндірумен (өткізумен) байланысты нақты шығыстар айқындалады.

13. Пайда тауарды өндіруден (өткізуден) алынған табыс және тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті негізделген шығыстар мен нақты төленген салықтар арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Субъектінің дамуы үшін талап етілетін қажетті пайданың шамасы өндірілетін (өткізілетін) тауардың өзгешелігін, тауар нарығының ерекшелігін және Субъектінің жұмыс істеу шарттарын көрсетеді, сондай-ақ:

жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестицияларды;

тәуекел деңгейін (өндірудің немесе тұтынудың маусымдық сипаты, климаттық факторларға жоғары тәуелділік);

Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарттарда, Бас, салалық және өңірлік келісімдерде көзделген міндеттемелерді;

жекешелендіру және концессия шарттарында, лицензиялық келісімдерде, инвестициялық шарттарда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, оның ішінде әлеуметтік жауапкершілік бойынша өзге де келісімдерде көзделген міндеттемелерді;

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларынан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де төлемдерді ескереді.

14. Монополиялық жоғары бағаны анықтау кезінде қосымша негіздеме қажет болған кезде Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының, өзіндік құнының (шығындардың жекелеген баптары) және рентабельділік деңгейінің өсу қарқыны басқа нарық субъектілерімен салыстырылады.

Айталық, егер осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының, өзіндік құнының, пайдасы мен рентабельділіктің өсу қарқыны басқа нарық субъектілерінің осы көрсеткіштерінің өсу қарқынынан айтарлықтай асатын болса, бұл монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды ықтимал теріс пайдалану қосымша растайды.

15. Субъектінің өндірілетін (өткізілетін) тауарға төмен бағаны белгілеуінің мән-жайын талдау кезінде монополиялық төмен бағаны белгілеуден көрінетін, Субъектінің іс-әрекеттері үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану деп танылмайтын мынадай мән-жайлар ескеріледі:

1) тез бұзылатын тауарларды өткізу;

2) тауарды сақтау мүмкіндігінің болмауы;

3) тауар өндірудің (өткізудің) маусымдылығы;

4) ақауы немесе бүлінуі салдарынан тауар бағасын арзандату;

5) бәсекелестікті шектеуге әкеп соқпайтын жарнамалық немесе қайырымдылық акцияларын өткізу;

6) Субъектінің осы тауарды өндіруді (өткізуді) тоқтатуына байланысты жаппай сатуды жүргізу;

7) сыртқы факторлардан туындаған нарықта бағаның жалпы төмендеуі.

16. Уәкілетті орган ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:

1) бұл ретте мынадай шарттар орындалса:

тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе оларды өзгерту тауардың бағасын өзгертуге сәйкес келмесе;

тауарды сатушылар немесе сатып алушылардың құрамы өзгеріссіз қалса немесе тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі елеусіз болып табылса;

салық салуды, кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, тауар нарығындағы, оның ішінде мемлекеттік реттеу шараларымен негізделген тауар айналымының жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе оларды өзгерту тауардың бағасының өзгертуімен сәйкес келмесе, тауардың бұрын белгіленген бағасын өсіру;

2) егер бұл ретте мынадай шарттар орындалса:

тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар айтарлықтай төмендесе;

тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауар бағасын азаю жағына өзгерту мүмкіндігіне негізделсе;

салық салуды, кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, тауар нарығындағы, оның ішінде мемлекеттік реттеу шараларымен негізделген тауар айналымының жағдайлары тауар бағасын азаю жағына өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, тауардың бұрын белгіленген бағасын ұстап тұру немесе төмендетпеу арқылы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілейтін бағаны тауардың монополиялық жоғары бағасы деп таниды.

17. Уәкілетті орган ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:

1) бұл ретте мынадай шарттар орындалса:

тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе оларды өзгерту тауардың бағасын өзгертуге сәйкес келмесе;

тауарды сатушылар немесе сатып алушылардың құрамы өзгеріссіз қалса немесе тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі елеусіз болып табылса;

салық салуды, кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, тауар нарығындағы, оның ішінде мемлекеттік реттеу шараларымен негізделген тауар айналымының жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе оларды өзгерту тауардың бағасының өзгертуімен сәйкес келмесе, тауардың бұрын белгіленген бағасын төмендету;

2) егер бұл ретте мынадай шарттар орындалса:

тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар айтарлықтай өссе;

тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауар бағасын ұлғаю жағына өзгерту мүмкіндігіне негізделсе;

салық салуды, кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, тауар нарығындағы, оның ішінде мемлекеттік реттеу шараларымен негізделген тауар айналымының жағдайлары тауар бағасын ұлғаю жағына өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, тауардың бұрын белгіленген бағасын ұстап тұру немесе төмендетпеу арқылы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілейтін бағаны тауардың монополиялық төмен бағасы деп таниды.

18. Егер қаралатын тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінде талданатын тауарлар бөлінісінде шығындар баптары мен пайданың есебі болмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін, бәсекелестік жағдайда қалыптасқан ең жоғары (ең төмен) бағаны негізделген баға ретінде таниды.

19. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Кодекстің 221-бабына сәйкес қорытынды әзірлейді.

20. Монополиялық жоғары (төмен) баға белгіленген жағдайда, монополияға қарсы органның ведомствосы Кодекстің 225-бабына сәйкес монополиялық кірісті айқындайды.